8. Психология бойынша лекция-әңгімені өткізудің әдістемесі 1. Лекцияға оқу мазмұнын таңдау. 2. Уақытты бағдарламаның басқа тақырыптарын оқытуда ескеретін лекция-әңгімені жоспарлау. 3. Психологияны оқуда тақырыптарға әдістемелік бағыт. ЖОО-дағы лекция-оқытудың дидактикалық циклының басты бөлігі. Оның мақсаты-оқу материалын студенттің игеруінің бағдарлық негізін қалыптастыру.
Қазіргі жоғарғы мектеп өмірінде лекцияны «ыстық нүкте» деп атайды. «Лекция» сөзінің түп тамыры латынша «lection»- оқу дегенді білдіреді. Лекция Ежелгі Грецияда пайда болып, Ежелгі Римде орта ғасырларда одан әрі жалғасты. Оқытудың лекциялық формасының даму тарихындағы жарқын беттерін бірінші Ресей университетінің негізін қалаушы М.В.Ломоносов жазып өткен және ол оқытушының жанды сөзінің құндылығын бағалаған. Ол табандылықпен және жүйелі түрде шешендік өнерге үйренудің қажеттілігін, оның мәні «кез келген материя туралы әдемі айта білу өнеріне үйрену және осы арқылы басқаларды өз пікіріне иландыру» қажет деп есептеген. Сондықтан ол лекторлар «ақыл-ойын сөзді құрастыру мен айтып жеткізу қабілетін үнемі ұштап отыру, авторлардың жазған ережелерін жатқа оқып беруден аулақ болуға тапсырады».
Атақты лекторлардың қатарына математик М.В.Остроградскийді жатқызуға болады. Михаил Васильевич Остроградский лекцияның ғылыми және әдістемелік жағына өте көп мән берген. Ол өткенде оқылғанды шолудан бастап, жаңа тақырып бойынша ой жүгірту мен дәлелдеу әдісіне көшетін. Лекция қорытындымен аяқталып, атақты ғылымдардың өмірі мен еңбектері туралы экскурциямен өрнектелетін.
Атақты лекторлардың тарихшы: В.О.Ключевскийді, Т.Н.Грановскийді атауға болады. Грановскийдің лекциялары өте жарқындығы сонша, ол кітап пен оқулықты екінші қатарға ығыстырып отыратын. Н.Г.Чернышевский Грановскийді «біздің қоғам мен ғылымның арасындағы күшті дәнекерлердің бірі» деп атаған. Бұл гуманитар-ғалымның лекциялары тыңдаушыларына орасан күшті рухани, өнегелік әсер береді.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми және техникалық білімнің өркендеуіне байланысты лекцияларды практикалық жұмыстармен ұштастыра жүргізу, оны студентердің дербестігімен белсенділігін арттыруға ынталандыру қажетілігі туындады. Лекцияның міндеті студентерді кітаппен өз бетімен жұмыс жасауға дауындау. Атақты орыс хирургы және педагог Н.И. Пирогов-тың айтуынша лекция тек сол уақытта оқылу керек, егер лектор ғылыми материалды жетік біліп тұрса, немесе сөз сөйлеу өнерін аса меңгерген жағдайда Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев студентердің өздік жұмысын күшейту керектігін айтқан, бірақ педагогикалық қатынас процесінде лекцияның эмоциялық әсерін баса айтқан. 1896 жылы болған техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі Ресей ғылымдарының екінші съезі лекцияның маңызын, мәнді сөзбен ғылыми білімді таратудың күшті құралы екенін және пәннің аса маңызды жақтарын берік ұғындыру қабілеті жағынан ешбір кітап пен айырбастауға болмайтынын атап айтқан.
30-шы жылдары кейбір ЖОО- дарда эскперимент ретінде лекция оқуды тоқтатқан болатын. Бірақ эксперимент өзін ақтамады. Студенттердің білім деңгейі күрт төмендеп кетті.
Қазіргі кезде оқу материалын лекциялық баяндаудың жақтастары да, оған қарсыластары да бар. Олардың қарсы аргументтерінің ақиқатық жерлері де бар, олар туралы ойлануды қажет етеді. Олардың дәлелдері қандай?
Лекция басқаның пікірін пасивті қабылдауға үйренеді, өз бетімен ойлануды тежейді. Неғұрлым лекция жақсы болса, соғұрлым ол ықтималды-ғы көбірек.
Лекция өз бетімен оқуға қажетілікті төмендетеді.
Лекциялар егер оқулық болмаса, немесе олар аз болғанда қажет.
Кейбір студенттер ойланып үлгереді, басқалары- лектордың сөзін тек жазып алады.
Бірақ тәжірбиеде көрінгендей лекциядан бас тарту студенттердің дайындығының ғылыми деңгейін төмендетеді, жүйелілікті және семестр бойы бірқалыпты жұмыс тәртібін бұзады. Сондықтан да ЖОО-дағы оқыту процесін ұйымдастырудың жетекші формасы болып қала бермекші. Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер дұрыс әдістеме мен материал-ды ұтымды орналастыру арқылы түзетіледі.
Оқу процесінде лекциялық оқыту формасын басқа әрекеттер араластыра алмайтын әртүрлі ситуациялар кездеседі:
Негізгі аппарат көзі болып табылатын жаңа лекциялық курс бойынша оқулық болмаған жағдайда;
Жаңа оқулық материалдарының жекелеме тақырыптары бұрыннан бар оқулықтарда көрініс берсе, немесе оның кейбір тараулары ескірген болса;
Оқулықтың кейбір тақырыптары өзбетімен оқуға ерекше қиындық туғызса және олар лектордың әдістемелік өңдеуін қажет етсе;
Курстың негізгі проблемаларында бір-біріне қайшы келетін концепциялар болса. Лекция оларды объективті түрде көрсетуге қажет;
Лекцияны басқа нәрсе алмастыра алмайтын жағдайларда, онда лектордың студентке әсіресе жеке басының эмоциялдық әсері арқылы олардың көзқарастарын қалыптастыру қажет болғанда;
Лекцияның эмоционалдық бояуы терең ғылыми мазмұнмен қабысып, сөз бен ойдың және тыңдаушылардың қабылдауының гармониясын туғызады. Лекцияның эмоционалдық әсері гуманитарлық пәндерді оқытқанда маңызды роль атқарады. Бірақ жаратылыстану және дәл ғылымдардың оқытушылары оны бағалауында болмайды.
Авторлық лекция, егер студент пәнге емес, «лектордың өзіне» келетін болса, оның ерекше әсері болады. Бұл туралы Тимирязев былай айтқан, лектор деген фотограф емес, бірақ студенті, кітаптан алғанды ауызша жеткізуші жай акустикалық аспап емес, барлығын творчестволық түрде қайта балқытып шығаруы тиіс. Тимирязев бойынша, лекцияда ғылыми проблеманың дұрыс шешілуі құмарлық пен идеяға елігуге қабысып жатуы керек. Дәл осындай құндылық Д.И.Менделеев лекцияларына тән еді. Тыңдаушыларының естеліктері бойынша қатардағы ғалымның сөзі - қағаз жапсырылған солып қалған сабақтардан тұратын бақ. Менделеевтің лекцияларында тыңдаушыларының көзінде ғалымның айтқан ойларының дәнінен алып діңгектер өсіп шығады да, олардан бұтақ жайылып, қарқынды түрде гүлдеп тыңдаушыларды алтындай жемістермен көміп тастар еді.