Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет30/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
Тасымал 
Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: 
ба-лу-ан, тәр-бие, өне-ге-лі, сал-мақ-ты. 
Тасымалданбайтын сөздер 
Бір 
буынды 
сөздер 
Бас 
әріптен 
қысқарған 
сөздер 
Қысқартылған 
кісі 
есімі 
фамилиядан 
айырып 
тасымалданбайды 
Цифр 
арқылы 
таңбаланатын 
сандар 
қысқарған 
атауларынан 
бөлінбейді 
Сөздің жеке әрпін 
сол 
жолдың 
өзінде не келесі 
жолға қалдыруға 
болмайды 
спорт, ұлт ИнЕУ, ҚазҰПУ С.Мұқанов 
5 т, 30 м 
і-лім, а-на 
90-жаттығу. Төмендегі сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен 
(-) бөліп көрсетіңіздер. Тасымалдауға келмейтін сөздерді бөлмей көшіріңіздер.
Үлгі: жұ-мырт-қа, ар-ман. 
Буын, білім, үлгі, ынта, тиін, өнер, жұмыртқа, арман, сауат, қиял, еңбек, 
әнұран, бірыңғай, абырой, әділ, амандық, қасиет, әлем, ақыл, зейін, зиялы, 
инабат, оқу, өнеге, әрекет, өсиет, ұлағат, өмір, ықылас, ажуа, ілім, ПМПИ, 
М.О.Әуезов, 25 га, 5 кг, Ғ.Мүсірепов, БҰҰ, ҚР, сәуегей, Қазақстан, іріткі, суық, 
биыл, мұқият, құмырсқа, спектр, стенд, қияңқы, қиямет. 


34 
91-жаттығу. Сөздерді тасымалдауға болатынын бір бөлек, тасымалдауға 
болмайтынын бір бөлек көшіріп жазыңыздар. 
Қиын, Адамата, айқас, А.Құнанбаев, ақуыз, мәдениет, дүние, айыл, әзіл, 
Ресей, Сәкен, ақылы, ҚазҰПУ, 5 метр, ажал, 2011 жыл, Ғ.Мұстафин, қияр, 
суыр, киіз, сояу, ағашаяқ, алабұта, ақыл-ес, ашықауыз, белағаш, бесаспап, 
биялай, буынаралық, дүнияуи, иллаһи, кәусар, кейқуат, көкаяз, көзақы, әкімият, 
ащыот, ПМУ, 21 кг, 9 т, спорт, ұн, бауырсақ, әлем. 
 
92-жаттығу. Төмендегі жаттығудан тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп 
жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
Аурудан аяған күштірек 
Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып 
кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп 
шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ 
түгіл сынған аяғын орнына салып, таңып жатқанда да дыбысын шығармай, 
қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: 
– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады. 
Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты 
дейді: 
– Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның 
қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, – деді. 
(Ы.Алтырсарин) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет