Шынайы “мен”– адамның өзгелермен қарым-қатынас барысында олардың өзіне деген көзқарасының тәжірибесі негізінде қалыптасатын өзі жайлы пікірі.
Идеалды“мен”- адамның өз мақсаттары мен мүмкіндіктерін жүзеге асырған жағдайдағы өзін идеал ретінде елестетуі.
К.Роджерстің өз әрекетінің негізінде клиенттің тұлғасын қойды. Ол дәстүрлі психотехниканың “интерпретация”, “суггестия”, “үйрету” сияқты типтерінен бас тартып, оларды ең алдымен клиентке емес, психологтың өзіне бағытталған деп сипаттады.Роджерстің концепциясындағы коррекциялық жұмысқабағытталған “эмпатия”, “қамқорлық”, “конгруэнттілік”, “психологиялық климат” ұғымдарын қарастыруға болады.
Эмпатия– психологтың клиентке деген ерекше қарым-қатынасы. Бұл клиенттің ішкі әлемін қабылдау, жағымды жеке қарым- қатынас орнату.
Қамқорлықэкзестенциализмнің дәстүрлі ұғымдарының бірі. Роджерстің концепциясында клиенттің нақты жағдайдағы ерекшелігін қабылдауды білдіреді.Конгруенттілік психологтің келесідей ерекщеліктерін көрсетеді.:
- айтылған ой мен сезімдердің сәйкестігі - концепцияның инструменталдығы - шеттетілмеу - шынайылық Психологиялық климатқа тән негізгі ұғымдардың бірі ретінде қолданылады. Ол психологтарға тұлғаның өсуіне жағдай жасайтын негізгі талап ретінде қарастырып, психологқа тән негізгі кәсіби қабілетпен сипаттады.
Түзетудің мақсаты: Клиенттің бойында өзін-өзі құрметтеу және әрекетті жүзеге асыру қабілетін қалыртастыру. Сонымен қатар өзінің жеке тәжірибесі мен уайымдарының тереңдігіне байланысты. Шынайы “менін” сәйкес қалыпқа келтіру. Ең алдымен зейін адамның проблемсына емес, оның “өздік” меніне шоғырланады. Сондықтан да психолог пен клиентттің арасында қарым-қатынас психологтың тікелей көмектесуіне емес, адамның өзі қабылдаған шешіміне байланысты проблеманың шешімін табуға негізделеді. К.Роджерс осындай атмосферны қалыптастырушы 4 негізгі талапты анықтады:
Ең алдымен психолог клиент тарапынан болатын сезімдерге қарамастан клиентпен жағымдаы қарым-қатына сақатуы тиіс Клиент психологқа сенімді болып, өзін оның алдында еркін ұстау үшін өажет болып табылады.
Элепатия- психолог клиентттің мәселесіне толықтай еніп, қоршаған әлемге клиент көзқарасымен қарауға тырысады.
Аутотивтілік. Бұнда психолог кәсіби маман маскасынан бас тартып, клиентпен ашық сөйлесуі тиіс.
Психолог клиентке проблемадан шығудың жолын бірден көрсетпеуі тиіс және оның айтқандарын интерпретациялауға асықпағаны жөн.
К.Роджерстің айтуынша адам өзі жайында шыайы ойлаудың нәтижесінде, өз проблемасының шешімін табуға қабілетті болады. Жоғарыда айтылған талаптар орындалған кезде психологтардың келесідей бағыттағы үрдістерін жүзеге асыру мүмкін болады:
- клиент бойынан байқалған сезімдер “менге” қатысты болып табылады және өте жақын болып орнығады.
- Клиент көбінесе өз сезімдерінің обьектісін және қабылдауын анықтайды
- Клиенттің м”мен” концепциясы бойынша бұрынғы кедергілерді ассимиляциялау мақсатымен қайта құрады.
- Клиент өзіндік бағалаудың жағымды жағын түсінеді
Психологтың позициясы: Негізгі талаптар- қандай да бір ролде ойнап көруден бас тарту; өзбетті болу. Психологтың ең негізгі кәсіби міндеті- клиенттің өзбетімен қорғаныс механизмдерінен бас тартуға итермелейтін, сәйкес психлогиялық климатты қалыптастыру. К.Роджерс нәтижелі коррекциялық процеске қажетті “.Роджерс триадасы” деп аталатын талапты көрсетті.
- клиентпен қарым –қатынастағы конгруэнттілік
- клиентке қатысты жағымды бағалау
- клиентті эмпатиялы қабылдау