Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
№ 9 орта мектеп
«Психомоториканы және сенсорлы үрдістерді дамыту»
пәніне арналған күнтізбелік жоспар
2017-2018 оқу жылы
Мектеп психологы: Ә.Жексенова
Бекітемін: ________________ Келісемін:__________________
Мектеп директоры: У.Адилов Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Қалиева
«_____»__________ 2017 ж «_____»__________ 2017 ж
Т ү с і н і к х а т
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқытуға қажетті ерекше талаптарды қанағаттандыру мақсатымен құрастырылды.
2. Зияты зақымдалған оқушыларды гуманды және жекешелендіріп тәрбиелеу және оқыту тапсырмалары олардың толыққанды дамуына керекті жағдайларын, оқу жұмыстарының субъектісі болып қалыптасуын талап етеді.
3. Түзету жұмыстарының берілген бағдарламаның теориялық негізі Л.С.Выготскийдің тұжырымдамалық теориялық жағдайы:
1) ауытқумен және қалыпты дамып жатқан балалардың ортақ даму заңдылықтары;
2) оның орын басу мүмкіндіктері мен кемістіктің құрылымы;
3) ақауы бар баланы зерттеуде жүйелі жол табу қолданысы;
4) психологиялық көмек ұйымдастыруда оның өзекті және жақын даму аймағы;
5) психологиялық-педагогикалық түзету бағдарламасын іске асыру барысында балаларға жеке және саралауға үйрету болып табылады.
4. Оқу пәнінің мақсаты «Психомоторика мен сенсорлы үдерістің дамуы» - баламен әр түрлі сенсорлық құрамның біртұтас объектілерін, сапасымен белгісін танып білуде тиімді шарттың қалыптасуы болып табылады; баланың қоғамда тиімді әлеуметтеніп және психикасының дамуына әсер ететін қоршаған орта жайлы көпқырлы дұрыс көріністі беру.
5. Негізгі міндеттер. Мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындаумен шектеледі:
1) бақылау, салыстыру, заттардың белгілерімен еліктеулерді және оларды сөйлеу тілі кезінде жеткізе білу есте сақтау барысында психологиялық процесстердің дамуы, ойлауы, сөйлеу тілі, қабылдауы;
2) сезім мүшелерінің дамуын қалыптастыру қоршаған ортадаға барлық жағдайларды қабылдау, кемістіктерді түзету заттардың ерекше белгілерін, түстерін олардың орнын, қоршаған ортаны уақыт бірліктерін ажырату;
3) қоршаған ортаға бейімделу;
4) есту және сөйлеу ерекшеліктерін дамыту;
5) эстетикалық қабілетті дамыту (түс, дәм, иіс, дыбыс, ырғақ);
6) сенсорлы қызметтің дамуы;
7) сөйлеу аппаратын дамыту;
8) моторикадағы кемшіліктерді түзету, көру-қимыл ерекшеліктерін, қозғалыспен іс-әрекеттегі тұрақтылығын дамыту;
9) ерік-жігерлік этикалық өлшемдерді дамыту, әдеби шығармаларды қабылдау;
10) назар аударуымен есте сақтауын дамыту (ойындар, назар аударуға арналған жаттығулар, есептеуіштерді жаттау).
6. Оқу тәрбиелеу, түзету дамыту жұмыстары барысында кіші мектеп жасында ойын әрекеті негізгі рөлді алады.
7. Түзеу жұмыстары келесі бөлімдерден құрылады:
1) психомотрлы процестердің және диагностиканың жағдайы;
2) дене моторикасы ұсақ моториканы және қол саусақ моторикасын дамыту;
3) қозғалыс әрекетін дамыту;
4) кинестикалық және кинетикалық даму;
5) көлемді, түрді, түсті және заттардың құрылымын ажырату;
6) заттардың ерекше белгілерін қабылдау;
7) көру арқылы есте сақтау барысында көру қабылдауын дамыту;
8) есту арқылы есту қабілетін дамыту;
9) қоршаған ортаны қабылдау және түсіну;
10) уақытты қабылдау.
8. Пәнді оқытуда сағат саны:
1 –ші сыныпта аптасына 2 сағат, жылына 66 сағат
1 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |