Пунктуациялық ережелерді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері. Қолданылатын көрнекі құралдар



бет3/5
Дата16.05.2022
өлшемі31,39 Kb.
#34545
1   2   3   4   5
Иен Майлс бойынша

Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.


«Ашық микрофон» әдісі

Саймон Браунхилл бойынша

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

«Сұрақ ілмегі» әдісі

Оқушының ойын ашық білдіруіне дағдыландыру.

Оқушы сабақтың қай бөлігін немесе тақырыпты түсінбеген болмаса сабақ төңірегінде ойландырып жүрген сұрақтарын ашық айтады.



2.Интерактивті тақтаға арналған мазмұнды тапсырмалар әзірлеу.

1.1. «Ғажайып алма» ойыны. Шарты: «Алма» деген сөзді қатыстырып, фантастикалық тіркестер құра. Сол фантастикалық тіркестерді құрастырып, шағын ертегі шығар.

 

1.2. «Жаңа атау» ойыны.  Шарты: «тәрелке» деген сөзді пайдаланып, жер бетінде ешкім көрмеген, білмеген тың, жаңа фантастикалық заттардың күрделі атауын құрастыр. Сол атауды тақырып етіп фантастикалық шағын әңгіме құра.



 

1.3. «Сөз соңындағы ұйқас» ойыны. Шарты: екі команда бір-біріне кезекпен дайын ұйқас ұсынады. Қарсыластар сол ұйқастыпайдаланып, табан астында өлең шумақтарын шығаруға тиіс.

 

1.4.  «Жұмбақ сәбіз» ойыны. (Сәбіз болуы шарт емес). Шарты: оқушылардың алдына ыдысқа салынып сәбіз әкілінеді. Сәбіз үстел үстіне қойылғаннан кейін тапсырма оқылады. Тапсырма: «Алдымен, сәбіздің қастиеті қандай, соны іштей саралап алып, сәбіздің ерекшелігін жұмбақ етіп жеткізуге тырысыңдар».



 

1.5. «Сұрақ - жауап» ойыны. Шарты: оқушыға мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беруі керек.

Мысалы, сұрақ:

-   Қасқыр қарызынан қалай құтылады?

Жауап:

-   Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады.



-   Егін екпейтін кім?

-   Кімнің көзі елу?

-   Ең ардақты кім?

-   Адамдықтың белгісі не?

-   Надандықтың белгісі не?

-   Бәрі қайда, жау қайда?

 

1.6. «Кездейсоқ сөйлем» ойыны. Шарты: газеттен, журналдан алынған басқы тақырыптар беріледі. Оқушы осы тақырыпшаларды сөйлемге біріктіреді. Ол сөйлем жеңіл күлкі тудыратындай юморға құрылуы керек.



 

1.7. «Диалог-ертегі» ойыны. Шарты: мұғалім не оқушы шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні  бастап кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме-ертегіні бір-бірден сөйлеммен ары қарай жалғастырады. Мысалы, мұғалім былай бастайды: «Ертеде бір байдың еркетотай ұлы болыпты...» 1 – оқушы: «Сол ұлы көгалда көбелек қуып жүріп адасып кетіпті...» десе, 2 – оқушы одан ары қарай жалғастырады: «Қарны ашып, іші шұрқырап келе жатса, алдынан бір ешкі кезігіпті»... – міне осылай ертегі жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні жалғаса береді, ең соңғы оқушы ертегіні ұтқыр шешіммен аяқтауы тиіс. Және кімде-кім ертегі ішіне қызғылықты оқиға кірістіре алса, соның еңбегі жоғары бағаланады.

 

1.8. «Композиция» ойыны.  Берілген әңгіменің композициялық құрылымы бұзылып, ондағы бөліктер жасанды түрде алмастырылған. Оқушы міндеті – композициялық бөліктері орны – орнына қойып, әңгіменің желісін бұрынғы қалпына келтіру.



Жасанды бұзылған мәтін:

«Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың  жанына таяды.

Ақыры Болат:

-   Атаң ба? – деп сұрады қартты иегімен нұсқап.

-   Иә, көрші тұрамыз, - деп Айнұр басын изеді. Болат Айнұрдың «Көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық.»

Осы кезде қария:

-   Бұл қай бала? – деп құлағын тосты. Болат сасып қалып:

-   Ассалаумағалейкум, ата – дейді дауыстап.

-   Аман бол, балам. Көп жаса! – деді қарт кісі басын шұлғып.

-   Шамасы, Айнұрды білесің ғой деймін.

-   Иә, ата, - деді Айнұр. – Біздің класта оқиды. Жақсы бала.

«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті. Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді. Болат ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:

-   Шынында да, жақсы бала екен, - деп жатыр.

«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті дуылдап кетті.

Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды. Сосон тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді.Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.Кенет Айнұгға кездесіп қалғаны.

  Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап  келеді. Болат бірден «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екн ғой»,-деп ойлады.

Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінді.Қасында тұра баргісі бар. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.

-Сен паркке жиі келесің бе?

Болат басын шайқады.

-Ал мен үнемі осында келемін.

-Неге?-деп Болат таң қалды.

-Атам жалғыз өзі үйде отырып жалығады. Мен сабақтан келгесін, екеуіміз серуенге шығамыз,-деді Айнұр.

«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады. Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.

Кетерінде:

-Ата сау болыңыз!- деп қоштасты. Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен»

Ескерту. Оқушыға тапсырма ергенде мұғалімге жеңіл тию үшін (бірақ оқушыға көмегі жоқ) дұрыс мәтінді ұсынамыз. Балалар композициялық бөліктерді ойдағыдай құрастыра алмаған жағдайда ғана мұғалім осы дұрыс мәтінді оқиды. Сонымен, әңгіменің композициялық бөліктерінің орналасу реті:

Тақырып: Жақсы бала.

«Болат демалыс күні тәтесінің үйінде қонақта болды.Сосын тәтесінің баласы екеуі паркке барды. Қыдырды. Балмұздақ алып жеді. Сөйтіп, енді үйлеріне қайтып келе жатқан.

Айнұр қасындағы кісінің қолынан ұстап алыпты. Ал қарт кісі таяғының ұшымен жерді сипалап келеді. Болат бірден: «Мәссаған, мына кісінің көзі көрмейді екен ғой,» - деп ойлады.

Айнұр мен қарт орындыққа келіп отырды. Болат олардың жанына таяды. Айнұр оған жымиып күліп қойды.

Ақыры Болат:

-   Атаң ба? – деп сұрады қартты иегімен нұсқап.

-   Иә, көрші тұрамыз, - деп, Айнұр басын изеді.

Болат Айнұрдың «көрші тұрамыз» деген сөзіне қайран қалды. «Біреудің атасын «менің атам» дейді. Қызық».

Осы кезде қария:

-   Бұл қай бала? – деп құлағын тосты.

Болат сасып қалып:

-   Ассалаумағалейкум, ата, - деді дауыстап.

-   Аман бол, балам. Көп жаса! – деді қарт кісі басын шұлғып. – Шамасы Айнұрды білесің ғой деймін.

-   Иә, ата, - деді Айнұр. – Біздің класта оқиды. Жақсы бала.

«Жақсы бала» деген сөз Болатқа жағып кетті.

-     Сен паркке жиі келесің бе?

Болат басын шайқады.

-   Ал мен үнемі осында келемін.

-   Неге? – деп Болат таң қалды.

-   Атам жалғыз өзі үйде отырып жолығады.. Мен сабақтан келгесін, екеуміз серуенге шығамыз, - деді Айнұр.

«Қарай гөр. Өз атасы болмаса да, күнде серуенге алып шығады». Есіне ауылда апасы бір жаққа жұмсаса, кейде тыңдамай қашып кететіні түсті.

Болатқа енді Айнұр әп-әдемі болып көрінеді. Қасында тұра бергісі келеді. Бірақ бір түрлі қысылатын сияқты.

Кетерінде:

-   Ата, сау болыңыз! – деп қоштасты.

Айнұрдың атасы да ризашылықпен бірнеше рет басын изеді.

Ұзап бара жатып естіді, атасы Айнұрға:

-   Шынында да, жақсы екен, - деп жатыр.

«Жақсы бала» деген сөзді естігенде, беті буылдап кетті.

Ұзаңқырап барып артына қарап еді, Айнұр мен қарт кісі қол ұстасып, әрі қарай кетіп барады екен».

 

1.9. «Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл - әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы. Мысалы:



Болыпты бір пенде

Өзі аңғал, әпенде

Түбі тесік шелекпен

Су тасыпты ұзақ күн

Әй, жарымес әпенде!


Сабақтың тақырыбы:

Сыныбы:

9 -сынып




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет