Puma тарихы



бет4/5
Дата03.03.2022
өлшемі0,81 Mb.
#26914
1   2   3   4   5
Байланысты:
Puma тарихы

Арадағы өкпе-ренішке қарамастан, Адольф пен Рудольфтың ұлдары Армин мен Хорст жарнамаға қомақты қаржы жұмсамас үшін, танымал футбол жұлдыздарымен келісімшартқа отырмауға уәделескен. Алайда уәдені бәрі бірдей орындай бермейді. Екі бренд те Оңтүстік Америкада үлкен сұранысқа ие болатын. 1970 жылы футболдан кезекті Әлем чемпионаты басталарда Армин Дасслердің Рио-де-Жанейродағы агенті оңтүстік америкалық футболистермен жақынырақ танысып, Puma кроссовкаларында футбол ойнау екі есе оңай екенін дәлелдеп, олардың көңілін баурап алды. Нәтижесінде, футболшылар алаңға Puma аяқ киімдерін киіп шығуға келісті. Puma брендін жақсы білетін Пеле компания өкілдерінің бірден өзіне емес, басқа футболистермен келіссөз жүргізгеніне наразылық танытады. Puma агенті футболшының өкпесін естіп, тәуекелге бел буып, Пеленің қолы қойылған келісімшартты Армин Дасслерге жеткізеді. Осылай Адольф пен Рудольфтың тұсында басталған бауырлар арасындағы өшпендік балалары Армин мен Хорсттың арасында да жалғасын тапты. Бір қызығы, компания Пелеге футбол тарихындағы маңызды матч басталмас бұрын тура орталық айналымда тұрып, аяқ киімдерінің бауын байлағаны үшін қомақты қаржы төлеген екен.


Футбол патшасы Пеле мен Puma


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет