Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



бет7/22
Дата13.04.2023
өлшемі318,13 Kb.
#82133
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Идентификатор аттары. Айнымалы атаулары идентификатордың бір түрі ғана. Идентификатор дегеніміз – бір нәрсені (айнымалыны, функцияны, т.с.с.) белгілеу үшін берілетін ат. Оларға ат бергенде келесі ережелерді сақтаған жөн:
­ идентификатордың бірінші символы әліпбидегі әріп (жоғарғы не төменгі регистрдегі ASCII немесе Unicode символы) немесе астын сызу белгісі ("_") болуы тиіс.
­ идентификатордың қалған бөлігі символдары әліпбидегі әріптерден, астын сызу белгісінен, 1 мен 9 аралығындағы сандардан құрала алады.
­ идентификатор аты регистрге сезімтал келеді. Мысалы, myname және MyName екеуі бірдей емес.
­ идентификатор аты мынадай түрлерде жазыла алады: і, _my name, name_23, а1b2_сЗ,
Aika12, т.с.с.
­ идентификатор аты мынадай түрлерде жазыла алмайды: 2things – цифрдан басталмайды, Beke 3m – мұнда бос орындар бар, "my>b2" – тырнақшаға (") алынбайды және ">" символын да қолдана алмаймыз.
Мәлімет түрлері. Айнымалылар мәлімет түрлері деп аталатын әртүрлі типтегі мәндерді сақтай алады. Мәліметтің негізгі түрлері – сандар мен сөз тіркестері. Кластар көмегімен өзіндік типтерді қалай құруға болатыны кейіннен айтылады.
Объектілер. Python ортасында берілгендердің бәрін де жалпы, олардың кең мағынасында, объектілер ретінде қарастырады. Python программасында сандар, тіркестер, функциялар – барлығы да объект болады. Python-да программа жазу жолы:

  1. Komodo Edit редакторын ашыңыз.

  2. Мысалда келтірілген программа мәтінін теріңіз.

  3. Оны файлға сақтаңыз, атын түсініктемеде көрсетіңіз. Файл кеңейтілімі .ру болуы тиіс.

  4. program.py арқылы python3 ортасы интерпретаторын іске қосыңыз.

Айнымалылар қарапайым түрде оларға мән беру арқылы қолданылады. Оларды алдын ала жариялаудың немесе деректер түрін анықтаудың қажеті жоқ.
Логикалық және физикалық жолдар. Физикалық жол (line – строка) дегеніміз – программаны компьютерге теріп жатқанда сіздің экранда бір жолда орналасқан жазуларыңыз. Ал логикалық жол дегеніміз – Python-ның біртұтас сөйлем ретінде көретіні. Әдетте Python әрбір физикалық жол логикалық жолға сәйкес келеді деп есептейді.
Логикалық жолға мысал ретінде print('Бүгін қай күн?') сөйлемін алуға болады, бірақ ол сөйлем бір ғана жолға жазылуы керек. Бір жолға бір сөйлемді жазған ыңғайлы – кодты жылдам түсінуге болады. Бір физикалық жолға бірнеше логикалық жолды жазу үшін араларын нүктелі үтірмен (;) бөлу керек. Бұл белгі логикалық жолдың және логикалық сөйлемнің аяқталғанын білдіреді. Мысалы,
і = 5 print(i) оны былай да жазуға болады:
і = 5; print(i);
және оны мынадай түрде де жазуға болады:
і = 5; print(i); немесе мына түрде:
і = 5; print(i)
Бір жолға бір логикалық жолды жазған ыңғайлы, өйткені мұндайда нүктелі үтірді қоюдың қажеті болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет