Психологияны оқыту әдістемесінде пайдаланылатын инновациялық әдіс тәсілдердің ерекшеліктері
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңде әлеуметтік,мәдени ортадағы білім беру әрекетінің нәтижесі.
Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.
Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:
1 Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.
3. Теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.
4. Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.
5.Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Инновациялық әдістер-оқытудың интерактивті оқыту модулі. Психологияны оқыту тәжірибесінде оқытудың танымал интерактивті әдістері мен қатар мынадай әдістер де қолданылады: ми шабуылы әдісі, синектика әдісі, іскер ойындар, психотренингтер, алуан түрлі жаттығулар, сонымен қатар жақында ғана пайда болып білім беруге белсенді, демек, оқыту процесіне енгізіліп отырған, бүгінде қазіргі кездегі телекоммуникацияның мүмкіндіктеріндегі жетістіктер жүйесінде онсыз уақытқа сай аяқ басу мүмкін емес жаңа ақпараттық технологиялар. Олардың ішінде, қашықтықтан оқыту (ҚО) - Интернет жүйесі арқылы білім негіздеріне ұлттық халықаралық білім беру мекемелерінң мәліметтер негіздеріне қол жеткізу.