Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
244-жаттығу.  Сөйлемнің  тыныс  белгілеріне  назар  аударып,  неліктен 
қойылып  тұрғанын  түсіндіріңіздер.  Сөздің  құдіреті  жайында  өз  ойларыңызды 
білдіріңіздер. 
 
Сөз құдіреті 
Баршамызды  да  ана  тіліміздің  көсегесін  көгертіп,  қолдану  аясын  кеңейту, 
мемлекеттік тілдің қамы, туған тіліміздің тылсым  иірімдеріне деген құмарлық 
толғандырары аян. Мен тіл маманы не әдебиет маманы  емеспін.  Тек ана тілін 
құлай сүйетін жандардың бірімін. 
Сөз құдіреті! 
Оның  бітпесті  бітірген,  жетпесті  жеткізген,  үзілгенді  жалғаған  мүмкіндігі. 
Бір  ауыз  сөз  опық  жегізіп,  өмір  бойы  өзегіңді  өкінішке  толтырса,  бір  ауыз 
орынды  айтылған  пікір  жадыңда  жатталып,  қуанышқа,  бақытқа  жеткізері 
ақиқат. 
Ұлы ғұламалар сөз құдіреті туралы талай ұлағатты ойлар айтқан. Артына 90 
томдық  туынды  қалдырған  орыстың  ұлы  жазушысы  Л.Н.Толстой:  «Сөз  –  ұлы 
нәрсе.  Оның  ұлылығы  мынада:  сөзбен  адамдарды  біріктіруге  болады;  сөзбен 
оларды  алшақтатуға  да  болады;  сөзбен  махаббат  отын  тұтата  аласың;  сөзбен 
жауласуға  да,  арбасуға  да  барасың.  Адамдарды  бір-бірінен  алшақтататын 
сөзден сақтан. Тіл – ұлттың жан дүниесі», – деген. 
Иә,  тіл  –  ұлттың  жан  дүниесі!  Расында  да,  қазақ  халқының  басында  талай 
қиын  нәубеттің,  зұлматтың,  қайғылы  күндердің  болғаны  тарихтан  белгілі. 
Қоралап  айдаған  малдың  қиқулап  қуса,  жаудікі  екендігін,  борандадып  соқса, 
жұттікі екендігін, үйге жиған жиһаз-мүлкін, бағалы тастарын, халық айтқандай, 
«Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екендігін» өмір талай дәлелдеді. Осындай 
ауыр  сәттерде,  сын  сағаттарда  атамекен  қонысын  тастап  босқан  халықтың 
өзімен бірге алып кетер бар байлығы  – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі 
ғана. (Ө.Озғанбаев) 
 
 
 

 
122 
Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмалары 
 
1. «Пунктуация» деген сөздің латын тілінде білдіретін ұғымы 
А) үтір 
В) жақша 
С) нүкте 
Д) кідіріс 
Е) интонация 
2. Үтірді алғаш рет кітапқа енгізген адам 
А) Н.Н.Пантусов  
В) С.Е.Малов 
С) Альд Мануций 
Д) Марк Теренций Варрон 
Е) Вараручи Катьяна 
3. Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін 
қойылатын тыныс белгісі 
А) көп нүкте 
В) қос нүкте 
С) нүктелі үтір 
Д) леп белгісі 
Е) сұрау белгісі 
4. Ма, ме, па, пе, ба, бе шылауларынан кейін қойылатын тыныс белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) нүкте 
Д) көп нүкте 
Е) қос нүкте 
5.  Сөйлем  ішіне  оның  бір  мүшесі  ретінде  кіргізілген  дәйексөзге  қойылатын 
тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) нүкте 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
6. «Бұлар өндіріс озаттары» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
7.  Ол,  бұл  деген  есімдіктерден  болған  бастауыштар  көпше  тұлғада  тұрса, 
олардан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 

 
123 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды 
8.  Бастауыш  –ған/-ген,  -қан/-кен  жұрнағымен  жасалған  есімшеден  болса, 
баяндауыш зат есім, есімше, есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін қандай 
тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
9. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, 
екеуінің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
10. «Жаяу Мұса Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің 
бірі» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
11.  Бастауыш  бірі,  біреуі,  екіншісі,  біріншісі,  көбі  деген  сөздерден,  баяндауыш 
атау  тұлғадағы  зат  есім  мен  –у  жұрнақты  етістіктен  басқа  сөз  таптарының 
бірінен болса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
12. Бастауыш бірі, біреуі, екіншісі, біріншісі, соңғысы деген заттанған сан есім, 
сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен 
не  тұйық  етістіктен  болғанда,  бастауыштан  кейін  қандай  тыныс  белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
13.  Бастауыш  өзінен  кейінгі  сөзбен  тіркесіп,  сөйлемнің  басқа  бір  мүшесімен 
шатасып кететін болса, одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 

 
124 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) үтір 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
14.  Сөйлемнің  бір  бөлігі  мұның  себебі,  оған  себеп  деген  сияқты  сөздерден 
жасалып,  екінші  бөлігі  тұтас  сөйлем  болып  келсе  қандай  тыныс  белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
15. «Бар болғыр, жай болушы ма еді?» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі 
А) қыстырма сөз 
В) қаратпа сөз 
С) оңашаланған айқындауыш 
Д) құрмалас сөйлем 
Е) одағай  
16.  Бастауыш  зат  есім  не  заттанған  басқа  сөз  таптарынан  болып,  баяндауыш 
болымсыздықды  білдіретін  емес  сөзі  тіркескен  есімдердің  бірінен  болса, 
бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) үтір 
С) сызықша 
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
17.  Мақал-мәтелдерде,  афоризмдерде,  өлеңдерде  сөйлемнің  баяндауышы 
түсіріліп,  ықшамдалып  айтылғанда,  бастауыштан  кейін  қандай  тыныс  белгісі 
қойылады? 
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша   
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
18.  Сөйлем  мүшелерінің  әдеттегі  орны  ауысып  келгенде  қойылатын  тыныс 
белгісі  
А) сұрау белгісі 
В) леп белгісі 
С) сызықша   
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
19.  «Байқаймын,  ол  мені  танитын  адамға  ұқсайды»  деген  сөйлемдегі  үтірдің 
қойылу себебі  

 
125 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
20.  «Пәләй  Мақұл-ақ  Ал  ендеше  мен  нені  айттым!?»  деген  сөйлемде 
қойылатын тыныс белгісі 
А) леп белгісі 
В) сұрау белгісі 
С) сызықша   
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
21. «Ә дегенше жетіп келді» деген сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгісі 
А) нүктелі үтір 
В) үтір 
С) сызықша   
Д) қос нүкте 
Е) тыныс белгісі қойылмайды  
22.  «Тобықты  ішіне  ең  алғаш  келген  арба  осы  Зеренің,  Құнанбайдың  кәрі 
шешесінің, көк арбасы десе де болады» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі  
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
23.  «Ұлы  орыс  халқының  бай  мәдени  мұрасының  бір  саласы  –  оның  тамаша 
мақалдары,  мәтелдері  –  қазақ  халқына  аудармалар  арқылы  таныс  болып, 
халық игілігіне айналып келеді» деген сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебі  
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) жалпылауыш сөз 
Д) оңашаланған айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше 
24. Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғандығын немесе сол ойдың ар 
жағында  айтылмай  қалған  тағы  бір  ойдың  бар  екендігін  не  болмаса,  асығып-
аптығып  сөйлеуге  байланысты  айтылмақшы  пікірдің  толық  айтылмағандығын 
білдіру үшін қойылатын тыныс белгісі 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
25.  Бірыңғай  мүшелердің  алдынан  жалпылауыш  немесе  жалпылауыш  мәнді 
сөздер келсе, жалпылауыш сөздерден кейін қандай тыныс белгісі қойылады? 

 
126 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
26.  Жалғаулықсыз  салаласқан  жай  сөйлемдердің  алдыңғысының  мағынасы 
соңғы  жай  сөйлемдер  арқылы  айқындалып  тұратын  болса,  мұндай  жай 
сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) нүктелі үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) сұрау белгісі 
27.  Түйген  ойды,  қағидаларды,  ережелерді  дәлелдеу  мақсатымен  алынған 
сөйлемдердің  алдында  мысалы  деген  сөз  қолданылатын  болса,  одан  кейін 
қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір  
28.  Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер  бірін-бірі  толықтырып  тұратын  болса, 
ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір  
29.  Жалпылауыш  мәнді  сөйлемнің  мәнін  ашып  тұратын  шартты бағыныңқылы 
сабақтас құрмаластар қандай тыныс белгісімен ажыратылады? 
А) үтір 
В) нүкте 
С) көп нүкте 
Д) қос нүкте 
Е) нүктелі үтір  
30.  Баяндап  отырған  мәселеге  автордың  көзқарасын,  өзіндік  пікірін  түрліше 
сезімін аңғарту үшін қолданылатын сөздер 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше  
31.  Сөйлем  мағынасын  айқындауға  қатысы  бар,  бірақ  сөйлемнің  өзге 
мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтін сөз 

 
127 
А) қаратпа сөз 
В) қыстырма сөз 
С) одағай 
Д) айқындауыш 
Е) бірыңғай мүше  
32. Жауап күту мақсатымен айтылған сөйлем 
А) сұраулы 
В) бұйрықты 
С) лепті 
Д) хабарлы 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
33.  Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  жинақтау,  оның  мәнін  ашып,  тұжырымдау 
мақсатында қолданылатын сөздер 
А) бірыңғай мүшелер 
В) жалпылауыш сөздер 
С) оқшау сөздер 
Д) айқындауыштар 
Е) дұрыс жауабы жоқ 
34.  Біреудің  ойлаған  ойын,  пікірін,  топшылауын  білдіретін  сөздер  мен 
сөйлемдер 
А) автор сөзі 
В) төлеу сөз 
С) төл сөз 
Д) оқшау сөз 
Е) диалог  
35.  «Сауатты  жазудың  негізгі  шарты  –  тыныс  белгілерін  дұрыс  пайдалану» 
(1941) деген мақаланың авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев   
Д) Р.Сыздық 
Е) Б.Әбілқасымов  
36.  «Сөйлемнің  тыныс  белгілерін  дұрыс  жаза  білейік»  (1939)  атты  мақаланың 
авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев   
Д) Р.Сыздық 
Е) Б.Әбілқасымов  
37.  «Қазақ  сөйлемінде  үтірдің  жазылатын  орындары»    (1936)  деген  мақаланың 
авторы 
А) Қ.Басымұлы 
В) М.Балақаев 
С) Ш.Сарыбаев   

 
128 
Д) Р.Сыздық 
Е) Б.Әбілқасымов  
38. «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» атты еңбектің авторы 
А) Н.Оралбай 
В) Ф.Мұсабекова 
С) Р.Сыздық 
Д) К.Аханов 
Е) Ә.Қайдар 
39. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды  –  неге  екені  белгісіз, 
қаймығады. 
В)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  –  неге  екені  белгісіз, 
қаймығады. 
С)  Ұлболсын  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды,  неге  екені  белгісіз, 
қаймығады. 
Д) Ұлболсын, – жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, – неге екені белгісіз, 
қаймығады. 
Е)  Ұлболсын  –  жауап  беруден,  сөйлесуден  тартынбайды  –  неге  екені  белгісіз, 
қаймығады. 
40. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның қолына су құй, 
Ботагөз. 
В)  «Жоғары  шық»,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  «Ағаңның  қолына  су 
құй, Ботагөз». 
С) – Жоғары шық,  – деді үйге кірген Асқарға Балтабек.  – Ағаңның қолына су 
құй, Ботагөз. 
Д)  «Жоғары  шық,  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек.  –  Ағаңның  қолына  су 
құй Ботагөз». 
Е)  –  Жоғары  шық  –  деді  үйге  кірген  Асқарға  Балтабек,  –  Ағаңның  қолына  су 
құй, Ботагөз. 
41. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  –  Ей  жігітім,  жылап  отырсың  ба?–  деп,  таңданып  қалды  менімен  бір 
купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
В)  –  Ей,  жігітім,  жылап  отырсың  ба?–  деп,  таңданып  қалды  менімен  бір 
купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
С)  –  Ей,  жігітім,  жылап  отырсың  ба?–  деп  таңданып  қалды  менімен  бір 
купеде келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз! 
Д) – Ей жігітім жылап отырсың ба?– деп таңданып қалды менімен бір купеде 
келе жатқан, қарсы полкада отырған қыз. 
Е) – Ей жігітім, жылап отырсың ба,– деп таңданып қалды менімен бір купеде 
келе жатқан қарсы полкада отырған қыз. 
42. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар. 
В) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, – қорқыныш қана бар? 

 
129 
С) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
Д) Жүзінде қайғы да жоқ қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
Е) Жүзінде: қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, қорқыныш қана бар. 
43. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  –  Бұл не  жұмбақ?  десті  екеуі  қосынан.  Көл  ортасында  бұл жалау  қайдан 
пайда болды? 
В) – Бұл не жұмбақ?– десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау қайдан 
пайда болды? 
С) «Бұл не жұмбақ?» – десті екеуі қосынан. Көл ортасында бұл жалау қайдан 
пайда болды? 
Д) – Бұл не жұмбақ – десті екеуі қосынан – көл ортасында бұл жалау қайдан 
пайда болды? 
Е) – Бұл не жұмбақ? – десті екеуі қосынан. – Көл ортасында бұл жалау қайдан 
пайда болды? 
44. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Сабақ деген сөздегі «са» буыны ашық буын. 
В) Сабақ деген сөздегі -са буыны – ашық буын. 
С) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны – ашық буын. 
Д) «Сабақ» деген сөздегі «са» буыны – ашық буын. 
Е) «Сабақ» деген сөздегі -са буыны, ашық буын. 
45. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Жолдастар, – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
В) – Жолдастар! – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
С) «Жолдастар», – деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
Д) – Жолдастар! – деді Павел. – Өмір бойы алға ұмтылайық! 
Е) Жолдастар деді Павел: – Өмір бойы алға ұмтылайық. 
46. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) –Менің есебімді бер! – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. 
В)  Менің есебімді бер, – деді, ол Кенжетай ұсталып кеткесін. 
С) – Менің есебімді бер – деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін. 
Д) «Менің есебімді бер! – деді ол», Кенжетай ұсталып кеткесін. 
Е) «Менің есебімді бер» – деді ол Кенжетай ұсталып кеткесін. 
47. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Сазамбай. Құп тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. 
(Дуана кетеді). 
В) Сазамбай. Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. 
(Дуана кетеді.) 
С) Сазамбай. Құп, тақсыр! Бәрі болады. Шайыңыз да, майыңыз да табылады. 
Дуана кетеді. 
Д)  Сазамбай:  –  Құп,  тақсыр!  Бәрі  болады.  Шайыңыз  да,  майыңыз  да 
табылады. Дуана кетеді. 
Е)  Сазамбай:  –  Құп,  тақсыр!  Бәрі  болады.  Шайыңыз  да,  майыңыз  да 
табылады. – Дуана кетеді. 
48. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 

 
130 
А)  Исатай  Ұмсынайға  қарап:  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май  беріп 
жатқан көрінеді. 
В)  Исатай:  –  Ұмсынайға  қарап.  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май  беріп 
жатқан көрінеді. 
С)  Исатай  (Ұмсынайға  қарап.)  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май  беріп 
жатқан көрінеді. 
Д)  Исатай  (Ұмсынайға  қарап).  Азыққа  не  бересің?  Жұрт  құрт-май  беріп 
жатқан көрінеді. 
Е) Исатай Ұмсынайға қарап. Азыққа не бересің! Жұрт құрт-май беріп жатқан 
көрінеді! 
49. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Темір: – Еһ тентек, қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де 
естідім. 
В) Темір: – Еһ, тентек, қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де 
естідім. 
С)  Темір.  Еһ,  тентек  қарындасым!  (Қол  алысып).  Ризамын,  жаным,  бәрін  де 
естідім! 
Д) Темір: «Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де 
естідім». 
Е)  Темір.  Еһ,  тентек  қарындасым!  (Қол  алысып.)  Ризамын,  жаным,  бәрін  де 
естідім. 
50. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А)  Біраз  жүгірген  соң  Асан  –  күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала  –  ұйықтап 
қалды. 
В) Біраз жүгірген соң, Асан: күндіз көп жүріп, шаршаған бала ұйықтап қалды. 
С)  Біраз  жүгірген  соң:  –  Асан    күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала,  ұйықтап 
қалды. 
Д)  Біраз  жүгірген  соң,  Асан  (күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала)  ұйықтап 
қалды. 
Е)  Біраз  жүгірген  соң,  Асан  –  күндіз  көп  жүріп,  шаршаған  бала.  (ұйықтап 
қалды). 
51. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
В) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
С) Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
Д) – Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 
Е) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». 
52. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) О, шіркін, осы ән ғой, құлақтан кіріп, бойды алар! 
В) О, шіркін, осы ән ғой «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
С) О, шіркін, осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
Д) О, шіркін, осы ән ғой: «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
Е) – О, шіркін! Осы ән ғой, «құлақтан кіріп, бойды алар»! 
53. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 

 
131 
А) – Абай, – былай деді, – Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. 
В) Абай былай деді: – Баланың жақсысы, қызық, жаманы, күйік». 
С) – Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 
Д) Абай былай деді: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 
Е) «Абай, – былай деді: Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік». 
54. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Айтты көндім, алды бердім, енді өкіндім, өзіме аз. 
В) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім, өзіме аз. 
С) Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. 
Д) Айтты – көндім, алды – бердім, енді – өкіндім, өзіме аз. 
Е) – Айтты – көндім, алды – бердім, енді өкіндім – өзіме аз. 
55. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
В) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ – енді базарға қарай бет алдық. 
С) Екі ақсақ, бір жел аяқ: үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
Д) Екі ақсақ, бір жел аяқ, үш боздақ: енді базарға қарай бет алдық. 
Е) Екі ақсақ, бір жел аяқ – үш боздақ енді базарға қарай бет алдық. 
56. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай, сөз бастау үшін. 
В) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді Итбай сөз бастау үшін. 
С) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай сөз бастау үшін. 
Д) – Бұл үйдің жаны нешеу? – деді, Итбай, сөз бастау үшін. 
Е) «Бұл үйдің жаны нешеу?» – деді, Итбай сөз бастау үшін. 
57. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Бәле, бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
В)  – Бәле бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
С) Бәле, бала, – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
Д) Бәле, бала – деді Мұхаң жымиып күліп, – бұл қулығың өтпес енді. 
Е) «Бәле, бала», – деді Мұхаң жымиып күліп, «бұл қулығың өтпес енді». 
58. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. 
В) Қалауын тапса, қар жанады деген мақал үлкен философия. 
С) «Қалауын тапса, қар жанады» деген мақал – үлкен философия. 
Д) – Қалауын тапса, қар жанады деген мақал – үлкен философия. 
Е) «Қалауын тапса қар жанады» деген мақал, үлкен философия. 
59. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. 
В) Аяғы жоқ – жүреді, аузы жоқ – сөйлейді. 
С) Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді. 
Д) Аяғы жоқ, – жүреді, аузы жоқ, – сөйлейді. 
Е) – Аяғы жоқ, жүреді, аузы жоқ, сөйлейді. 
60. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз 
А) – Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді! – деді. 
В) Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, – деді. 

 
132 
С) «Біздің халықта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді» – деді. 
Д) «Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді», – деді. 
Е) – Біздің халықта: «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, – деді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
133 
Орфография бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары 
 


13 

25 

37 

49 



14 

26 

38 

50 



15 

27 

39 

51 



16 

28 

40 

52 



17 

29 

41 

53 



18 

30 

42 

54 



19 

31 

43 

55 



20 

32 

44 

56 



21 

33 

45 

57 

10 

22 

34 

46 

58 

11 

23 

35 

47 

59 

12 

24 

36 

48 

60 

 
Пунктуация бөлімі бойынша тест тапсырмаларының жауаптары 
 


13 

25 

37 

49 



14 

26 

38 

50 



15 

27 

39 

51 



16 

28 

40 

52 



17 

29 

41 

53 



18 

30 

42 

54 



19 

31 

43 

55 



20 

32 

44 

56 



21 

33 

45 

57 

10 

22 

34 

46 

58 

11 

23 

35 

47 

59 

12 

24 

36 

48 

60 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
134 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет