92
Болса ақылың біл мынаны: жалғанда
Жолай көрме арманы жоқ жандарға?! (М.М.)
Тырнақша, оның қойылатын орындары
Тырнақша кідіріске, интонацияға
немесе сөйлемнің құрылысына
байланысты емес, мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгі болып
табылады.
ТЫРНАҚША
Қойылатын орындары
Сөйлем ішінде келген мақал-
мәтелдер, афоризмдер
Жүсіп біздің ауылдағы сондай «айдағаны төрт ешкі,
ысқырғаны жер жаратын» кішкене «диктатор» еді. (С.Ш.)
Дәйексөз,
төл сөздер
– «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу» депті ғой. Әркім өз
сүйгенін мақтайды да, – деп
қойды жантайып жатқан бір
жігіт. (Ж.А.)
Объект етіп алынған жеке
сөйлемдер, сөздер не сөз
тізбектері, әріптер, буындар
Қазіргі қазақ тілінде егер-дің «г» дыбысы түсіп қалғанда,
сөз еер болу орнына ер болып ықшамдалған. (Ә.Х.)
Кекету,
ажуалау және кері
мағынада
қолдану
үшін
айтылған сөз
Жас күнінде әйгілі Садақ ақынмен айтысып «Бала ақын»
деген ат алып, сол Садақты өлең, сөзде мүдірткен осы
Қадырбай болатын. (М.Ә.)
Зауыт,
фабрика,
комбинат,
машина маркасы, ұшақ т.б.
қойылған аттар
Жұмысқа берілгендігі сонша анадай жерге «газик» келіп
тоқтап, ішінен екі адам шыққанын да байқамай қалыпты.
(Ш.А.)
Газет, журнал, кітап, шығарма,
кино т.б.
аттары
Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр»
жырын жырлады. (М.Ә.)
Кейбір ойын, әдет-салт аттары
«Орамал тастау», «Хан жақсы ма», «Мыршым», «Белбеу
соқ», «Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс
ойналды. (М.Ә.)
189-жаттығу. Оқып шығып, тырнақшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.
Өзінің айтулы ару қыздарының атын «Ақмарал» деп қоятын болды... (Ш.А.)
Оның ата-тегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы «Қаракөк» деп атайды. (М.Ә.) –
... Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай көп жиын
үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! – деді.
Соңғы
айтқан «мылжың», «мақтаншақ», «даңғой» дегендері осы арада шынымен төрт
көзі түгел отыр еді. (М.Ә.) Абай жалғыз өзі
төрт ауыз өлеңді сыры терең
«Аққайың» әнімен айтып барды да, баяу ғана тоқтады. (М.Ә.) Көп басты
адамынан айрылған Жігітек талай заманға шейін «көзге қамшы тигендей»
болып қалады. (М.Ә.) «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей»
деген
Абай сөзі мен көргендерін бір түйіп, Ізбасар Әлжанға жетті. (Ғ.М.) Бір терменің
ішінде Барлас:
Аға сұлтан ұлық бар,
Елге мәлім қылықтар,
93
«Өл» дегенде өлмесең,
«Жүр» дегенде жүрмесең,
Малы құрым құрықтар,
Кісен салып құлыптар! – деп бір кетті. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: