Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


-вич. Отчествоның көрсеткіші болып табылатын -вич



бет49/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111
Байланысты:
annotation30756

9. -вич. Отчествоның көрсеткіші болып табылатын -вич қосымшасы адамның шығу тегін ғана емес, атқа жалғанатын құрметті атақты да білдіреді.
Орыс ауыз әдебиетіндегі Микула Селянинович, Добрыня Никитич, Алеша Попович деп аталудың өзі батыр, баһадүр есіміне қосылған даңқ, атақ іспетті. Тарихтан белгілі 1852 жылы Иван Грозный Борис Годуновты аурудан емдеп жазғаны үшін Грамотасында Строганов деген көпесті -вич қосымшасымен жазуға бұйрық берген [Успенский Л.В., 1962, 493 б].
А.Толстойдың «І Петр» романында мынадай бір эпизод бар. Патша тауарларды шетке шығарғысы келеді, бір көпес өз пайдасын ойлап іске кіріспей-ақ қояды. Қалай еткенде оны көндіреді және басқалар да оған қызығатын болады? Сөйтіп, орыс патшасы көпеспен сөйлеспекші болады.
«Петр блестел на него глазами ...

  • А сам поедешь с товарам? Молодец! Как тебя, а по батюшке? Жигулин раскрыл рот, поднялся, глаза вылезли, борада задралась.

  • Так с отчеством будешь писать нас?.. Да за это – что хошь!»[ Селищев А.М., 1973, 252].

Көпес өзіне бұдан артық құрмет жоқтай, ұшып кете жаздайды. Сөйтіп, арада 100 жыл өткенде, Русьте XVІ ғ. аяқ кезінде -вич қосымшасы жоғары награда түрінде қабылданып, ІІ Екатерина әлеуметтік топтарды 5 класқа бөліп, кімдерді -вичпен жазуға болатынын бекітіп, бұйрық берген [Федосюк Ю., 1972, 41 б].
Кейбір ғалымдар -ичь формантының шығу төркінін XV–XVІІ ғғ. христиандық аттармен байланыстырады. XVІ ғ. аяқ кезінде -ич қосымшасы -вич түріне айналған. Бұл қосымшалары -еш, -ыш, -ыч, -ыбыш түрінде қысқарып, дыбыстық өзгеріске түскен де төмендегідей Жұлқарбай Итбаеш, Бақа Бақыш, Балпақ Жалпақыч, Тойған Тойғаныч, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Әлләзи Әпендич, Күңкілдек Бүлкілдекич т.б. үлгілер жасалған.
10. Сатиралық-юморлық патронимдерде –ович / -евич, -овна / -евна қосымшаларымен келген отчестволар көбінесе қос мүшелі болып келеді. Мысалы: Әупілдек Япыраевич, Сарымсақ Сасықбаевич, Мырқымбай Мырқалович, Екатерина Маубасовна, Дардана Шиқанбаевна т.б -ин / -ина қосымшалары орыс тілінде меншіктік мағынаны, шыққан тегін көрсететін форма, мысалы Пушкин ~ Пушканың әулеті, Боярин ~ Бояр әулеті, Мишкин ~ Михаил – Миша – Мишка ~ Мишканың әулеті т.б. Зерттеуімізде мұндай патронимдер өте аз кездесті: Алиментшин, ~ алиментші+ин, Әлімжеттин ~ әлім жетті+ин, Әзіләлі Сатирин ~ әзіл сатира+ин, Семізқарина ~ семіз қара+ина, Жүгерин ~ жүгері+ин, Жымысқин ~ жымысқы+ин, Құбылмалин ~ құбылмалы+ин, Қатынсарин ~ қатынсары+ин т.б.
11. -ский қосымшалы жасалған патронимдер адамның шыққан жерін білдірген. Мысалы XVІІІ ғ. соңы XІX ғ. басында шіркеу аясында кеңінен тараған тарихта Тверской, Вяземский, Елецкой, т.б орыс князьдары өмір сүрген. Осындағы -ск жұрнағы өткен ғасырда фамилияға жалғанатын жұрнақ ретінде тіркелген [Короткова Т.А.; 1988, 231]. Орыстың сатирик жазушылары Н.Гоголь, С.Щедрин және А.П.Чехов -ский суффиксін сатиралық-юморлық тәсіл ретінде комикалық эффект беру үшін көп қолданған: Деркач-Дришпановский, Бобчинский, Добчинский, Перегеренский, Пешеморепереходященская, Сквозник-Дмухановский, т.б. А.П.Чехов Херсонский, Ростовский, Преклонский сияқты модельмен бірге -ов және -ин қосымшасымен келген фамилияға үстемелеп, -скийді қосқан: Асловсая, Балбинский, Ляшковский, Обдиранский т.б.
Зерттеуші А.М.Селишевте мынандай фамилия тіркелген: Через – забор - на – девок – глядящен-ский (Қақпаның ар жағындағы қыздарға қырындаған) [Селищев А.М., 1973, 36].
Мұндай -ский қосымшасымен Симпанский (Ү.Уайдин) және Пожарский деген кейіпкер фамилиялары жасалған. Симпанский патронимі орыс сөзі емес, өйткені симпан сөзі еш сөздікте кездеспейді, жеке тұрып, ауызекі тілде қолданылмайды, оның диалектизм екені шүба жоқ, батыс өңірінде бір нәрсесін ұрлатып алған не ақшасы жоқ адам симпанский болдым дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет