Қыз сөзімен тіркескен СЮП-тер саны –15. Аққыз, Әліқыз, Дәріқыз, Мырзақыз, Мыстанқыз, Қарақыз, Кенжеқыз, Пернеқыз, Үкісарықыз, Қыз Жүлік («Қыз Жібек»)
Қыз Жүлік.(Қыз Жібек). Жүлік боларын білгендей сүйек-тісінің азан шақырып қойған аты – Қыз Жүлік. Атына затына сай, бетіне «сорпасы» шыққан сорақының жоғарғы сорты. Отырған жері айқай-шу, ұрыс шыққан жерде шаштан жұлу, бет жырту Осындай жанмен өмір сүріп жатқан Тебекеңнің де оңып тұрған шамалы. «Сүйіктісі» есін жиғызып үлгертпей, қос шеңгелмен жағадан ала кеткен Енді әдіс қолданбаса құрдымға кетерін сезген Төбеген –Жаратқаннан «жалға» алған жебеуші Жүлігім-ау, сөзге құлақ салып, есіңді жишы,- деп міңгірледі (А.Тұрымбет. Қыз Жүлік пен Тебеген.).
Ай сөзімен тіркескен СЮП-тер саны: Апыр+ай, Ай+күміс, Гүлдер+ай+ым, Гүлдер+ай, Обал+ай, Ұят+ай, Мамырай. Ғайшасөзімен жасалған кірме есімдер (экзонимдер) тілімізде ұлтқа тән дыбыстық ерекшелігіне қарай қалыптасқан: Ғайша // Қайша // Айша. Біздің зерттеуімізде кейіпкер аттары: Азан+қайша, Жан+қайша, Жымың+қайша, Зіл+қайша, Мини+қайша түрінде кездесті. Қайша – араб тілінде – Гайше, көне еврей тілінде Айше, ұзақ өмір сүруші, өмірге құштар деген ұғымдыбілдіреді. Мини + ғайша – экзонимі (гр. сырт,кірме + оним) екі түбірден құралған.
Жоғарыда көрсетілген гүл, -бике, -қыз, -бала, -зада, -ғайша,ай антропонегіздерден басқа екі түбірдің бірігуінен көптеген ойдан шығарылған аттар ерекшеленіп тұрады: Ақтеңге, Ақбалдақ, Ақкемпір, Бигерім,Өйгерім,Тойгерім, Байсүйер, Күлшашар, Көкжаулық, Қарақатын, Ләйлікөк, Сұрсұлу, Шүйкебас, Шөпжелке т.б.
Барлық кейіпкер аттары сатиралық, юморлық тұрғыдан жасала бермейді. Кейбір талай кітап шығарған сықақшы қаламгерлердің өзі кейіпкер атына мән бермей жататын тұстары бар. Сықақшы тамаша сатиралық образ жасағанмен, аттарын әдеттегідей Нұрсұлу, Айгүл, Күләш деп қоя салады, кейбір сахналанған көріністе, мысалы көпке танымал «Тамаша» ойын-сауық отауы, «Бауыржан-шоу», «Шаншар», «Тақия мен мафия» театрының артистері «мен Бақытпын», «мен Уәлимін» деп шыға келгенде, рөлді ойнап тұрған кім екенін: кейіпкері қайсы, артисі қайсы, көрермен ара жігін ажырата алмай да қалады. Ал сахнаға Біржапырақдегенде, қаңбақтай шал ұшып, Гүлжапырақ дегенде, етженді, толық әйел балпаңдап шыға келсе, күлмейтін жан қалмайды, өйткені күлкілі бейненің аты да күлкілі болғаны, ішкі бітімі мен сыртқы формасы, яғни аталуы үндесіп әсер-ықпалын күшейтеді.
Сатирик-юмористер ұнамсыз кейіпкерлердің іс-әрекетін, характерін әсерлі көрсету үшін алуан сөз мәнерін қолдана отырып, есімі ерекше, сөйлеп тұрған, айқайлап тұрған, мағыналы, эмоциялы-экспрессивтік поэтонимдер жасай білген.