Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата08.01.2017
өлшемі1,06 Mb.
#1448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

 
131-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдерге  үтір  қойып,  оны  ережемен  дәлелдеп 
түсіндіріңіздер. 
Шабандоздар мінген аттар сапқа сыймай тыпыршып ауыздықты сүзе тартып 
тұяқтарымен  жер  тарпиды.  (Ш.А.)  Бала  Қорықтағы  үйлерді  сарайды  қора-
қопсыларды бүгін көргендей күле қарайды. (Ш.А.) Мүмкін өстіп жүргенде кім 
біледі  осы  жайылымда  пайғамбарға  кездесіп  қалармын...  (Ш.А.)  Жалыныш-
сағыныш  па  өкініші  мен  өтініші  ме  әйтеуір  тебірене  қайырды.  (С.Ш.)  Тегі  ол 
жұрт  көңілінің  қызығы  мен  сыйы  болып  тұрғысы  келетін  адамдар  тобына 
жатпайды.  (С.Ш.)  Неге  екенін  кім  білсін  оның  баласы  да  менің  апама  ұқсап 
анасын  іздеп  жүріп  от  ішінде  қалған  сияқтанды.  (С.Ш.)  Сонымен  біраз 
томсарып отырып барып қайта қыбырласқанда Құнанбай ойдағы сөзін бастады. 
(М.Ә.)  Тегіс  сойыл  найза  айбалта  шоқпар  ұстаған  шабуыл  мен  соғысқа 
әзірленген  қол.  (М.Ә.)  Бар  түйенің  үстіне  артылған  жүктерді  жапқан  өңшең 
қара кілем қоңыр алаша қарала текемет көрінеді. (М.Ә.)  
 

 
63 
132-жаттығу. 
Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  үтірдің  қойылу  себебін 
түсіндіріңіздер. 
І. Ертеңіне түске тармаса Ұлпанымен Есеней, Есенейімен Ұлпан келді... Екі 
үйлі «түрікпен» қыстауының айналасы құлпырып тұр екен. Қардың суымен тез 
өсіп  шашақтана  бастапты.  Одан  әрі,  жарқырап  жатқан  көлге  дейін,  қара 
топырақты  жерге  шығатын  мың  түрлі  асыл  шөптер  гүл  атып,  қызылды-
жасылды шұбартып жатыр. Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл, көк гүлдері де 
қою  көрінеді.  Әр  жерге  топталып  өскен  тікендер  алтындай  жарқыраған  сары 
гүлдерін  төгіп  тұр.  Ауылдың  азғана  малы  көк  жазыққа  тұяғын  да  тигізбеген 
сияқты. Балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салған қалпында тұр. 
Қыстаудың  өзі  де  шоқ  ағаштың  қойнауына  салынған  екен.  Жазғытұрғы  самал 
жел ақырын-ақырын ескектеп, көк дүниені тербетіп қояды. Қазақ мұндай жерді 
көргенде, аунап-аунап алғысы келеді. 
Ұлпан пәуескеден түсе сала, көзін жұмып, мұрнын дала иісіне тосып, бір-екі 
кеудесін кере дем алды. (Ғ.Мүсірепов «Ұлпан») 
 
ІІ. Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе 
жатқан  ұлттық  тағамы.  Ол тек  тағам  емес,  сонымен  қатар  халықтың  қасиетін, 
дәулетін,  салтанатын,  байлығын,  мырзалығын,  дастарқан  берекесін  білдіретін 
ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, 
салт-дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. 
Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін 
саумал  дейді.  Оған  арнайы  ашытқы  қосылып,  екі-үш  күннен  кейін  ашиды. 
Алғашқы  қымызды  үй  иесі  өзі  ішпейді,  дәстүр  бойынша  ауылдың  үлкендерін 
шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны қымыз мұрындық дейді. 
Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына байланысты 
халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың әр түрін жылқы жасы 
атауымен атайды. 
Уыз қымыз – биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою қымыз. 
Бал қымыз – жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына келтіріп пісілген 
қымыз.  Бұл  басқа  қымызға  қарағанда  сары  әрі  қою,  дәмді,  жұғымды,  тұщы 
болады. 
Құнан қымыз – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз. 
Дөнен қымыз – үш түн сақталған, өте күшті қымыз. 
Бесті қымыз – төрт түн сақталып, ашуы әбден жеткен қымыз. 
Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды сары қымыз 
дейді. Мұның қуаты күшті әрі емдік қасиеті де жоғарылай түседі. Қыста қысыр 
биелерді қолда ұстап сауып, оны  қысырдың қымызы  дейді. Бұл нағыз сапалы, 
қасиетті  дәру  сусын  деп  бағаланады.  Қулық  биенің  (алғаш  құлындаған  бие) 
қымызын  қысырақтың  қымызы  дейді.  Жас  биенің  сүті  болғандықтан  бұл 
бірнеше  құлындаған  биенің  қымызынан  қуаты  да  жоғары  болады.  Бұрынғы 
қымыздың үстіне саумал қосылса, оны түнемел қымыз дейді. 
Қымыздың  бапталып,  күтілуі  де  үлкен  жұмыс.  Ол,  негізінен,  жылқы 
терісінен,  емен,  арша  сияқты  ағаштан  жасалған  ыдыстарға  дайындалады. 

 
64 
Теріден жасалған ыдыстың үлкенін  саба, кішісін мес, торсық деп атайды. Ол 
арша,  тобылғымен,  қайың  қабығымен  жиі-жиі  ысталып,  майланып  отырады. 
Сабадағы қымызға жылқының шикі қазысын салып көп пісілген  қымыз қуаты 
күшейіп, сапасы артады, ащы дәмі де азая түседі. Көп пісіліп, ащы дәмі кеткен 
қымызды өлтірілген қымыз дейді. Бұл өте жақсы деген ұғымды білдіреді. 
Қымыз  –  әрі  сусын,  әрі  тағам,  дертке  шипа,  жанға  қуат.  Дәулетті  адамдар 
қымызды  жазда  да,  қыста  да  ішіп  отырған.  Қымызды  піскен,  сапырған  сайын 
хош  иісі  артып,  тәбет  ашыла  түседі.  Қымыз  ыдыстары  да бөлек  ұсталып,  оны 
қымыз шара, қымыз аяқ, қымыз ожау деп қастерлеп айтады. 
Бие ағытылар алдында соңғы қымызды ауыл адамдарын шақырып, батасын 
алатын халықтық жақсы дәстүр бар. Мұны сірге жияр деп атайды. 
Бұл  қымыз  елдің  шипалы  сусыны,  азығы  ғана  емес,  мақтанышы  мен 
салтанаты  да  болған.  Бұрынғы  замандарда  өткен  ас,  той,  хан  сайлауларында 
арнайы  апаратын  сый-сияпат,  мырзалықтың  да  бас  белгісі  осы  қымыз.  Бұған 
келген  мырзалар  мен  байлардың,  жақсылардың  қай  дәрежеде  келгені  осы 
қымыз  бен  сойыс  мөлшерімен  есептелген.  1860  жылы  Ұлытауда  Бағаналы 
Найман  елінің белгілі азаматы Ерден Сандыбайұлына ас берілгенде  оған 1000 
саба қымыз әкелінген. Сонда әр сабаны шамамен 100-150 литрден есептегеннің 
өзінде 150000 литр қымыз құйылған. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
133-жаттығу. 
Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  үтірдің  қойылуына  назар 
аударыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
Баянауланы көргенде 
Ежелден есіміңе ғашық едім, 
Баурады Баянауыл асыл лебің. 
Қаныштың бұйра шашы секілденіп, 
Көрінді орман, тоғай, жасыл белің. 
 
Орансаң табиғаттан сыйға қалың, 
Жаннатсың, бар сырыңа иланамын. 
Көз екеу болғанменен, тілім біреу, 
Барыңды жеткізе алмай қиналамын. 
 
Кербез төр қарай берсем ғажабыңа, 
Ақбет тау қыздай екен ажары да. 
Аққұба Қаныш маңдай шың көрінді, 
Ақ шағыл тастар тартып назарына. 
 
Лүпілі жүрегімнің басылмады, 
Жер мен көк, су мен сәуле жасыл бәрі, 
Жарқырап үнсіз жатыр Жасыбай көл, 
Қаныштай күлім қаққан жасындағы.  
 

 
65 
Бірлікті бар қазаққа ырымдаған, 
Көрінді мінсіз таза ғұмыр маған. 
Ағаш та, су да, тау да 
Айтып жатты, 
Балдырған бала Қаныш сырын маған. (К.Салықов) 
 
Қаратпа сөздердің тыныс белгілері 
 
Ойдың  кімге,  неге  арналғанын  білдіретін,  тыңдаушының  көңілін  өзіне 
аудару  үшін  жұмсалатын,  сөйлемдегі  басқа  сөздермен  байланысқа  түспей, 
грамматикалық дербестігін сақтайтын оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз. Қаратпа 
сөзден кейін үтір, кейде леп белгісі де қойылады.  
 
ҚАРАТПА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Қаратпа  сөздің  сөйлемнің 
басында келуі 
Қаратпа сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қаратпа сөздің сөйлемнің соңында 
келуі 
Жапырақтар-ау,  сыбдырлап 
жерге  төгілгенше,  шерлі 
сұлуға  сая  болсаңдаршы! 
(Ж.А.) 
–Жоқ, Сүйіндік аға, білейік 
деп 
сұраймын. 
Сіздің 
үстіңізден шағым жиям деп 
сұрамаймын ғой! (М.Ә.) 
–  Астапыралла,  не  боп  қалды, 
шырақтарым-ау?  –  деді  Момын 
мен кемпір қосарланып. (Ш.А.) 
 
134-жаттығу.  Қаратпа  сөздердің  тыныс  белгілерін  қойып,  сөйлемнің  қай 
шенінде келгенін айтыңыздар. 
Қаратай сендерге берілген су егістікке жетпей, тазармаған арқы табанымен 
ақпай,  беталды  қашып,  сай-сайды  қуалап  жоғалып  жатады.  (Ш.А.)  Керімбала 
күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным таза дей алар 
ма екенсіз Абай?» – деп, сезігін айта бастады. (М.Ә.) – Шырағым-ау осы анада 
Бөжекең  аулына  жіберген  қыз  не  жайда?  Айғыз  бишара  қайтіп  қиды  соны? 
Жылатып  айырып,  қайтіп  қана  жіберді  екен?  –  деп,  бір  жағынан  наразы  боп, 
сұрастыра  бастады.  (М.Ә.)  –  Сүйіндік  аға  осы  мына  сіздің  жердің  алдындағы 
Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен?  – деді. (М.Ә.) – 
Тұра  ғой  айналайын  жылырақ  киініп  ал,  маған  көмектесесің.  Тұр,  тұра  ғой, 
ұйқыңды аш! – деді сыбырлап шал. (Ш.А.) – Мынауың тамаша екен Құлбек, – 
деді бұлармен қатар келе жатқан шофер жігіт. (Ш.А.) – Мә балақай бар да ана 
шоққа салып пісіріп же! Дүниеде маралдың бүйрегінен тәтті тағам болмады, – 
деді.  (Ш.А.)  –  Шыдай  тұрыңдар  қошақандарым.  Ертең  кешке  дейін  ғана 
шыдаңдар.  Әйтпесе  Жәкеңнің  пышағы  қайраулы  көрінеді.  Шыдаңдар,  –  деп 
Айгүл  әр  қозының  басын  бір  сипады.  (Ғ.Мүс.)  –  Шырағым-ау  мынау  бұғылар 
ғой, бұлар мұнда қайдан жүр? (Ш.А.) 
 

 
66 
135-жаттығу.  Абай  өлеңдеріндегі  қаратпа  сөздерді  тауып,  мәтінді  көшіріп 
жазыңыздар.  Қаратпа  сөзге  байланысты  қойылған  тыныс  белгілерін 
түсіндіріңіздер. 
 
Жүрегім, нені сезесің 
Сенен басқа жан жоқ па? 
Дүниені, көңілім, кезесің, 
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! 
*** 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. 
*** 
Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, 
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. 
Жан құмары дүниеде немене еккен –  
Соны білсең әрнені білгендерің. 
*** 
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? 
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. 
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, 
Сырласалық, бермен қайт. 
 
136-жаттығу.  М.Шаханов  өлеңдерінен  қаратпа  сөздердің  сөйлем  ішінде 
орналасу тәртібіне қарай 2 мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
 
Қаратпа сөз басында 
Қаратпа сөз ортасында 
Қаратпа сөз соңында 
 
 
 
 
137-жаттығу.  Драмалық  шығармадағы  қаратпа  сөздерді  тауып,  сөйлемнің 
қай  шенінде  келгенін  айтыңыздар,  тыныс  белгілерінің  қойылуын 
түсіндіріңіздер. 
 
Қанапия мен Шәрбану 
(Үзінді) 
Шәрбану кіріп келіп, Қанапияны көріп, именген, қуанған сипатты қызарып, 
шешесінің қасына келіп, бір қолымен жер таянып отыра кетеді. 
Қанапия (қозғалып, ажарланып). Көңілі-қарың тиыш па?! 
Шәрбану (бір қолымен иегін ұстап). Шүкір. 
Ұмсынай. «Кімді айтса, сол келеді» деген рас-ау, сені ауызға алғанымыз сол 
еді. 
Шәрбану (Қанапияға көзін төңкеріп, қылымси қарап). Апа, менің не керегім 
бар? 

 
67 
Ұмсынай.  «Қайда  кетті»  деп  Қанаш  сұрағанға  айтам.  Қарағым,  Қанашқа 
самауыр қайнат. Ана шелекте су тұр. 
Шәрбану  (ынтасы  Қанапияға  ауып,  апасының  сөзін  естімейді).  Апа,  маған 
не істе дедің? 
Ұмсынай (ұршығын иіріп отырып). Қанашқа самауыр қайнат деймін. 
Шәрбану (аздан соң). Ағаш бар ма еді, апа? 
Ұмсынай.  Ескі  қораптың  малы  жатқан,  түйенің  құмалағын  қосып 
қайнатарсың! 
Шәрбану (көңілі бөлініп отырып). Апа, әлгі не қайда? Немене еді? Есімнен 
шығып кеткенін қарашы. Е, сіріңке, сіріңке. 
Ұмсынай.  Сіріңке  жүктің  арасында  шығар.  (Шәрбану  шелекті  алып 
шығады.) (Ж.Аймауытов) 
 
138-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үтір  және  леп  белгісімен  келген, 
сөйлемнің  түрлі  шенінде  (басында,  ортасында,  соңында)  орналасқан  қаратпа 
сөздерді тауып, әр түріне екі мысалдан жазыңыздар.  
 
139-жаттығу.  Мәтіндегі  қаратпа  сөздердің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып, 
жаттығуды көшіріңіздер.  
(Жер хабарын бермесін)  Табай сараң адам  екен. Жолаушылап келе  жатқан 
Торғай  дуанының  елге  белгілі  екі  биі  Қорғанбек  пен  Дәуренбек  Табай 
ауылының сыртына келіп түсуге рұқсат сұрапты. 
– Қонақ күтетін  уақытым  жоқ,  – депті  Табай. Бұған қатты ренжіген  екі би 
аттанып кетіпті. 
Келесі  жылы  сол  екі  бидің  ауылына  Табай  келіп  түсуге  рұқсат  сұрапты. 
Былтырғы іске қатты өкпелеген билер «кет» демесе де, онша жақсы рай таныта 
қоймаса керек. 
Табай сонда ауыл ортасындағы қотанға келіп ат ойнатып: 
–  Уа  қу  құдай  Билігіңе  таласқан  жоқпын  қу  құдай  Мырзалығыңа  таласқан 
жоқпын  қу  құдай  Байлығыңа  таласқан  жоқпын  қу  құдай  Өзің  берген 
сараңдығың бар еді, мына Шақшақ балалары оны да алам деп сіресіп жатыр қу 
құдай  Енді  маған  не  қалды  қу  құдай  –  деп  айнала  шапқан  екен  дейді.  Мұны 
естіген билер: 
–  Бір  ашуыңызды  беріңіз  Тебеке  Қателік  бізден  екен,  –  деп  ат  үстінен 
көтеріп алған екен дейді-ау. (С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 

 
68 
Қыстырма сөздердің тыныс белгісі 
 
Баяндап  отырған  мәселеге  автордың  көзқарасын,  өзіндік  пікірін,  түрлі 
сезімін аңғарту үшін қолданылатын, сөйлемнің басқа сөздерімен байланыспай, 
оқшау тұратын сөздерді қыстырма сөз дейміз. 
 
Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері 
Кісінің 
көңіл 
күйін, 
сезімін 
білдіреті
н сөздер 
Айтылған  ойға 
нануды, 
жорамалдауды 
білдіретін 
сөздер 
Айтылған 
ой 
кімнің 
тарапынан 
шыққанын 
білдіретін 
сөздер 
Ойдың  желісін,  ретін 
білдіретін сөздер 
Тыңдаушының 
назарын  аудару 
үшін  айтылатын 
сөздер 
амал 
қанша, 
бақыты
мызға 
қарай, 
несін 
айтасың 
т.б.  
әрине,  әлбетте, 
рас,  сөз  жоқ, 
сірә, 
мүмкін, 
шамасы, 
расында, 
шынында,  бәсе, 
бәлкім, 
айтпақшы, 
шынын 
айту 
керек, 
өзіңіз 
білесіз т.б. 
...  айтуынша,  ... 
айтқандай, 
меніңше, 
сеніңше,  ...,  ... 
ойынша, 
әлі 
есімде, 
ұмытпасам т.б. 
біріншіден, ..., ... әуелі, 
алдымен, 
демек, 
сөйтіп, 
қысқасы, 
ақырында, 
әйтеуір, 
ендеше, 
керісінше, 
мысалы, 
негізінен, 
сонсын,  сосын,  бір 
жағынан, 
..., 
бір 
сөзбен 
айтқанда, 
былайша 
айтқанда, 
сайып келгенде т.б. 
айталық, 
өздеріңізге мәлім, 
көріп  отырсыз, 
шынында,  міне, 
әне, 
қане, 
байқаймын, 
байқайсыз 
ба 
т.б. 
 
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН
 
ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің басында келуі 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің соңында келуі 
Әрине, 
оған 
теңіз 
жағасының 
сүреңсіз, 
жүдеу  тірлігі  ұнамасы 
анық. (Ә.Н.) 
Бірақ, амал қанша, баланың осы бір 
әділ  арманын  ескеріп,  іске  асырып 
жатқан үлкендер жоқ. (Ш.А.) 
Қартайған  шақта  жай 
жүруге  көндігейін  деген-
ау, сірә. (Ш.А.) 
 
140-жаттығу. 
Сөйлемдерді  көшіріп,  қыстырма  сөздердің  тыныс 
белгілерінің қойылуына назар аударыңыздар. 
Бірақ  тайпалма  жорға  Гүлсары  Александровка  қырқасынан  соңғы  рет 
асқанын, енді, міне, ақырғы аттам жерлер жүріп келе жатқанын Танабай білген 
жоқ еді. (Ш.А.) Байтақ бұрын қазақ тілінде зат есім мағынасында қолданылып, 
«белгілі бір этникалық-территориялық единица» (мысалы, хандық сияқты), «ел, 
жұрт»  деген  мағынаны  білдірген.  (Р.С.)  Сөйтіп,  тілімізде  қазіргі  кезде  ешбір 
грамматикалық мағына білдіре алмайтын қалдық формалар да бар екен. (С.И.) 
Сөйтіп,  қаланың  ұлығы  мен  даланың  сойқанды  бұзығы  Абайға  қарсы  іштей 
табысқандай боп айырылысты. (М.Ә.) Еміс-еміс естуімше, қыздың бір дұшпаны 

 
69 
(неге  дұшпан  болатыны  айтпай-ақ  мәлім!)  қызға  мен  жіберетін  өлеңдердің 
біреуін  түсіріп  алады.  (С.М.)  Расында,  бұрын  бұл  өзін  «аға  сұлтан  Құнанбай 
баласымын»  дейтін  де,  «бар  Құнанбайдың  есебі  түптің  түбінде  бір  жерден 
шығады»  деп  білетін.  (М.Ә.)  Сөз  жоқ,  мұндай  феномендер  ертедегі  әдеби 
мұраларды  тілі  жағынан  біршама  өзгертпей  жеткізуге  себепкер  болғанға 
ұқсайды. (Р.С.)  
 
141-жаттығу.  Мына  қыстырма  сөздерден  сөйлем  құрап,  олардың 
мағыналық жақтарына түсінік беріңіздер. 
Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, негізінен, 
амал  қанша,  шынын  айту  керек,  бір  сөзбен  айтқанда,  меніңше,  әрине, 
бақытымызға қарай, алдымен. 
 
142-жаттығу.  Қыстырма  сөздерді  тауып,  қаратпа  сөздермен  салыстырып, 
ұқсастық, айырмашылығына тоқталыңыздар. 
Енді, міне, ана баурындағы соңғы алданышы – қырықтан асқасын көтерген 
сүт  кенжесі...  (Ә.Н.)  Әне,  әншиіндегі  қақпақтай  кең  жауырыны  күжірейіп 
тартып  барады.  (Ә.Н.)  Рас,  ол  кісі  мойнында  кегін  жібермейтін  жау.  (Ә.Н.) 
Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы мен жарық та кезек жеңіп, тірлік үшін 
бұлар  да  тартысып  жатады.  (Ә.Н.)  Шамасы,  сірә,  бұл  ат  та  Кәлен  қолынан 
шыққан  болар  деп  ойлады.  (Ә.Н.)  Рас,  түн  ішінде  адасып  кетуі  де  кәдік  еді, 
бірақ  Танабай  бұл  жерлердің  ой-шұқырын  бұрыннан  бес  саусағындай  білетін, 
тек ат шыдаса болғаны. (Ш.А.) Бәлкім, ол жорғаға мінгісі де келмеген шығар. 
(Ш.А.) Рас, Танабай әлі әрі-сәрі, бірақ Шора көндіретінін іші сезеді, бұ жолы да 
Шораның айтқанынан шыға алмас. (Ш.А.) Әлбетте, мал болған соң, шығынсыз 
болмайды.  (Ш.А.)  Шынында,  Сарыбек  бүгін  әдейі  бел  шешіп  салғыласуға 
кіріскендей, досының да, басқалардың да беделіне қарамай сөйлеп тұр. (Ш.А.) 
Жалғыз тісінің өзі найзадай болып бес-алты метрге салбырап кеткен кереметтен 
қорықпауға  болар  ма  екен,  сірә?  (С.Ш.)  Оның  білдіруінше,  бұл  адамдар 
арасында тағы да бітпейтін кесір дау бар. (М.Ә.) Міне, жайқалған егін арасынан 
әлдебір төмпелер қылаң береді. (С.Ш.) Қысқасы, бір құдіретті қолдың күшімен 
үй  де,  күн  де  өзгеріп,  айрықша  нұрланып  кетіпті.  (С.Ш.)  Сөйтіп,  осы  белдің 
ойына  қарай  құлай  бергенде,  жорға  Жұмабай  арт  жағынан,  сол  иығы  тұсынан 
тасырлатып  кеп  қосылған  бір  дүсірді  есітті.  (М.Ә.)  –  Әділет,  сенің  ойыңша, 
біреудің басына күн туса, соның орнын тартып алу ғой? (М.Ә.)  
 
143-жаттығу.  Өздеріңіз  сүйіп  оқитын  ақындарыңыздың  өлеңдерінен 
қыстырма сөздер кездесетін өлең шумақтарын көшіріп жазыңыздар. 
Мысалы, Аспан тұр, міне, күркіреп,  
Шөміш қақ, әже, ырымдап. 
Көктер ме егін дүркіреп, 
Көк биең аман құлындап. (М.Мақатаев) 
 

 
70 
144-жаттығу.  Қыстырма  сөздердің  сөйлемдегі  айтылған  ойға  қандай 
мағыналық реңк үстеп тұрғанын ашып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Енді міне Ақлима апай көрінген жұртқа балам келе жатыр деп күтіп отыр. 
(Ғ.Мүс.)  Әрине  негізгі  сөзге  тіркескен  көмекші  сөздің  бәрі  бірдей  сөздің 
аналитикалық  формасын  жасай  бермейді.  (С.И.)  –  Е,  төрелер,  жол  болсын! 
Қаладан  келесіздер  ме?  Жол  шеті?  Не  ретпен  шығып  едіңіздер?  Жай  ма, 
тыныштық  па  әйтеуір?  (Ғ.Мүс.)  Сөйтіп  сөз  әртүрлі  тұлғалар  арқылы 
түрленудің,  сөзге  түрлі  форма  тудыратын  тұлғалардың  қосылуы  нәтижесінде 
оның  көптеген  формасы  пайда  болады.  (С.И.)  Айтқанындай  түн  асып,  ертеңгі 
күн бесінге жеткен шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары 
түгелімен Тәкежанның қалың қос жылқысын тұп-тұтас, қызыл жоса қан қылып, 
қырып  салды.  (М.Ә.)  Грамматикалық  форма  деген  ұғымға  ең  алдымен  сөзге, 
түбірге  үстелетін  қосымшалар,  сондай-ақ  префикстер  мен  жүйелі  түрдегі  ішкі 
флексия, супплетивтік тәсіл жатады. (С.И.) Ең әуелі жайдақ суға  теңгердіңіз... 
Екінші  ел  алатын  тәсілді  айттыңыз...  Үшінші  орысты  айттыңыз.  (М.Ә.)  Бүгін 
қойды  кеш  сауып  болған  ба  немене  ымырт  жабылып  қалыпты.  (М.Ә.)  Ербол 
досына жаны ашығандай сөйледі: «Бәсе жүзі де ашаң тартыпты... Нені мұңдап 
кеттің тағы да?» – деп, енді Абайға ұзақ қарады. (М.Ә.) Олардың айтуынша дәл 
осы  отырған  ұры,  исі  Арғын,  Наймандағы  ең  бір  барып  тұрған  қаныпезер 
баукеспенің өзі. (М.Ә.)  
 
145-жаттығу.  Мәтіннен  қыстырма  сөздері  бар  және  жоқ  сөйлемдерді  бір-
бірінен  ажыратып,  тиісті  тыныс  белгілерін  қоя  отыра,  бағанға  бөліп 
жазыңыздар.  
Үлгі 
Қыстырма сөзі бар сөйлем 
Қыстырма сөзі жоқ сөйлем 
Немене, шабыныңды басар деп қорқамысың?  Немене айтып отырғаныңды өзің түсінемісің? 
 
Оның кешігіп жүруі мүмкін емес. Мүмкін бұл Максим Горькийдің жазған 
беташарының әсері болар. Бала кезде естіген ертегілерім әлі есімдеӘлі есімде 
бір күні тауға шықтық. Биыл  несін айтасың  егіннің шығымы өте  жақсы! Бұл 
сөзді  бұрын  мен  естігенмін,  қайталап  оны  несін  айтасың.  Мен  саған  бірдеңе 
айтпақшы  едім.  Айтпақшы  сол  жүнді  колхоздың  отарларында  тонналап 
қырқып  жатады...  (Ш.А.)  Рас  қазақ  тілінде  адамға  байланысты  есім  сөздер 
тікелей  жіктеледі  де,  жіктік  жалғау  тікелей  сол  түбірге  жалғана  алады.  (С.И.) 
Оның  айтқаны  рас  екен.  Екінші  ел  алатын  тәсілді  айттыңыз.  (М.Ә.)  Екінші 
тілек тілеңіз, Ер шұғыл пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. (Бұқар жырау)  
 
146-жаттығу.  Мәтінді  қыстырма  сөздердің  тыныс  белгілерін  қойып, 
көшіріңіздер. Қыстырма сөздердің астын бір, қыстырма сөз тіркестерінің астын 
екі,  қыстырма сөйлемдердің астын үш сызықпен сызыңыздар.  
Осы кезде Құнанбайға Жексен шаққан болу керек әкесі Абайға айғайлады. 
(М.Ә.)  Байжанның  қолына  түскен  материалдарға  қарағанда  ұзын  сөздің 
қысқасы  осы  дәуірге  шейін  Сырдың  асау  суын  бағындырған  бір  ел  де,  бір 

 
71 
мемлекет  те  болмаған.  (С.М.)  Сөз  жоқ  барлық  сөздер  әрине  олар 
грамматикалық  сипаты  жағынан  белгілі  сөз  таптарына  жатады,  «тілдің  сөздік 
құрамына  енеді»,  бірақ  бұл  екеуі  екі  түрлі  құбылыс  қой.  (С.И.)  Шыңғыстан 
Жақып,  Шоқан  (жұртқа  мәлім  Шоқан  Уәлиханов),  Мақы,  Махмет  туады.  – 
Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! – деді Итбай. (С.М.) 
Сөйтіп  сөздерді  біріктіру,  тіркестіру,  қосарлау  (сөзжасамға  қатыстысы)  жеке-
жеке  сөзжасам  үлгілері  болып  табылады.  (С.И.)  Өлең  шарттылығына 
байланысты  және  белгілі  бір  регион  тұрғындарына  (Қ.Өмірәлиевше  Батыс 
Қазақстан  өлкесіне)  біршама  түсінікті  болғандықтан,  кейбір  лексикалық  және 
грамматикалық  көнеліктер  өзгермей  жеткен.  (Р.С.)  –  Ақыл  аға!  Осы 
айтқаныңыз  мен  білсем  талай  хакім,  ойшылдардың  да  сан  кітаптарында 
осылайша қойған сауалы сияқты... – деп Мағашқа қарады. (М.Ә.)
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет