Психологиялық тренинг технологиясына кіріспе оқу-әдістемелік құрал Алматы 2011



бет76/82
Дата15.02.2023
өлшемі303,94 Kb.
#68025
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82
Байланысты:
психологиялық тренингтер

11-қосымша.
БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ТӘСІЛДЕРІ

1. Амандасу:


а) күлімсіреу;
б) аты мен әкесінің атын қосып айту;
в) қол алысу немесе жеңіл-желпі иіліп сәлем беру.

2. Көз түйістіру.


3. Әлеуметтік және дене арақашықтығын өзгерту:
а) әңгімелесушімен амандаса отырып, орныңнан тұрған, үстелдің артынан шығып, оны қарсы алған және әңгімелесетін орынға дейін ертіп апарған дұрыс;
б) сіз бен әңгімелесушінің арасында кедергі (мысалы, жазу үстелі) болмайтындай етіп отырған дұрыс;
в) бір-біріңе қарама-қарсы емес, ал 90 градустық бұрыш жасап отырған мақсатқа сай болады.

4. Әңгімелесушіге өзіңіздің онымен кездесуге дайындалғаныңызды – қағаздарды іріктеп, әңгімелесу үшін креслоларды дайындағаныңызды және т.б. білдіру ұсынылады.


5. Мекеменің дәлізінде, темекі шегу кезінде, буфетте, түскі үзілісте іскерлік тақырыпқа әңгіме бастаудың қажеті жоқ.
12-қосымша.
СЛАЛОМ*

1. Практикант-студент: «Мені сіздерге цехқа жіберді, ал барлығы бір-біріне сілтейді. Кімге барарымды да білмеймін. Мүмкін, менің мұнда мүлде керегім жоқ шығар?».


2. Жоспарлаушы (әйел адам): «Иван Васильевич! Бір жерге ғана қол қою! Білемін, сіз асығып тұрсыз. Жоқ, бұл жерге емес! Қазір... Жоқ, жоқ... Қазір...» (басшы шыдап, күтіп тұрғанда, қағаздарын ақтарыстырады).
3. Жас шебер: «Иван Васильевич! Дәнекерлейтін ешкім жоқ, ал дәнекерлеуші ішіп алған. Жұмыс істеуіне рұқсат берейін бе?».
4. Қамбашы: «Иван Васильевич! Машина келді, шофер ұрысып жатыр – жүкті түсіретін ешкім жоқ. Егер қазір түсірмесе, жүгімен бірге кетіп қалатынын айтады. Не істейміз?».
5. Жұмысшы: «Василич! Үш күнге өз есебімнен қол қойып берші! Сондай жағдай болып тұр, тұтас бір оқиға, қазір шұғыл түрде ауылға анама кетуім керек!».
6. Әкімшілік қызметкері: «Кешіріңіз, цех бастығы сіз бе? Қайырлы күн! Кетер алдында сізді орныңыздан тапқаным қандай жақсы болды, ақпаратты бірінші қолдан алатын болдым...».
7. Бригадир: «Не істесеңіз, оны істеңіз, Иван Васильевич, мен бұлай енді жүре алмаймын! Бізді қашанғы уәдемен тойдырады?! Біз бұдан не табамыз? Неге бәрі біздің бригадамыздың арқасында шығулары тиіс?! Ең жақсы дегенде, күніне үштен жабудың сәті түседі. Мен жігіттерге не айтамын?».
8. Журналист: «Кешіріңіз, Федор Кузнецовты қалай табу керектігін айтып жібермейсіз бе? Маған ол осы цехта жұмыс істейді деді. Бірақ мен оның мамандығын ұмытып қалдым...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет