ПСИХОЛОГТЫҢ КЕҢЕСІ Адам өзіне қалай сенімді болады? Өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық жасай алады.
Әр адам өзіне – өзі жоғары төреші, өзінің ойы мен сезімін, мінез – құлқын өздігінше бағалауға толық құқылы.
Әр адам өз әрекеті үшін біреудің алдында ақталмауға және кешірім сұрамауға құқығы бар, егер кінәсі болмаса.
Тамақтану:Күніне 3 – 4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек, Грек жаңғағы, сүт өнімдері, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалан.
Сабаққа дайындалатын орын:Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр.Үстелге сары және күлгін түсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл – көгілдір түстердің болғаны – тыныштандырады, пайымдау жасағанда жақсы.