Ертегімен жұмыс «Қоян мен тиін әңгімесі»
Жазда қоян мен тиін достасты. Тиін сары түсті, ал қоян сұр түсті еді. Күнделікті егіске барып бір-бірін қонақ қылады. Қоян тиінге сәбіз бен орамжапырақ, ал тиін жаңғақтар береді. Жаз өтті. Қыс басталды. Ақ қар түсті. Қоян шыршаның астына, тиін еменге тығылады. Тиін еменнен секіріп түсті. Қоянды көріп танымай қалды: өйткені қоян сұр емес ақ түске айналған. Қоянда тиінді танымай қалады: өйткені тиін сары емес , сұр түске айналған. Алайда жаз басталғанда бірін-бірі таныды.
Мәтін екі рет оқылады. Бала мәтінді тыңдап айтып беруі қажет.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып алайық
Қанатымызды жазамыз
Жоғары –төмен ұшамыз
Биік көкте айналып
Жұлдыздай болып жанамыз
Достарыңызбен бөлісу: |