Публичная оферта (предложение) оказания услуг


Еңсерілмес күш жағдайлары (форс-мажор)



бет15/23
Дата29.04.2023
өлшемі55,86 Kb.
#88393
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
dog

8. Еңсерілмес күш жағдайлары (форс-мажор)




8.1. Тарап міндеттемені ішінара немесе толық орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл Тарап болжай алмаған немесе алдын ала алмаған төтенше сипаттағы мән - жайлардың нәтижесінде Оферта-Шарт жасалғаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Еңсерілмейтін күш жағдайлары деп: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей құбылыстар, індет, соғыс немесе әскери іс-қимылдар, сондай-ақ мемлекеттік билік немесе Басқару органдарының шешімдері түсініледі.
8.3. Осындай мән-жайлар туындаған кезде олардың әсерін бастан кешіретін Тарап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде олар туралы екінші Тарапқа жазбаша түрде хабарлауға тиіс.
8.4. Еңсерілмес күш мән-жайларына сілтеме жасайтын Тарап екінші Тарапқа осы мән-жайлардың болуын куәландыратын және мүмкіндігінше, Тараптардың Оферта-Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне олардың әсерін бағалауды беретін ресми құжаттарды ұсынуға тиіс. Жалпыға мәлім сипаттағы еңсерілмес күш мән-жайлары дәлелдеуді талап етпейді.
8.5. Егер еңсерілмес күш мән - жайларының әсеріне ұшыраған тарап осы мән - жайлардың болуын куәландыратын, Оферта-Шартпен регламенттелген құжаттарды жібермесе, онда мұндай Тарап оны Оферта-шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын негіз сияқты мән-жайларға сілтеме жасау құқығынан айырылады.
8.6. Еңсерілмейтін күш жағдайларда Тараптың Оферта-Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осы мән-жайлар мен олардың салдарлары әрекет ететін уақытқа мөлшерлес кейінге шегеріледі. Егер еңсерілмес күштің туындаған мән-жайлары және олардың салдарлары 1 (бір) айдан астам әрекет етуді жалғастырса, Тараптар Оферта-Шартты орындаудың қолайлы балама тәсілдерін айқындау үшін қосымша келіссөздер жүргізеді немесе тараптардың міндеттемелері еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап орындаудың мүмкін болмауымен (ақшалай міндеттемелерді қоспағанда) тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет