«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологиялық білімді практика пайдалануды анықтау. Психологияны оқыту мен оқу іс-әрекеті деңгейіне сипаттама



бет53/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси Исатаева (1) (Автосохраненный)

Психологиялық білімді практика пайдалануды анықтау. Психологияны оқыту мен оқу іс-әрекеті деңгейіне сипаттама

Білім мен дағдыны практикада қолдану

Білімді жан–жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. Білім мен дағдының

сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер оқушы білімді практикада қолдана

алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді

практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші –білімді жаңа

материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі – жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде

қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып,

өздігінен әрекет жасай алады.

Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық

жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздігінен бақылау,

тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.Оқушылардың

білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау. Оқыту процесінде бұл жұмыс өз

алдына дербес практикалық буын болып табылады және оқытудың әрбір кезеңінің

құрамынан да орын алады.

Оқытудың білім алудағы жетістіктерін, табыстарын және мүмкіндіктерін талдап,

айтып берудің және оны бағалаудың маңызы ерекше.

үшін тәрбиелік маңызы ерекше: ол – оқуға деген стимул, мотив функцияларын атқаруы

мүмкін.Оқыту процесінің жоғарыда айтылған жеке буындарының маңызы мен орнын

білумен қатар, олардың бір–бірімен өзара тығыз байланысты болатынын, біртұтас процесс

екенін ұмытпау керек. Сондықтан оқушының білім мен дағдыны меңгеру жолын біртұтас

процесс деп қараған жөн. Ол – қабылдау, түсіну, бекіту, қолдану сияқты өзара

байланысты құрамнан тұрады Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет