ББМ педагогикалық-психологиялық карта жүргізу кезінде ата-аналар мен оқушылардың сөздері бойынша толтырылады.
2-бөлім.
Ұстаз медициналық картаны басшылыққа алып толтырады (көруі, естуі, мүсіні, солылмалы аурулардың болуы, денсаулық тобы). Ауруы бойынша босатқан күндер саны туралы ақпарат сынып журналынан алынады. Физикалық даярлығы туралы ақпарат дене тәрбиесі мұғалімінің мәліметі бойынша және ұстаздың жеке бақылауы негізінде толтырылады.
3-бөлім.
Мұғалім немесе логопед толтырады. Балада күрделі сөйлеу кемістігі анықталған жағдайда логопед толықтай дифференциалды диагностика жүргізеді немесе мұғалімі ата-анасына тұрғылықты мекен-жайы бойынша логобекетте мамандардан кеңесін алуды ұсынады.
4-бөлім.
Баланы (жасөспірімді) психологиялық бақылау және тексеру нәтижесі бойынша сынып жетекшісі (МДББМ –де тәрбиеші) толтырады. Психолог сәйкес әдістемелер қолданады. Тесеруден өтушінің жасы есепке алынады.
5-бөлім.
Бағандарды толтыру кезінде бала бақша тәрбиешісі немесе мектептегі сынып жетекшісі баламен (жасөспіріммен) жұмыс жасайтын психологтың , дефектологтың және ұстаздардың бақылау нгетижесіне сүйенеді.
6-бөлім.
Сынып жетекшісі оқу жылының соңында толтырады.
7-бөлім.
Әлеуметтік зерттеулер және әдістемелер, бақылаулар, сауалнама талдаулары негізінде, баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып толтырылады. Мүмкіндігінше ұстаздың психологпен, социологпен, ата-аналармен бірлесе жұмыс жасағаны дұрыс.
8-бөлім.
МДББМ-нің ұстазы, сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі толтырады. Параққа балаға маңызды жеке жетістіктері енгізіледі (спорттық сайыстардағы, олимпиадалардағы және конкурстардағы жүлделі орындары, еңбек жұмыстарына қатысуы және т.б.).
9-бөлім.
Мамандар толтырады (логопедтер, психологтар, дефектологтар, ЛФК мұғалімдері). Ата-аналарға және ұстаздарға есепке алу қажетті балаға берілген ұсыныстар енгізіледі.
Баланың дамуын зерттейтін педагогикалық-психологиялық картасы ұстазда (сынып жетекшісінде) балалардың қолы жетпейтін жерде сақталады және басқа ББМ ауықан жағдайда ата-анасына беріледі.