Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет77/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

13-қосымша.
«МИ ШАБУЫЛЫ» ӘДІСІ


«Ми шабуылы» әдісі – жаңа идеяларды өндірудің тиімді тәсілдерінің бірі. Оның мәнісі – проблемаларды шешудің дәстүрлі емес түрлерін ұжым болып іздеуде. Оның қолданылу аясы айтарлықтай кең – ғылыми-техникалық және экономикалық проблемалардан әлеуметтік және психологиялық проблемаларға дейін. Ми шабуылы екі кезеңмен жүргізіледі: 1) идеялардың генерациясы; 2) бағалау және ең жақсы идеяларды іріктеу.
Идеялардың генерациясы кезеңінде топ бірнеше шағын топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысында идеяларды жазып алу үшін хатшы таңдалады. Идеяларды ұсыну төменде келтірілген ережелер бойынша жүзеге асырылады.
Екінші кезеңде бағалау мен ең жақсы идеяларды іріктеуді де сол шағын топтар жүргізеді, бірақ идеяларды өзара бір-біріне жеткізіп отырады. Талқылау пікірталас жүргізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.
1. Сессия уақытында бастықтар да, қоластындағы қызметкерлер де, жаңалар да, ардагерлер де жоқ – жүргізуші мен қатысушылар бар; ешкім де ерекше роль мен артықшылықтарға үміттене алмайды; тіпті тамаша идеялардың авторы болуы да артықшылық бермейді.
2. Сессия қатысушысы өз білімдері мен біліктілігін көрсетуге емес, ұсынылған проблеманы шешуге ұмтылуы тиіс.
3. «Ми шабуылы» ойдың толық еркіндігі мен қиял еркіндігін талап етеді; идея неғұрлым тосын болса, табысқа үміттенуге негіздемелер де соғұрлым көбірек.
4. Ұсынылған идея неше жерден қиялға негізделген және ақылға қонымсыз болса да, оны құптаушылықпен қарсы алу қажет.
5. Өзара сыни ескертулер мен аралық бағалауларға үзілді-кесілді тыйым салынады – олар жаңа идеяларды тұжырымдауға кедергі жасайды;
6. Өзара сыбырласу, бір-біріне жалтақтап қарау, сессияның басқа қатысушылары дұрыс түсінбеуі мүмкін дене қимылдары болмауы тиіс.
7. «Ми шабуылында» шаблондық ойлау болмауы тиіс: таптаурындардың, стандарттардың, дәстүрлердің тұтқынынан толық босап шығу – шығармашылық ізденістің табысты болуының аса маңызды шарты.
8. Егер ізденісті сәтсіздікке ұшыратқыңыз келмесе, талқыланып отырған проблема тек белгілі тәсілмен ғана шешілуі мүмкін деген ойдан аулақ болыңыз.
9. Берілген проблеманың мүлде шешімі жоқ деген пікірге жол бермеңіз. Теориялық тұрғыдан шешілмейтін проблемалар болмайды.
10. Басынан бастап берілген проблеманың оң шешімі сіз үшін аса үлкен мәнге ие екендігіне өзіңізді сендіруге тырысыңыз.
11. Ұсыныс неғұрлым көбірек болса, жаңа және құнды идеяның пайда болу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады.
12. Сессия барысында «ми шабуылының» қатысушылары ұсынған идеяларды толықтыру, жетілдіру және дамыту қошталады.
13. Әріптестердің идеяларын нақтылау мен дамыту үшін оларға сұрақтар қоюға рұқсат етіледі; сұрақта идеяның немесе оған деген сіздің қатынасыңыздың бағалануы болмауы тиіс.
14. Мұқият, бірақ қысқаша түрде өз ойларыңызды тұжырымдаңыз; егер сізді түсінбесе, қапаланбаңыз, өз идеяңызды мазмұндауға тағы да әрекеттеніп көріңіз.
15. Әріптестеріңіздің тарапынан сіздің ұсынысыңызды қолдауын немесе сөгуін күтпеңіз; одан да оны қалай жетілдіруге болатындығын ойланыңыз.
16. «Ми шабуылының» жетекшісіне қолдау іздеп жүгінбеңіз – сессияның аяғына дейін ол көпшілік алдында баға беруге құқылы емес.
17. Егер проблема тұтас алғанда шешуге келмейтін болса, оны құрамдас элементтерге ыдыратып көріңіз және әрқайсысын жеке-жеке ойластырып көріңіз.
18. Тәсілдерді, шешімдерді, есептеулерді, бағалауларды құрастыру тәсілін пайдаланыңыз; «бөгде» болып көрінетін бөліктерден қандай да бір жүйені құрастыруға әрекеттеніп көріңіз.
19. Шешу үшін ұсынылған проблеманы ұғына отырып, бәрін керісінше – берілген тапсырмаға кері тапсырманы қойып, әрекеттердің, амалдардың, бөлшектердің орналасуының бірізділігін өзгертіп және т.б. жасауға әрекеттеніп көріңіз.
20. Берілген проблеманы шешу үшін басқа жағдайларда қолданылғанда, оң нәтижелер беретін, өзіңізге белгілі тәсілдер мен амалдарды қолданып көріңіз.
21. Қойылған міндеттің шешімі міндетті түрде тек осы салада ғана табылуы тиіс емес: қызметтің басқа салаларындағы, мысалы, спорттағы, медицинадағы және т.б. ұқсас проблемалардың қызықты және тосын шешімдерін еске түсіруге тырысып көріңіз.
22. Қойылған проблемадағы параметрлерді өз бетіңізбен ауыстыруға – құнын, мерзімдерін, көлемдерін, арақашықтығын және т.б. кемітуге немесе арттыруға қысылмаңыз. Егер шешім идеясы табылса, оны өндірісте белгіленген шектер деңгейіне дейін жеткізуге болады.
23. «Ми шабуылы» барысында ықтимал салдарға азырақ көңіл бөліңіз, сіздің ұсынысыңыздың сіз жұмыс істейтін кәсіпорын мен ұжым үшін қаншалықты маңызды бола алатындығы туралы көбірек ойлаңыз.
24. Есте сақтаңыз: оптимизм мен сенімділік адамның ақыл-ой және психологиялық күш-қуатын он есе арттырады.
25. Сессияның басталуына бес минут қалғанда өзіңізге мына сұрақтарға жауап беріңіз:

    • берілген проблема көңіл аударуға тұрарлық па?

    • оның шешімі не береді?

    • бұл кімге және не үшін керек?

    • егер ештеңені өзгертпесе, не болады?

    • егер мен бірде-бір идея ұсынбасам, не болады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет