7. -әлі: Әзіләлі,Әлі+бала, Әлі+тірі, Егеу+әлі, Екеу+әлі. 8. -құл:Әмір+құл, Аума+құл, Аусыл+құл, Бай+құл, Вино+құл, Дұға+құл, Доңыз+құл, Жазған+құл, Ит+құл, Келші+құл, Кеті+құл, Көжек+құл, Кетік+құл, Маубас+құл, Мұрын+құл, Нәме+ғұл, Құдай+құл, Пірім+құл, Сопы+құл, Тәңір+құл, Тыраң+құл, Төкпе+құл. Құлсөзі өте ертеден белгілі, басында еркі жоқ, біреуге тәуелді адам. Алланың сүйген құлыдеп жай ғана пендені айтқан, пақыр синонимі де қолданылған.
9. -жан:Артық+жан, Ауқат+жан, Жалқау+жан, Жұмсақ+жан (ов), Зыттыбай+жан, Қамыр+жан, Күлмес+жан, Мақта+жан, Мысал+жан, Мияу+жан, Нәшау+жан, Тірі+жан, Саупай+жан, Сұрау+жан, Ракета+жан, Космонавт+жан. Ғалым М.Малбақовтың бұл жұрнақ туралы «Әрі кішірейту, әрі еркелету мәніндегі тұлғалардың дәстүрлі қолданыс аясы бар. Олар сөздің бәріне бірдей жалғана бермейді. Сондықтан ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінен хабар беретін, кең таралған түрлерін алу қажет деп ойлаймыз» [121,143] деген пікірі осы кейіпкер аттарына да қатысты, өйткені оны ойлап тапқан қаламгерлердің ой-танымын, стильдік мақсатын тануға болады.
10. -тай:Бақыраш+тай, Жұқа+тай, Күйкен-тай, Күлше+тай, Қалжың+тай, Қозы+тай, Немел+тай, Сыра+тай, Сұңқыл+тай, Төзім+тай, Тым+тай, Үкі+тай, Шүже+тайт.б. Бұл қосымша көбінесе демунитив (ағыл. diminutive–еркелету) мақсатымен қолданылады, бірақ сатира мен юморда қызметі өзгеше, яғни еркелету, құрметтеу мағынасында емес, қағыту, мұқату, кекесін мағынасында қолданыс тапқан. Кейіпкер аттары -тай формантымен аффикс ретінде жұмсалғанда, әртүрлі экспрессивтік реңк туғызып, стильдік көркемдегіш құрал рөлін атқарады.
11. - ш жұрнағы кішірейту немесе еркелету мәнінде жұмсалатын қазақи ерекшелікті білдіретін жұрнақ. Мұндай аттар өте көп: Әйміш, Әпкіш, Әптіш, Тәңкіш, Көкіш, Боташ, Тоташ, Сапаш т.б. 12. – қай жұрнағы өмірде Доскей тәрізді құрметтеу мәнін білдірсе, сатирада жағымсыз мәнде жұмсалады. Мысалы, Жырбақай, Шошақай, Қалақай т.б. Күрделі жасалған кейбір аттардың қызығы бай, ғали, жан, патша, құл, бек сөздерінің бірінен кейін бірі жалғану факторы да кездесті. Мысалы: Байқұл < бай +құл, Зыттыбайжан < зытты + бай + жан, Қазіретғалибек < қазірет+ ғали + бек, Байбатша < бай + патша.