Редакторды іске қосып, келесі программаны енгізіңіз және оны helloworld.py деген атпен сақтаңыз.
Егер Komodo Edit қолдансаңыз, «Файл» «Жаңа» «Жаңа файл» таңдаңыз, келесі жолды енгізіңіз:
print('Бүгін қай күн?') Komodo Edit-те «Файл» «Сақтау» менюін басып, файлды сақтаңыз.
Файлды өзіңіз білетін кез келген бумаға сақтауыңызға болады немесе Python-ды:
Windows-та С:\\ру
GNU/Linux-та /tmp/py
Mac OS Х-та /tmp/py бумаларында сақтауға болады.
Бума құру үшін терминалдағы mkdir бұйрығын қолдануға болады. Мысалы, mkdir /tmp/py
.ру файл кеңейтілімін көрсетуді ұмытпау аса маңызды. Мысалы. «file.ру».
Komodo Edit программасында «Инструменттер» «Бастау команды» басыңыз және python3 деп жазыңыз.
helloworld.py және «Орындау» басыңыз. Төмендегі скриншоттағыдай экран пайда болуы
керек.
Сонда да программаны Komodo Edit ішінде редакциялаған тиімді, ал іске қосу үшін терминалға жіберген жөн:
Windows-қа орнату тарауында көрсетілгендей терминалды ашыңыз.
Файлды сақғаған каталогыңызға өтіңіз. Мысалы, cd /tmp/ру.
python3 helloworld.py бұйрығын енгізе отырып, бағдараламаны іске қосыңыз. Программаны шығару төмендегідей болады: $ python3 helloworld.py Бүгін қай күн?
Осындай нәтижеге келсеңіз, Python тіліндегі алғаш программаны іске қостыңыз. Python регистрге сезімтал келеді: print және бас әріппен жазылған Print екеуінің айырмашылығы бар. Бірінші символдың алдында бос орын немесе табуляция символы жоқ.
Python программасы өрнектерден құралған. Біз құрған алғашқы программада бір ғана өрнек бар, ол өрнек көмегімен print функциясын шақырамыз.
Python тілінің негізгі үғымдары
Python тілінде деректер ретінде сандар, жол, тізім, кортеж (өзгертуге болмайтын тізім), сөздік (элементтеріне индекс қойылған тізім), логикалық өлшемдер т.б. қолданылады.
Литералды константалар. Литералды константа 5, 1.23, 9.25е-3 сияқты сандар; 'Бұл жол' немесе "It's a string!" сияқты сөйлемдер болуы мүмкін. Олар тұрақты, бір ғана мағынасы бар болғандықтан, литерал шамалар деп аталады.
Сандар. Python-да үш түрлі сандар бар: бүтін, жылжымалы нүктелі және комплекс сандар.
Бүтін санға мысал: 2.
Жылжымалы нүктесі бар санға мысал: 3.23 және 52.3Е-4. Е белгісі 10 санының дәрежесін көрсетеді.
Комплекс сандарға мысал: (-5+4j) және (2.3 – 4.6j)
Ескерту: ‘long int’ (ұзын бүтін сан) деген жеке тип жоқ. Бүтін санның ұзындығы еркін түрде болады.
Қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдары басқа тілдердегідей (мысалы, С, Java) жұмыс істейді, бірақ дәрежеге шығару ** амалы арқылы өзгеше орындалады. Өрнектерді топтастыру үшін жақшаны қолдануға болады. Төмендегі айнымалылардың мәнін өзгертіп, нәтижені көр. Жақша, бірнеше сандар арқылы өрнектер жазып үйрен және экранға шығар.
a = 24 + 2 # Қосу b = 2 - 20 # Азайту c = 12 * 6 # Көбейту d = 12/1.2 # Бөлу e = 34**2 # Дәрежелеу print("a-->", a) print("b-->", b) print("c-->", c) print("d-->", d) print("e-->", e)