«психологияны оқыту әдістемесі» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


Психологияны оқытудағ оқушылардың даму шамасына және оқыту әдісінің мазмұнына сәйкестік принципі



бет51/92
Дата06.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#14181
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92
Психологияны оқытудағ оқушылардың даму шамасына және оқыту әдісінің мазмұнына сәйкестік принципі

Оқыту принциптері – бұл оқу сабақтарын ұйымдастырудағы жетекші идеялар, ғылыми негізделген ұсыныстар, оқыту процесін реттейтін ережелер, нормалар. Сәйкестік принципі

Бұл принцип ғасырлай бойы жинакқталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке – дара қарауңды талап етеді.

Демек бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар : оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл – ой дамуы мен алғашқы білімдері жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтардыжою баланың мінез құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімнің сапасы мен нәтіжелілігіне оң /дұрыс/ ықпал етеді.

Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер: Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп оқыту. Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.

Балалардың ақыл – ойы, қабілеттері мен мүмкінділіктері әртүрлілігін оқыту. Оқуда барлық оқушылар табысқа бірддей жетуі талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену. Оқушыларның жас ерекшелігіне сәйкес әдістерді анықтау.

Оқытуда жас ерекшелікті ескеру принципі.

Жасөспірімдік кезең өзге де психологиялық жас кезеңдері секілді ерекше үстем тұрған қажеттіліктермен, тұлғаның сапалық жаңа құрылымдарымен, сензитивтілігімен, психикалық өмірдің өту ерекшелігімен сипатталады.

Жоғарыда аталған принципті нақтылай келе біз жасөспірімдік кезеңнің келесі сипаттамаларын есепке алдық.

1.  Жасөспірімнің жалпы мотивациясы қарым-қатынасқа ауысады. Мұнда қақтығыстар болады, құндылықтарды қайта қарастыру және өзін-өзі орнықтыру қажеттілігі қанағаттаныдырылады.

2.  Жасөспірім ересектік және «Мен» бейнесінің қалыптасуына байланысты өте күшті әсерлерді бастан кешіреді. Сонымен қатар мұнда жыныс бейнесімен идентификациялану (теңестірілу) жүреді.

3.  Абстрактылы ойлау түрінің қарқынды дамуы ойлау тәсілдерінің өзгеруіне, оның әлеуметтенуіне әкеледі, осының нәтижесінде қоршаған ортаға және өзіне деген көзқарасы өзгеріске ұшырайды.

4.  Өзіндік сана мен рефлексияның белсенді қалыптасуы өмір және өзі туралы көптеген сұрақтарды туындатады. «Мен қандаймын?» деген сұрақ жасөспірімде өзінің мүмкіндіктерінің қорын іздейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет