2. Дәлелдемені әңгімелесушіге қатысты сыпайы жүргізу:
а) әңгімелесушінің дұрыстығын ашық мойындау, содан соң өз дәлелдемелеріңді келтіру;
б) әңгімелесуші үйренген дәлелдемелерді ғана пайдалануды жалғастыру;
в) алдымен әңгімелесушінің дәлелдемелеріне жауап беру, содан соң өз дәлелдемелеріңді келтіру;
г) сыпайылық сақтау.
3. Әңгімелесушінің тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу:
а) дәлелдемені әңгімелесушінің мақсаттары мен түрткілеріне бағыттау;
б) фактілерді жай ғана атап көрсетпей, қандай да бір оқиғаның артықшылықтарын мазмұндау;
в) әңгімелесушіге түсінікті терминологияны қолдану;
г) дәлелдеме қарқынын әңгімелесуші темпераментінің ерекшеліктерімен өлшемдестіру.
4. Өз дәлелдеріңді, идеяларың мен пайымдауларыңды барынша көрнекі түрде мазмұндауға тырысу:
а) сызбаларды салу үшін қалам мен қағазды пайдалану, әңгіме барысын конспектілеу;
б) салыстыруды пайдалану, бірақ тым асырып айтпау, себебі, ол сенімсіздік тудырады.
5. «Қадалып» сендіре сөйлеу әңгімелесуші тарапынан тойтарысқа ұшырайтындығын, ал 1-2 анық дәлелдің көбірек әсер тигізетінін ұмытпау.
6. Дәлелдеме келтірудің арнайы тәсілдерін пайдалану:
а) басқа жаққа ауыстыру әдісі – әңгімелесушіні біртіндеп онымен бірге проблемаларды шешуді кезең бойынша бақылап отыру арқылы қарама-қарсы қорытындыларға алып келу;
б) «салями» әдісі – әңгімелесушіні біртіндеп алдымен басты мәселеде, содан соң толық келісу үшін қажет жекеліктерде оның келісімін алу жолымен сізбен толық келісуге алып келу;
в) ыдырату әдісі – әріптестің дәлелдемелерін дұрыс, күмәнды және қате дәлелдемелер деп бөле отырып, кейіннен оның жалпы ұстанымының қанағаттанғысыздығын дәлелдеу;
г) оң жауаптар әдісі – әңгімелесуді әріптесіңіз сіздің бірінші сұрақтарыңызға: «Иә... иә... иә...», - деп жауап беріп, содан кейін пікірталас үшін әлдеқайда маңызды мәселелер бойынша да сізбен келісуін жалғастыратындай етіп құру;
д) классикалық риторика әдісі – әріптестің сөздерімен келісе отырып, кейіннен бір мықты дәлелдеменің көмегімен оның барлық ойларын кенеттен жоққа шығару (әріптес тым ашушаң болған жағдайда қолданылады);
е) қарқынды баяулату әдісі – әріптестің дәлелдемесіндегі әлсіз жерлерін әдейі баяулатып айту;
ж) екі жақты дәлелдеме әдісі – сіз ұсынып отырған шешімнің артықшылықтарын да, әлсіз жақтарын да көрсету (бұл әдіс парасатты әңгімелесушіге арналған).
7. Дәлелдемелердің жүргізілген талқылауы бойынша жинақтап қорытулар мен қорытындыларды уақтылы жасау.