Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)


Операторлар приоритеттері



бет10/22
Дата13.04.2023
өлшемі318,13 Kb.
#82133
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Операторлар приоритеттері


оператор

сипаттамасы

lambda

лямбда-өрнек

or

Логикалық «немесе»

and

Логикалық «және»

not x

Логикалық «емес»

in, not in

Тәуелділігін тексеру

is, is not

Теңдігін тексеру

<, <=, >, >=, !=, ==

салыстыру

|

Биттік «немесе»

^

Биттік «тек қана немесе»

&

Биттік «және»

<< , >>

Орын алмастыру

+, –

Қосу және азайту

*, /, //, %

Көбейту, бөлу, бүтінсандық бөлу және бөлудің қалдығы

+х, -x

Теріс сан, оң сан



Биттік «емес»

**

Дәрежеге шығару

x.attribute

Атрибутқа сілтеме

X[индекс]

Индекс бойынша іздеу

х [индекс1 :индекс2]

Қиып алу

f(аргументтер ...)

Функцияны шақыру

(өрнектер, ...)

Байланыс немесе кортеж

[өрнектер, ...]

Тізім

{кілт:деректер,...}

Сөздік

Өрнекті есептеу ретін өзгерту үшін жай жақшаны қолдануға болады. Мысалы, 2+(3*4) дегенді 2+3*4 деген өрнектен гөрі ұғыну жеңілірек.
Мысалды expression.py ретінде сақтаңыз.
length = 5 breadth = 2 area = length * breadth print('Ауданы = ', area) print ('Периметрі = ', 2 * (length + breadth))
Қорытындысы:
Ауданы = 10
Периметрі = 14
Бұл программа қалай жұмыс істейді? Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен ені length және breadth айнымалыларында сақталады. Оларды периметр мен ауданды есептеу үшін қолданамыз. Есептеу нәтижесі area айнымалысында сақталады да, print функциясы арқылы экранға шығарылады. Екіншісінде 2 * (length + breadth) өрнегінің мәнін print функциясына бірден қоямыз.

Функциялар


Функциялар дегеніміз – программаның қайталанып қолданылатын бөліктері. Олар командалардың белгілі бір бөліктеріне ат беруге және одан кейін сол атымен осы блоктарды көрсетілген атымен және программаның кез келген жерінен шексіз қайталап іске қосу үшін керек. Оны функцияны шақыру деп атайды. Кірістірілген функцияларға len және range мысал ретінде келтіруге болады.
Кез келген қарапайым емес программа үшін (кез келген программалау тілінде) аса маңызды құрылым блогы болып табылады. Функцияны резервтелген def сөзі анықтайды. Осы сөзден кейін функцияның аты көрсетіледі, одан кейін жай жақша ішінде айнымалылардың атын көрсетуге болады және жолдың соңына қос нүкте қойылады. Бұдан кейін функцияны құрайтын командалар блогы бірнеше шегініспен оңға жылжытылып жазылады. Функцияны сипаттау үшін def түйінді (кілттік) сөзі қолданылады:
def<функцияның аты>(<функдия параметрлерінің тізімі>) : <блок – функцияның денесі>
Функцияның аты қайталанбайтын болуы тиіс. Тізімде көрсетілген параметрлер үтірлермен бөлінеді, егер де функцияның параметрі болмайтын болса, оның атынан кейін бос жақшалар қойылады.
Функциядан оның ішінде есептелген нәтижені қайтару үшін return операторы қолданылады. Нәтиже ретінде қайтарылатын мәндер осы оператордан кейін жазылады:
def pov2 (n): return 2 ** n
Осы функция бір ғана параметр қабылдайды, 2 санын осы параметр мәніне сәйкес дәрежеге шығарады және пайда болған нәтижені қайтарады.
Оны шақырайық:
а= pov2 (3)
Программаның нәтижесі 8 болып шығады.
Функцияны бірінші рет шақырудан бұрын оны жариялау керек. Егер жарияланбаған функцияға сұраныс беретін болсақ, онда қате кеткені туралы хабарлама шығады.
def somefunc(n1, n2): return n1 * 2, n2 / 2
Осы функция бірден екі параметр қабылдайды да, нәтижесі ретінде екі мәннен құралған кортежді қайтарады. Оны екі айнымалыға меншіктей аламыз.
a, b = somefunc(4, 9)
Әріптік символдармен жасалынатын функцияға мысал келтірейік: def sayHello(): print('Сәлем, Әлия!') # функцияға меншіктелетін блок
# Функция соңы
sayHello() # функцияны шақыру sayHello() # функцияны тағы да бір шақыру
Нәтижесінде экранға мына жазу шығарылады:
$ python function1.py Сәлем, Әлия!
Сәлем, Әлия!
Осы программаның жұмыс істеу жолын қарастырайық.
Жоғарыда сипатталған синтаксисті пайдалана отырып sayHello атты функцияны анықтадық. Бұл функция параметрлерді қабылдамайды, сондықтан жақша ішінде қандай да бір айнымалылар жарияланған жоқ. Функцияның параметрлері дегеніміз – функцияға берілетін кіріс деректері, соларды есептеу арқылы нәтиже пайда болады.
Бір функцияны бірнеше рет шақыра алатын болғандықтан, бір кодты қайта-қайта жазудың қажеті жоқ.
Функция параметрлеріне тоқталсақ, функция өзіне параметрлер қабылдайды және солармен қандай да бір амалдар орындай алады. Ол параметрлер айнымалыларға ұқсайды. Айнымалының мәні функцияны шақырғанда көрсетіледі және функцияны орындау барысында оларға мән меншіктеліп қойылады. Параметрлер жақша ішіне жазылады және үтірлермен бөлінеді. Функцияны шақырғанда да біз осыған ұқсас мәндерді меншіктейміз.
Терминологияға мән беріңіздер: функцияны жариялаған кездегі аттар параметрлер деп, ал функцияны шақырған кезде оған берілетін мәндер – аргумент деп аталады. Мысалы (func_param.py ретінде сақтаңыз):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет