ТРЕНИНГТЕР ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР 1-қосымша. Айдағы апат--------------------------------------------------------------195
2-қосымша. Айдағы жол апаты: сараптамалық бағалар ---------------------- 196
3-қосымша. Шөл даладағы апат ------------------------------------------------ ----198
4-қосымша. Шөл даладағы жол апаты: сараптамалық бағалар -------------- 200
5-қосымша. ------------------------------------------------------------------------------ 202
6-қосымша. Сұхбат жүргізу техникалары ---------------------------------------- 203
7-қосымша. Белсенді тыңдау -------------------------------------------------------- 205
8-қосымша. Вербализацияларға арналған мәтін ------------------------------- 207
9-қосымша. Өз көзқарасын, ұстанымын, шешімін дәлелдеуді жүргізу бойынша ұсынымдар ----------------------------------------------------------------- 210
10-қосымша. Қақтығыстың пайда болуына және дамуына ықпал ететін факторлар -------------------------------------------------------------------------------- 212
11-қосымша. Байланыс орнату тәсілдері ------------------------------------------ 214
12-қосымша. Слалом ----------------------------------------------------------------- 215
13-қосымша. «Ми шабуылы» әдісі ------------------------------------------------- 216
14-қосымша. Манипуляциялар ------------------------------------------------------ 219
15-қосымша. Сендірудің негізгі психологиялық әдіс-тәсілдері ------------- 221
16-қосымша. Тренингтің жұмыс бағдарламаларының үлгілері ------------- 222
КІРІСПЕ
Авторға бұл кітаптың жарық көруіне ықпал еткен жағдай, көптеген жаңадан тренинг жүргізіп жүрген тренерлердің ұсыныстары болып отыр.
Оқырман қолындағы бұл кітап болашақ тренерлердің жұмысын арттыруға, қандай да бір олқылықтарға тап болмауға, шешім қабылдау мен тренингтегі қолданатын техникаларды дұрыс меңгеруге көмектеседі. Жалпы бұл әдістемелік құрал студентті, ЖОО-ң оқытушыларын, мұғалімдерді, әлеуметтік саладағы қызметкерлерді де қызықтыратыны сөзсіз.
Қазіргі заманда топта әрекет ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Кітапта- жаңадан тренинг жүргізіп жүрген тренерлерге арналған әлеуметтік-психологиялық тренингтердің стандартқа сай бағдарламалары, негізгі жүргізу кезеңдері мен процедуралары, ең үздік сергіту жаттығулары мен рөлдік ойындар және тренинг жүргізуде тренерді мазалайтын негізгі сұрақтарға жауаптар беріледі. Сондай-ақ В.Г..Пузиков бұл еңбегінде өзінің тренинг жүргізудегі тәжірибесімен сіздермен бөліседі. Әдетте тренинг жүргізу оңай да қызық болып көрінгенімен, тренингті жүргізу үшін тренердің үлкен дайындығы мен білімділігін, күшін талап ететіндігін ескергеніміз жөн.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесі жаңашылдықты, тәжірибелікті және де оқыту әдістерінің әртүрлілігін талап ететіні баршамызға мәлім. Жалпы білім беретін мектептер практикасында лекция-семинар сабақтары, шығармашылық шеберлік, дискуссиялық клуб сияқты жұмыстардың жаңа формалары белсенді түрде енуде.
Мен өзімнің тәжірибемде тренинг мәселесімен айналысуды алғашқы еңбек жылдарымнан бастағанмен-ақ, психологиялық тренинг жүргізудің үлкен дайындықты, күш-қуатты, жоғары компетенттіліктті талап ететіндігін түсіндім. Сондықтан қазіргі кезде қазақ аудиториясында тренинг жүргізушілердің тапшы екенін ескере отырып осы кітапты аударып шығуды жөн көрдім.