Python тілінде программалар құру



бет9/14
Дата05.11.2022
өлшемі5,93 Mb.
#47735
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3 дәріс - Циклдер және Функциялар (1)

Жолдарды шегініспен жазу

  • IDLE ортасында және жалпы Python редакторларында функция анықталатын жолдағы қоснүктеден кейін шегініс автоматты түрде жасалады.
  • Автоматты шегініс жасау режимінен шығу үшін функцияның ішкі бло- гының ең соңғы жолынан кейін пернесін басу керек.
  • Функция блогы жолдарын шегініс арқылы белгілеу үшін программа- лаушылар көбінесе төрт босорын таңбасын қолданады.
  • Жалпы, Сіз өз таңдауыңыз бойынша, босорындардың кез келген санын пайдалана аласыз, тек олардың барлығы бірдей болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары

  • Функцияның анықталуы қандай екі бөліктен тұрады?
  • "Функцияны шақыру" термині нені білдіреді?
  • Функцияны орындау кезінде оның блогының ең соңына жеткенде не болады?
  • Функция блоктарын неге шегініс арқылы ерекшелеу керпек?

Функцияға бірнеше аргументтер беру

  • Практикада бірнеше аргументтері бар функцияларды қолдану жиі орын алып жатады. Келесі программада екі аргументі бар show_sum функциясы көрсетілген, ол осы 2 аргументтің қосындысын табады.

  • def main(): # Мұнда 2 аргументі бар функция көрсетіледі print('12 және 45 сандарының қосындысы = ',end='') show_sum(12, 45) # Бұл функция 2 аргументті қосады

def show_sum(num1,num2): result = num1 + num2 print(result)
main()
Нәтижесі:
12 және 45 сандарының қосындысы = 57

Функцияға бірнеше аргументтер беру

  • Келесі программада тағы бір мысал көрсетілген, ондағы

  • функцияға аргумент ретінде екі сөз тіркесі (2 тіркес) беріледі.
    def main (): # Бұл функцияға 2 аргумент - 2 тіркес беріледі
    first_name = input('Атыңызды енгізіңіз: ') last_name = input ('Тегіңізді енгізіңіз: ') print('Сіздің аты-жөніңіздің ауысып жазылуы:') reverse_name(first_name, last_name)

def reverse_name(first, last): print(last, first)
main() # Басты функцияны шақыру
Нәтижесі:
Атыңызды енгізіңіз: Азат
Тегіңізді енгізіңіз: Байжанұлы
Сіздің аты-жөніңіздің ауысып жазылуы:
Байжанұлы Азат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет