Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет2/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

І БӨЛІМ 
ОРФОГРАФИЯ 
Орфография (грек. оrthographia, orthos – дұрыс, grapho – жазу, жазамын) – 
жазудың біркелкілігі үшін ережелер жүйесін жасайтын тіл білімінің саласы.
Қазақ орфографиясының принциптері 
Тіліміздегі сөздер фонетикалық, морфологиялық-фонематикалық және 
тарихи-дәстүрлік принциптер бойынша жазылады. Фонетикалық принцип – 
сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырауы негізге алынып, айтылуы (естілуі) 
бойынша жазылуы; морфологиялық-фонематикалық принцип – сөздердің 
айтылуында көршілес дыбыстардың дыбыстық өзгерістерге түсуі ескерілмей, 
түбір тұлғасы (негізгі фонемалық түрі) сақталып жазылуы; тарихи-дәстүрлік 
принцип – сөздердің тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы. 
Принцип
морфологиялық-фонематикалық 
фонетикалық 
тарихи-дәстүрлік 
жарқабақ 
бүгін 
совхоз 
қарақалпақ 
білім 
хат 
ақуыз 
пәуеске 
хал 
1-жаттығу. Орфографиялық принциптерге мысал келтіріп, ережесін 
түсіндіріңіздер. 
Үлгі. Морфологиялық принцип:
жазылуы айтылуы 
жазса – жасса 
сенбі – сембі
 
2-жаттығу. Асты сызылған сөздердің ережесін еске түсіріп, қандай 
орфографиялық принцип бойынша жазылғанын анықтаңыздар.
Төмен сырғанақтаған бөшкені бүктетіле тіреп, сілеусін көзі ызғар шаша 
қарап қалғаны Танабайдың көз алдынан кетпей қойды. (Ш.А.) Бейшара несіне 
жетіседі, мұның халінде бетегеден биік, жусаннан аласа тірліктен басқа не бар... 
(Ш.А.) Биыл Қарауыл суы мол тасып, Жидебай, Мұсақұл үстіндегі кең қорық 
көк жайқын қалың шалғын боп келе жатыр еді. (М.Ә.) Дәл бүгін осы қонысқа 
жеткенше бұл ауылдар өзге Шыңғыс бөктерінен көшкен Бөкенші, Жігітекті 
қуып жете алмаған. (М.Ә.) Сүйтіп, қазаннан жаңа түскен ет бір қолдан бір қолға 
лып-лып етіп, салқындамай, тоңазымай лезде жетіп тұрды. (М.Ә.) 
Бердіқожаның көнген хабарын алысымен Құнанбай қалың малды, жыртысты 
бір-ақ жібертті. (М.Ә.) 
3-жаттығу. Төмендегі үзіндіден морфологиялық және фонетикалық 
принциптер бойынша жазылған сөздерді тауып, ережесін түсіндіріңіздер.
Ерліктің негізі – сүйіспеншілік. Кісі сүйгенінің құлы да, құрбаны да 
болады. Отанын сүйген солдат ол үшін отқа да, суға да түседі. Сөйтіп, саналы 



түрде ерлік жасайды. Ол ерлікті қай күні, қай сағатта жасайтынын солдаттың 
өзі білмейді. Сәт сағаты жетіп, жан толқыны тулап, шиыршық атып аспанға 
шапшығанда, солдаттың жұдырықтай жүрегінен ерліктің жалыны бұрқ ете 
лаулап атылады. Дүниені дүлей тасқын кернейді. Жер сілкініп, тау төңкеріледі. 
Күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солдат ерлік жасағанда осындай болады! 
Бірақ солдат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді 
атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі. 
Ерлік жасаған сәтте солдаттың басындағы ой осы ғана болады. Өзінің ерлік 
жасағанын өлген солдат білмей кетеді, тірі қалған артынан ұғады. Онда да 
алғашында ол ондай ерлік жасаған емес, басқа біреу болар деп ойлайды. 
Мінеки, ерліктің ешқандай есепке көнбейтіні де сондықтан! (Ә.Нұршайықов 
«Ақиқат пен аңыз») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет