Қойындаршы демейін, Мен бір билеп берейін. Буындарын былқылдап, Саусақтарым сыртылдап... ()
Жалпы қазақ тілінде «гүл» антрополексемасы кейіпкерлердің әйел, не ер екенін ажыратқыш белгі ретінде ретінде жұмсалады: Содыргүл - Содырбек, Модагүл - Модабай, Жалпақгүл - Жалпақбай, Опагүл - Опағали, Шишагүл - Шишабай, Ызбаркүл - Ызбарбек т.б. Айырмашылығы шынайы өмірде жаңа туған сәбиге «гүл» сөзімен келген есімде деминутив (ағыл. dіmіnutіve) «еркелету» мағына басым болса, сатиралық-юморлық аттарда (пейоратив) мағына басым болады. Бұл үрдіс тек сатира мен юморлық туындыларда ғана емес, шынайы өмірде де кездеседі. Мұндай түбірі бір есімдер славян тілдерінде жиі кездеседі: Александр – Александра, Бронислав – Бронислава, Людмил – Людмила, Евгений – Евгения т.б. Бақыт, Жанат, Мереке, Кенже т.б. есімдер түбір күйінде ер адамның да әйелдің де есімін білдіреді.
Әйел мінезін табиғаттың жел, долы, құйын (Долыгүл, Желбике, Құйынгүл) тәрізді адамға қолайсыздау ерекше құбылысымен салыстырудан туған. Жел ↔ Желдігүл желдей есіп, орнынан желпіне тұрып, тіл тиегін ағыта жөнелді: «Бопан бастығымызбен бірер жартыны бөліп ішіп жүре береміз» [Е.Жаппасов, 86 б].
Қайын ене – әйелдің күйеуінің шешесі, немесе ер адамның әйелінің шешесі. Ене мен келін – отбасы бірлігін сақтаушы негізгі үй тәрбиесімен, қазан жабдығымен айналысушы адамдар «ит пен мысықтай» өмір сүретін, содан отбасының шырқы бұзылып жататыны да осы ене мен келін арасындағы келіспеушіліктен шығады
Долы ↔ Долыгүл Бетпақова«Енелерге қарсы күрес» курсын Шатақ ғылымының докторы, профессор, Енелерді қан қақсату ғылым академиясының академигі, Жезтырнақ сыйлығының лауреаты Долыгүл Бетпақова жүргізеді. Милау кемпір атындағы Мазақ академиясы [Е.Жаппасов, 18].
Әйел аттарын зерттеуде байқағанымыз, сықақшылар қыздар мен әйелдердің бейнесін жасауда барлық сатиралық-юморлық тәсілдерді қолданған.Ертедегі Жалмауыз кемпірді де, Жезтырнақты да елестете отырып, көкбет, бетпақ, долы әйел бейнелерін атына заты сай етіп бере білген.