Психологияны оқыту әдістемесінің пәні, тапсырмалары. Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы, оқытудың формалары. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері



бет24/38
Дата02.06.2023
өлшемі147,03 Kb.
#98377
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
Байланысты:
2022 3 к МПП дәрістер кешені

Лекцияның артықшылықтары:
Бұл лектордың аудиториямен творчестволық бірлесуі, өзара бірігуі, эмоционалдық әсерлесу;
Лекция – жалпы түрде білім негізін алудың өте үнемді тәсілі;
Лекция ойлау іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, егерде мұқият тыңдалып түсінсе, сондықтан лектордың міндеті - студенттердің назарын белсенді дамыту, олардың ойын қозғалысына келтіріп, лектордың, ойының соңынан еріп отыратын ету.
Соңғы уақытта студенттердің лекторды еркін таңдап алу тенденциясы белең алды, мұның өзі лекторлық шеберлік проблемеасын маңыздандыра түседі. ЖОО- дағы оқытудың жетекші формасының потенциялдық мүмкіндігін толық пайдалану оқытушының шеберлігіне байланысты. Бірақ оқыту процесі лекциядан басталып, практикалық сабақтарда жалғасады да, өзіндік жұмыс арқылы тереңдетіледі.
Көптеген оқытушылар лектордың міндетін пәнді жақсы біліп, оны түсінікті етіп баяндаса болды деп санайды. Бірақ, «оның баяндау» деген не? Бұл күрделі педагогикалық проблема: бұл бірізділік және баяндаудың көрнекілігі, тыңдаушылардың айтылғанды саналы түрде белсенді игеру және соның нәтижесінде, түсіну.
Лекция қандай талаптарды қанағаттандыруға тиіс?
Лекцияға қойылатын талаптар:
Лекция мен оқытудың өнегелілік жағы, ғылымилық және ақпараттанулық дәлелділік және аргументілік, жергілікті мөлшерде айқын, нанымды мысалдардың, айғақтардың негіздемелердің барлығы, баяндау формасының эмоционалдығы, тыңдаушылардың ойлануын белсенділендіру, ойлану үшін сұрақтар қою; баяндалған мәселенің бірізділікпен логикалық ашылуы және айқын құрылымы; әдістемелік өңдеу - басты ойды және ережелерді бөліп көрсету, қорытындыға ерекше көңіл аудару, оларды әртүрлі тұжырымда қайталау; түсінікті және оның түрде баяндау, жаңадан енгізілетін терминдер мен атауларды түсіндіріп отыру; Тыңдау және көруге арналған дидактикалық материалдарды барынша пайдалану. Көрсетілген талаптар лекцияның сапасын бағалаудың критерилерінің негізіне алады.
Лекцияның құрылымы.
Өзінің құрылымына байланысты лекциялар әртүрлі болады. Бәрі де баяндалатын материалдың мазмұны мен өзгешелігіне байланысты, бірақ кез келген лекцияда қолданылатын жалпы құрылымдық қаңқа болады. Бәрінен бұрын бұл- лекцияның жоспарын хабарлап, оны қатаң ұстану керек. Жоспарға лекцияның түйінді мәселелерінің атауы қолданылады да ол емтихан билеттерін жасауға пайдаланылады.
Алдыңғы лекцияның мазмұнын еске түсіру пайдалы және де оны жаңа материалмен байланыстыра отырып, оның пәндегі, басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен маңызын анықтау керек. Тақырыпты ашқан кезде индукциялық әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындылар жасауға әкелетін мысалдар мен фактлер; сол сияқты дедукциялық әдісті де пайдалануға болады: жалпы жағдайды түсіндіріп, оларды нақтылы мысалдарға қолдану. Әрбір талданатын жағдайлар бойынша қорытынды жасап, оларды қайталау және интонация арқылы бөлектеп көрсету. Лекцияның соңында тыңдағандары бойынша қорытынды жасау пайдалы. Дәстүрлі ЖОО -дағы лекция әдетте бірнеше түрге бөлінген ақпараттық лекция деп аталады.
Кіріспе лекция. Ол студенттерді курстың мақсаты мен қызметі, оның оқу пәндері жүйесіндегі рөлі мен және орынымен таныстырады. Одан әрі курсқа қысқаша шолу жасалады. Мұндай лецияларда ғылыми проблемалар қойылады, болжамдар жасалады, ғылымның даму перспективасы белгіленеді және оның практикалық үлесі туралы айтылады. Кіріспе лекцияда теориялық материалды мамандардың болашақ жұмысымен байланыстыру маңызды. Одан әрі курстық жалпы әдістемесі туралы айтып, оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасалады, тыңдаушыларды міндетті әдебиет тізімімен таныстырады. Осындай кіріспе студенттерге пән туралы жалпы мағлұмат берумен қатар олардың конспектімен және әдебиетпен жүйелі жұмыс жасауға бағдарлап, курстың әдістемелік жұмыспен таныстырады.
Шолу қайталау лекциялары, тарау мен курстың аяғында оқылады және барлық теориялық мәселелерді қамтып, тарау мен курстың ғылыми – түсініктемелік негізін тәптіштемей, негізгі емес материалды ескермей – ақ баяндалады. Бұл курстың нағыз мазмұны (Квинтэссенциясы)
Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспект емес жоғарылау деңгейдегі білімді жүйелеу. Оқыту психологиясы көрсеткендей, жүйелеп баяндалған материал оңай есте қалады. Көптеген ассоциациялық байланыстар іске асырылады. Шолу лекциясында сонымен қоса емтихан билеттерінің ерекше қиын мәселелері де қарастырылады. Лекциялық маериалды баяндағанда оқытушы студенттердің конспект жазып отырғанын бағдарлау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет