Қылмыстық құқық - Қазақстан Республикасы құқығының негізгі салаларының бірі. Жалпы құқық сияқты ол да қоғамдық катынастардың белгілі бір тобын реттейді. Бұлар - соттар мен құқық қорғау орғандары аркылы көрініс табатын мемлекет пен қоғам үшін аса қауіпті құқық бұзушылық (қылмыстық құқықбұзушылық) жасаған азамат арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастарда мемлекет қылмыстық әрекет жасағаны үшін кінәлі адамды қылмыстық жауапкершілікке тартып, оған жаза қолдануға немесе заңда көзделген жағдайларда оны қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатуға құқылы және жазаңың заңда белгіленген шекте қолданылуын қадағалауға міндетті, ал азамат бұл жазалау" шарасына бағынуға тиіс және оның заңда белгіленген шектен аспауын, оны соттың жасалған әрекеттен қылмыстық құрамның барлық белгілері анықталған жағдайда ғана қолданылуын талап етуге құқылы.
Қылмыстык құқық реттеуші функциямен қатар қорғаушы функцияны да атқарады, ол адамды, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қастандықтан корғайды.
Бұл функция заңда қандай бір әрекетің жасалуына қылмыстық-құқықтық тыйым жариялау жолымен де, реттеуші функцияның жүзеге асырылуы аркылы да, яғни заңда тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған адамға қылмыстық жаза қолдану процесінде іске асырылады. Жазаңың жалпы алдын алу жеке ескертулер сияқты заңда жарияланған мақсаттарына қол жеткізе отырып (ҚК-нің 39-бабының 2-бөлігі) кейде қоғамдық қатынастарға ауырырақ зиян келуіне тосқауыл болады. Басқаша айтканда, бұл екі функция өзара байланысты.
Сонымен, қылмыстық құқық дегеніміз қылмыстық құқықбұзушылық ұғымы мен белгілерін, оларды жасағандық үшін қылмыстық жауапкершіліктің негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың жағдайын анықтайтын заң нормаларының жиынтығы.
Ал қылмыстық құқықтың пәні болып не табылады?
Қылмыстық құқықтың реттеу пәні өте кең, оған мемлекеттік және қоғамдық құрылыс, меншік, жеке адам жәңе оның ар-ожданы, құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп және сонымен бірге басқа құқық салаларымен реттеліп қойған қоғамдық қатынастардың шеңбері де кіреді. Қылмыстық кұқықтың реттеу пәнінің ерекше белгісі болып қылмыстың жасалуымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар табылады, яғни қылмыстық құқық заңмен қорғалатын қатынастарға қауіпті қол сұғушылық жасалу салдарынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқықтық реттеудің нәтижесінде бұл қатынастар қылмыстық-құқықтық қатынастар деген атауға ие болады.
Қылмыстық құқықтық реттеу пәнін мынадай үш негізгі қатынастар кұрайды.
Оның бірінші түрі корғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынас қылмыстың жасалуына байланысты туындайды. Бұл-қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық әрекетті жасаған адам мен мемлекетгің атынан сот, тергеуші, прокурор, анықтау органдары арасыңдағы қатынас.
Аталған құқықтық-қатынастың әрбір субьектілері белгілі бір құқықтарды иемденеді және оларға жүктелген міндеттерді атқарады. Яғни, қылмыс жасаған адам қылмыстық заң қылмыс жасаумен байланыстырған қолайсыз салдарға шыдауға және қылмыстық құқықтық нормамен қарастырылған жазаңы өтеуге міндетті. Ал екінші субьект-сот, тергеу, прокуратура, анықтама оргаңдары бірінші субьектіні сол міндеттерді орыңдауға күштеп мәжбүрлеуге құқылы.
Сонымен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастардың пәні болып қылмыс окиғасының орын алуына байланысты пайда болатын қылмыстық жауаптылық, жаза тағайындау немесе одан босатуды жүзеге асыру табылады.
Қылмыстық құқық пәнінің құрамына кіретін қатынастың екінші түрі адамдарды жазамен қорқыту арқылы қылмыс жасаудан сақтандыруға байланысты қатынастар. Яғни, мемлекет қылмыстық-құқықтық тыйым салу арқылы азаматтарды қылмыс жасаудан бас тартуға міндеттейді және қоғамдағы адамдардың тәртібін реттеп отырады. Бұл қатынас ескертушілік немесе алдын алушылык қылмыстық құқықтық қатынас деп аталады.
Осы жоғарыдағы қылмыстық құқықтық нормаларды қамтитын тыйымдардың азаматтарға әсер ету сипаты бойынша, қоғамды шартты турде үш топка бөлу қарастырылған. Оның бір тобын қылмыстық құқықтық тиымдарды орнату қажеттілігін тудырмайтын азаматтар құрайды. Олар қылмыстың басқа адамдардың, коғам мен мемлекеттің мүдделеріне қарсы құбылыс екенін сезінгендіктен, сонымен бірге қылмыстың өздерінің жаксылық пен жамандық туралы жеке адамгершілік көзқарастарына да қарсы екендігін ұғынғандықтан қылмыстық құқықбұзушылық жасамайды. Екінші топтың мүшелерін жазаңың корқыту күші жеткіліксіз деп ойлайтын және сонда да қылмыстық-құқықтық тыйымдардың болуына қарамастан қылмыс жасайтын адамдар құрайды. Сондықтан да өте қатал деп саналатын қылмыстық жазалардың езі қылмыстық әрекеттерді жасаудан барлық адамдарды бас тартқыза алмайды. Үшінші топты, яғни «аралықтағы» топты қылмыстық құқықбұзушылықты дәл сол қылмыстық жазадан сақтанып жасамайтын адамдар құрайды екен. Сонымен, қылмыстық-құқықтық тиым іс жүзінде қоғам мүшелерінің барлығын емес тек белгілі бір бөлігінің ғана іс-әрекетін реттейді.
Қылмыстық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың үшінші түрі-реттеушілік қылмыстық-құқықтық қатынастар деп аталады. Бұл қатынастар қылмыстық әрекетті болдырмайтын кажетті қорғану, мәжбүрлі кажеттілік және т. б. жағдайларда қауіпті қол сүғушылыктан қорғау кезінде келтірілген зияндарға азаматтардың құқықтарын бөліп береді. Мысалы, қажетті қорғануда өз құқығын жүзеге асырушы жеке адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне қол сұқкан екінші адаммен құқықтық қатынасқа түседі және сол қол сұғушыға зиян келтіре отырып қорғану құқығына ие болады. Екінші жағынан қорғанушының іс-әрекетін заңды деп тануға тек ғана құқық қорғау органдары өкілетті. Әрбір жағдайда тек сот, проқуратура және тергеу органдары ғана кауіпті қол сүғушылықтан қорғану кезінде келтірілген зиянмен байланысты оқиғаларды жан-жақты қарауға және оны келтірген зияны үшін жауаптылықтан ресми түрде босатуға міндетті.
Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшін арнайы әдістерді қолдану қажет. Әдіс дегеніміз -қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқык саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Әрбір қылмыстық құқықтық қатынастардың өзіне тән әдістері бар:
1) Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдісі,
- қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдісі;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдістері жатады.
2) Реттеушілік қылмыстық-кұкықтық қатынастарға:
- барлық қоғам мүшелеріне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке келтірілген кауіпті әрекеттермен белсенді күресу құқықтарын бөліп беру. Мысалы, қажетті қорғану құқығы.
3) Ескертушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдісі жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердің қылмыстық құқықбұзушылық болып табылатынын және қаңдай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін белгілейтін құқық нормаларын біріктірген құқықтың бір ерекше саласы.