БАЛАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУ КАРТАСЫ
Баланың педагогикалық-психологиялық даму картасы білім беру мекемесінің құжаты болып табылады және баланың оқу қызметі мен әлеуметтік бейімделуіне тиімді және мақсатты түрде көмек көрсетуге қажетті мәліметтерді талдауға және бекітуге арналған.
Педагогикалық-психологиялық даму картасы келесі бөлімдерден тұрады:
I. Бала туралы жалпы мәліметтер.
II. Денсаулық парағы.
III. Сөйлеу қабілетінің даму ерекшеліктері.
IV. Тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері.
V. Оқу-танымдық қызметінің даму жүйесінің ерекшеліктері.
VI. Оқыту мониторингі.
VII. Тәрбиелеу жүйесіндегі тұлғаның дамуы.
VIII. Баланың жеке жетістіктерінің парағы.
IX. Мамандардың, ұстаздардың ұсынымдары.
Бала туралы мәлімет - әр оқу жылының соңында диагностика қорытындысы негізінде, баланы бақылау негізінде, медициналық картаның және оқу – педагогикалық құжаттардың мәліметтері негізінде, ата-аналармен және ұстаздармен әңгімелесу негізінде енгізіледі.
Баланың даму ерекшеліктерінің картасы - медициналық қызметкерлермен, психологпен, логопедпен, дефектологпен, пән мұғалімдерімен, білім беру мекемесінің басшыларымен өзара әрекеттесу арқылы, тәрбиешімен және сынып жетекшісімен тотырылады.
Педагогикалық-психологиялық даму картасын:
сынып жетекшісі
|
оқу нәтижелерін бақылау үшін, баланың жеке тұлғасын дамыту мақсатында оңтайлы жағдайлар жасау және түзетулер енгізу үшін қолданады;
|
пән мұғалімі, қосымша білім беретін ұстаз
|
баланы оқыту мен тәрбиелеуде жеке-жеке бағдарланған тәсілді жүзеге асыру үшін қолданады;
| |
Достарыңызбен бөлісу: |