1990 жылы дағдарыс тек Adidas компаниясына ғана емес, Puma брендіне де өз кесірін тигізді. Puma тұтынушылары брендтің өзге брендтерден еш айырмашылығы жоқ және ол тек басқа танымал маркаларға еліктейді деуменен, компанияның өнімдерінен бас тартты. Мүмкін бас директор Йохан Зайтцтың тапқырлығы болмаса, Puma ғұмыры ұзаққа созылмас та еді деген пікір бар. Ол компанияға бұрын-сонды аяқ киім фабрикаларының тарихында болмаған, қайталанбас стильді қалыптастырып, Puma брендін әркім киіп көруді армандайтын брендке айналдыру үшін көпшіліктің назарына sportlifestyle деп аталатын жаңа аяқ киім топтамасын ұсынды.
Puma компаниясының жаңа дәуірі
Puma Джил Сандер, Ясухиро Михара сынды дарынды дизайнерлермен бірігіп жұмыс істеп, аяқ киімнен бөлек, сәнді әрі саны шектеулі киімдер мен бұйымдарды шығарумен айналысты. Алғашқы кезде компания жалпы алғанда спорттық киімдерді шығарумен айналысса, 1990 жылдардан бастап спорттың түрлеріне қарай бір-бірінен ерекшеленетін киімдерді тіге бастады. Сонымен қатар, кішкентай балаларға да аяқ киім шығаруды ұйғарды.
ҚОРТЫНДЫ Жалпы PUMA 4 жыл қатарынан брендтің модельдері ретінде,әлемдік жұлдыздармен жұмыс жасап көрген. Сондықтан олар жер бетіндегі жетекші брендтің бет-бейнесі болуға лайық.
Достарыңызбен бөлісу: |