71
мемлекет те болмаған. (С.М.) Сөз жоқ
барлық сөздер әрине олар
грамматикалық сипаты жағынан белгілі сөз таптарына жатады, «тілдің сөздік
құрамына енеді», бірақ бұл екеуі екі түрлі құбылыс қой. (С.И.) Шыңғыстан
Жақып, Шоқан (жұртқа мәлім Шоқан Уәлиханов), Мақы, Махмет туады. –
Астапыралда (солай дейтін оның кейде әдеті болушы еді)! – деді Итбай. (С.М.)
Сөйтіп
сөздерді біріктіру, тіркестіру, қосарлау (сөзжасамға қатыстысы) жеке-
жеке сөзжасам үлгілері болып табылады. (С.И.) Өлең шарттылығына
байланысты және белгілі бір регион тұрғындарына (Қ.Өмірәлиевше
Батыс
Қазақстан өлкесіне) біршама түсінікті болғандықтан, кейбір лексикалық және
грамматикалық көнеліктер өзгермей жеткен. (Р.С.) – Ақыл аға! Осы
айтқаныңыз
мен білсем талай хакім, ойшылдардың да сан кітаптарында
осылайша қойған сауалы сияқты... – деп Мағашқа қарады. (М.Ә.)
147-жаттығу. Көркем шығармалардан қыстырма сөздерге,
сөз тіркестеріне
және сөйлемдерге бес мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар.
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөз тіркестері
Қыстырма
сөйлемдер
148-жаттығу. Мәтіннен үлгіге сәйкес қыстырма сөздері бар я жоқ
сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып, тыныс белгілерін қоя отыра, бағанға бөліп
жазыңыздар. Ережемен дәлелдеп түсіндіріңіздер.
Үлгі
Қыстырма сөздері бар сөйлемдер
Қыстырма сөздері жоқ сөйлемдер
Достарыңызбен бөлісу: