Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет64/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

164-жаттығу. Мәтіндегі бірыңғай мүшелердің арасындағы үтірдің қойылу 
мәнін талдап көрсетіңіздер. 
Енді тостақты да, табақты да, қасықты да, сырғаны да, кірленді де – бәрін 
шетінен алюминнен долбарлай береді, қайда барма, бәрі сол (Ш.А.). Кеңесе 
келе Абай Тобықтының өзі ән шығара қоймайтынын, әннің көбін сол 
Қарқаралы, Баян, Қараөткелден алатынын және сол алғанын да оншалық 
келістіре алмай, бұрып, ырғақсыз ғып әкететінін айтты (М.Ә.). Сазарған түсінен 
не көнгендігі, не қарсылығы байқалмайды. (Ғ.М.) Толқын біресе жарды сүзіп, 
біресе қайтып, буырқанып жатыр екен. (С.М.) Ел адамдары да, құрбы-
құрдастары да Сәкенге ілтипат білдіріп, оның аузынан шыққан сөзге мән бере 
қарайтын боп қалыпты. (Т.К.) Сүп-сүйкімді уылжыған жігітке үлкендердің де, 
қыз-келіншектердің де көзі түскіш-ақ емес пе?! (Т.К.) Бұлар ертеден осы қалаға 
орналасып, жаяу кәсіппен күн көріп отырған адамдар: әйелдері тон тігеді, 
еркектері етік тігеді, ойық тазалайды, әркімнің отын-шөбін тасып береді. 
(Ғ.Мүс.) Әрі шабыт шалған, әрі күн шұғыласы шалған, шапшыған жігіт Абай 
көзіне ақ мәрмәрдан ойылған, әсем біткен, тас тұлғадай көрініп еді. (М.Ә.) Осы 
кезде домбыраны Мұқа алды да, үй ішін тегіс елең еткізіп, сергітердей боп, 
шырқап кетті. (М.Ә.)
 


78 
165-жаттығу. Мәтінді оқып, бірыңғай мүшелерге жалпылауыш сөз қосып 
көшіріңіздер, олардың тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Сарғайып қураған шөптер де бұталар да бұталардың жапырақтары да 
жаңбыр суын жұтып жасарыңқыраған сияқты. (С.С.) Сайлы ер-тоқым сары 
жезден жасалған үзеңгі сылдыр қағатын сағалдырық пен өмілдірік күмістей 
жылтырайды. (Ш.А.) Жамыраған қой азынаған сиыр өкірген бұқа айғайлаған 
бала ауқаулаған қатындардың даусы қосылып көлдің басы ың-жың у-шу ауыл-
ауылдың түтіні ұрандасып ұласып көл арнасын көк тұман басып тұр. (Ж.А.) 
Батырлар жырларындағы Құртқа Назым Ақжүністерді былай қоя тұрып Баян 
сұлу Қыз Жібектерді алып қарасақ та елді аяулы қыздарына қолың жету үшін 
толып жатқан қауіп-қатерлер ерлік көрінер сырлардан өтуің керек. (Ғ.Мүс.) 
Астындағы бөдес қоңыр құнанының омырауы құлағы көзіне шейін тер басқан. 
(М.Ә.) Сөйтіп Дәрмен өлеңінің орта тұсында үлкен үйдегі Оразбай Жиренше 
Бейсенбі Абыралылар да осы үйге кіріп сөз тыңдады. (М.Ә.) Бұл елдің ірі бай 
салмақты жуандары Оразбай Жиренше Бейсенбілер осы мінезге де наразы боп 
шықты. (М.Ә.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет