3
.4. Эдвайзерлер
Білім алушыларға білім алу траекторияларын таңдау және жүзеге асыруға көмек көрсету
үшін факультетте эдвайзерлер бар.
Эдвайзерлер факультетте құрылады, ол академиялық мәселелер жөніндегі декан
орынбасарына тікелей бағынышты.
Эдвайзердің функционалдық міндеттері:
университетте білім алушылардың академиялық мүдделерін білдіру;
оқу үрдісін ұйымдастыру жөніндегі барлық қажетті ақпараттық материалдарды
дайындау, оларды білім алушыларға стендтерде және университет сайтындағы факультет
беттерінде ұсыну;
жеке жұмыс жоспарларын бір жылға ұтымды құрастыру мақсатында білім алушыларға
топпен және жекеше кеңес өткізу;
білім алушылардың үлгерімі мен академиялық мәртебесіне қатысты мәселелерді
қарастыратын деканат комиссиялары жұмысына қатысу;
барлық пәндер бойынша межелік және ағымдағы бақылауларды өткізу тәртібінің
орындалуын тексеру, білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу ісіне қатысу.
Кредиттік оқыту жүйесінің артықшылықтары не?
•
Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік
университеттік қоғамдастықтың мойындауы.
∙ Білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық
жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кіру үрдісін қамтамасыз ету.
∙ Академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен
оқытушыларды таңдау мүмкіндігі.
∙ Оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау
мүмкіндігі.
∙ Білім алушыларға академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен
қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде
пайдалана білуге көмек көрсету;
|