95
Алладан. (Мақал) Солардың үлкені
төрге жуық отырған, мынау ерекше кесек
денелі – Жақып. Екіншісі – толық, биік келген, үлкен ақсұр жүзді,
қара қас,
қара сақалды, үлкен қара көзді – Мұса. (М.Ә.) Бұл уақыттарда ол абақтыдан
шығып келгендіктен, аға-іні, шеше-жеңге, жанкүйер-жақын – барлығына ыстық
болған. (М.Ә.) Бұрыннан қайындап жүрген күйеуі – Көкше Қаратайдың туысы,
Алатай баласы Дүтбай. (М.Ә.) Ер – елінде, гүл – жерінде. (Мақал) Сәуір – бұл
айдың арапша аты. (М.Ә.) Абайдың мінгені – ақ жал, сары жорға ат. (М.Ә.)
Жақсының жаны – бүтін, Жаманның жаны – түтін. (Мақал) Тапсырманы
орындау – міндет,
міндетті тындыра орындаса, қонымды еңбеккүн жазылады.
(Ғ.М.) Керуен көшетін сауда жолдары, ұлы базарлар,
атақты қалалар, су
жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болатын. (Ғ.М.) – Әй, Сейфуллин,
сөзіңде тұрдың. Жүр өзім кіргізіп жіберейін, әйтпесе тағы да үстіңнен рапорт
түсер, – деп біраз жер шығып кеткен ұстаз кері оралды. (Т.К.)
Достарыңызбен бөлісу: