Р. А. Мукашева -Қостанай: 2016



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата06.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#8175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Айтылым 
 
          Шоқан–  тарихшы,  ежелгі  мәдениет  пен  өнердің  археологиялық 
ескерткіштер мен сәулет өнері тарихшысы. Қолжазбаларында тұрақтар мен 
елді мекендерді, таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де, 
өз ойларын өнер тарихымен ұштастырып жібереді. 
          Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз– 
қайсақтардың мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған. 
Оның  Қазақстан  және  Орта  Азия  халықтарының  ежелгі  өнерінің  тарихы 
жөнінде айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең.  
Саяхаттары туралы еңбектері : 
«Ыстықкөл сапарының  күнделіктері» 
«Қырғыздар туралы жазбалар»                                                  
«Жоңғария очерктері» 
«Қытай  империясының  батыс провинциясы»                                                 
          Шоқан  елдің  саяси   –  әлеуметтік,  ұлттық  мәдени   –  рухани 
ерекшеліктеріне айрықша назар аударады.Қашқария тарихы, экономикасы, 
этнографшы,  саяси  өміріне  қатысты  мол  деректер  жинап,  ол  туралы 
зерттеу  еңбектер жазуы.  Ол  өз  еңбектерінде  әр дәуірдегі әдебиет  өкілдері 
мен мәдениет  мұраларына тоқталып отырады. 
          Шоқан тек қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес, туыстас  түркі елдерінің 
де  әдеби  мұраларын  қағазға  түсіріп  қоймай,  оларды  терең  зерттеп 
насихаттап отырды.  

 
62 
          Шоқан  –  суретші.       
          Шоқан 
ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  бейнелеу  өнерінің 
профессионалды  салаларында  еңбек  еткен  қазақ  халқының  шын  мәнінде 
тұңғыш суретшілерінің бірі. Шоқанның графикалық туындылары арасынан 
портреттік жұмыстар басты орын алады. 
   Суретші  Шоқан  –  барынша  ақын  жанды.  Қарындаштың  бейнелегіштік 
қасиетін  үлкен  суреткерлікпен  өз  кәдесіне  жарата  алатындығы 
соншалық,нобайлық нұсқаның өзін классикалық деңгейге көтере алады. 
          Суретші  Шоқан  сәулет  өнері  үлгілерін  де,  таңбалы  тастар  мен  тас 
мүсіндерге де аса ден қояды. 
  
    
Оқылым
 
1-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, оқыңыз. 
2-тапсырма.Мәтіннен  орыс  тілінен  енген  сөздерді  тауып,  қазақ  тілінде 
баламасын беріңіз. 
3-тапсырма-Мәтіннен  қырғыз  халқының  салт  дәстүрі  туралы  жазылған 
үзіндіні тауып, оқып беріңіз. Орыс тіліне аударыңыз. 
 
 Жазылым. 
4-тапсырма.  Екі  жай  сөйлемнен  жалғаулықтарды  қолданып,  салалас 
құрмалас сөйлем құраңыз . 
  
1)  Шоқан  орысша   бір  ауыз  сөз  білмеді . Екі  –  үш  жылдың  ішінде  озат 
оқушылардың қатарына қосылды. 
2) Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ 
ғалым , зерттеуші деп атады  
3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді.  Көп жұмыс атқарды

 
 5-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып, 
салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз. 
1. Бүгін жақсы жауап бердім,      ...                     мұғалім риза болды . 
2. Жиналыс бітті ,   ...               халық  тараған жоқ.     
3. Бүгін жол тайғақ ,     ...                   кеше қар аралас жаңбыр жауған. 
4. Қалаға ...               Айгүл барады ,        ...   мен барамын. 
Жалғаулықтар: Алайда,  өйткені,  да,  де,  сондықтан, өйткені, себебі 
дегенмен , бірақ

бірде, біресе.
 
6-тапсырма.
 
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз. 
1. Ғылыммен жақын болсаң,                   
2.Залыммен жақын болсаң,                       

 
63 
3.  Ұста өлсе, .... 
4.  Білімді өлсе... 
 
7-тапсырма. 
Сөйлемдерді 
 
қазақ 
тіліне 
аударыңыз. 
 
       
Ш. Уалиханов родился в 1835 году в нынешней Кокшетауской области. 
Он  рос  умным,  понятливым  мальчиком.  Настоящее  его  имя  – 
Мухаммедханафия.  Шокан  –  это  ласкательное  имя,  данное  ему 
родителями.  Он  обучался  арабской  грамоте,  знал  чагатайский  и  другие 
тюркские 
языки. 
     В  12  лет  он  поступил  в  Омский  кадетский  корпус.  Он  учился  очень 
хорошо.  Он  побывал  во  многих  местах,  собирал  образцы  устного 
народного творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не 
только  казахского  народа,  но  и  уйгурского,  киргизского,  дунганского, 
китайского 
народов. 
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас». В 1857 году он стал 
членом русского Географического общества. 
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптарды қойыңыз. 
1.  Шоқанның әкесінің аты ............. . 
2. Шоқанның орыс досы ............. . 
3. Шоқанның атақты саяхаты ................ . 
4. Шоқанның арғы атасы .......... . 
5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры .............. . 
6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны .............. . 
7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі ............ . 
8. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым .................. . 
9. Шоқанның шешесінің аты .................... . 
10. Шоқанның азан шақырып қойған аты ................ . 
11. Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы ................. . 
12. Шоқан 1856ж. қай ақынмен кездесті? .................... . 
13. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы .................. . 
14. Шоқан жайлы пікір айтқан тарихшы-ғалым ............. . 
 
9-тапсырма. 
 
«Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу. 
 
  10-тапсырма.   Ойлан, тап!  «Артығын тап!»  
 
Шоқан Уәлиханов ... 
Ғалым 
Құрылысшы 
Саяхатшы  
 

 
64 
Шоқан Уәлиханов саяхат жасаған жерлер... 
Қашқарияға 
Ыстықкөлге 
Текеліге 
 
Шоқан Уәлиханов шығармалары 
«Абай жолы» 
«Манас» 
“Алты шаһарға 
сапар” 
 
 
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші орнатылған жер  
Алтынемел 
Астана  
Алматы  
 
«Аққан жұлдыз» романының авторы  
С.Дөнентаев 
С.Мұқанов  
С.Мәуленов  
 
 
 Хронологиялық кестені толтыру 
 
Уақыты 
Іс-әрекет 
1856-1858 
жылдары 
 
1835 жылдың 
қараша айында 
 
1857 жылы  
27 ақпанында 
 
1971 жылы 
 
1853 жылы 
 
  
 
Уақыты 
Іс-әрекет 
1861-1862 
жылдары 
 
1855 жылы 
 
1854 жылы 
 
1842 жылы 
 
1987 жылы 
 
 
  Шығармашылық жұмыс  

 
65 
 
1-топ. «Шоқанды қоршаған орта» атты кластер құрыңыз. 
2- топ. «Шоқан жүрген жерлер» деп алып, карта бойынша саяхат жасаңыз.   
 
Берілген материалдар бойынша төмендегі кестені толтырыңыз. 
Аты –
жөні, 
ғылым
и 
қызмет
і 
Өмір 
жылдары
, туған 
жері 
Орыс 
ғалымдарыме
н 
байланысы 
Алға
н 
білім
і 
Қызмет
і 
Зертте
у 
саласы 
Еңбектер
і 
 
 
 
13-тақырып. Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын- Абай 
 
Тірек сөздермен жұмыс 
 
          Сауат  ашу,  зейінді,  місе  тұтпау,  өз  бетінше  жетілдіру,  ел  ісіне 
араласу,  озық  ойлы,  әлеуметтік  көзқарас,ғұлама,  туынды,  дана,мол 
қазына,тәрбиесінде өсу, ел анасы, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік, 
сабырлы мінез, қисса, дастан. 
Ойтүрткі 
  1.Қазақ халқының ұлы ақыны кім? 
  2. Абайдың шешесінің аты кім? 
  3. Абайдың әжесінің аты кім? 
  4.Абай кімдермен дос болды? 
 
   
Оқылым  
 
Ұлы кемеңгер, ойшыл, ақын- Абай 
          Абай  10  тамыз  1845  ж.  қазіргі  Семей  облысының  Шыңғыс 
тауларында  Қарқаралының  аға  сұлтаны  Құнанбайдың  төрт  әйелінің  бірі, 
екінші  әйелі  Ұлжаннан  туған.  Болашақ  ақын  сабырлы  мінезімен,  кең 
пейілімен  ел  анасы  атанған  “кәрі  әжесі”  Зеренің  таусылмайтын  мол 
қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, 
әзіл-қалжыңға  шебер,  жөн-жобаға  жетік  өз  анасы  Ұлжанның  тәрбиесінде 
өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа 
толған  соң  3  жыл  Семейдегі  Ахмет  Риза  медресесінде  оқиды.  Бұл 
медреседе  араб,  парсы  тілдерінде,  негізінен,  дін  сабағы  жүргізілетін  еді. 

 
66 
Құрбыларынан  анағұрлым  зейінді  бала  оқуға  бар  ықыласымен  беріліп, 
үздік  шәкірт  атанады.  Ол  енді  дін  оқуын  ғана  місе  тұтпай,  білімін  өз 
бетінше  жетілдіруге  ұмтылады.  Сөйтіп  көптеген  шығыс  ақындарының 
шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, 
дастан,  қиссалармен  танысады,  Шығыстың  Низами,  Науаи,  Сәғди,  Қожа 
Хафиз,  Физули  сияқты  ұлы  ғұлама,  классик  ақындарына  бауыр  басады. 
Медресенің  үшінші  жылында  Абай  Семей  қаласындағы  “Приходская 
школаға”  да  қосымша  түсіп,  орысша  сауатын  аша  бастайды.  Бірақ  бұл 
оқуын  әрі  жалғастыра  алмай,  небәрі  3  жылдан  соң  оның  мұсылманша  да, 
орысша  да  оқуы  аяқталады.  Сөйтіп  13  жастағы  Абай  ел  ісіне  араласады. 
Абай  әке  қасында  болған  жылдарда  атқамінер  би-болыстардың  қулық-
сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодалдық қатынастардың 
кереғар қайшылықтары кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, 
аштық  пен  жалаңаштықты,  патриархалдық,  кертартпа  салт-сана,  әдет-
ғұрып заңдарының залалдарынын айқын түсінді.  
     Ақын  саяси  қызметі  үшін  1870  жылдары  Петербургтен  Семейге 
айдалып  келген  Михаэлиспен  ,  80-жылдарда  орыс  демократтары  Н.  И. 
Долгополов,  А.  А.Леонтьевпен  танысады.  Бұл  озық  ойлы  азаматтардың 
Абайдың  саяси-әлеуметтік  көзқарасына  игі  ықпалы  тигізгені  сөзсіз.  Бірақ 
Абай  Құнанбаев  орыс  мәдениетімен,  әдебиетіменен,  демократтық 
көзқарастарымен  осы  кісілер  арқылы  деу  ағат  айтқандық  болар  еді.  Бұл 
тұста М. О. Әуезовтің “Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мәдениетін 
мол,  терең  тани  бастаған  Абай  озғын  ойды  бұлардан  үйренбейді. 
Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, 
Некрасовтардың  мұраларын  оқып,  кең,  терең  тәрбие  алды.  Абайдың 
классик  ақын  болған  маңызын,  әлеуметтік  көзқарасын  тек  Михаэлис 
әсерінен  деп  қойсақ,  әрі  Абайға,  әрі  орыс  халқының  ұлы  мұрасына  және 
ұлы  даналарына  қиянат  сөз  айтқан  болар  едік  ”  деген  тұжырымын 
келтірсек  те  жеткілікті.  Абай  осылайша  Европаның  Гете,  Байрон  сияқты 
ақындарын,  Спенсер,  Спиноза,  Льюис,  Дарвин,  Дрепер  сынды 
ғұламаларының туындыларын оқыды

 
 
 
Берілген мәтінге біртұтас жоспар құрыңыз. 
1.
 
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы. 
2.
 
Ұлы ақын туралы ойлар. 
3.
 
Абай поэзиясы. 
4.
 
Абайдың ұлылығын танытатын өлеңдер. 
 
Айтылым. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
 
Абай кім? 

 
67 
2.
 
Абай поэзиясында нені көрсете білді? 
3.
 
Абай жас  кезінде әкесінің қасында  жүріп нені тани түседі? 
4.
 
Абайдың  ұлылығын неден көруге болады? 
 
 
Жазылым.  
1-тапсырма. Лексикалық қорды меңгеріңіз, берілген жаңа сөздер мен 
сөз тіркестерін оқып танысыңыз. Сөздермен сөйлем құраңыз. 
 
   Мұра,  ақын,  әдебиет,  парасат,  ой-сана,  түп  тамыры,  қуаттылық,  дарын, 
даналық, өркендеу, жаңаша, адамгершілік, талаптық, мінез-құлық. 
 
 2-тапсырма. 
Екі 
бағанда 
берілген 
сөздерден 
мағыналық 
үйлесімділігіне қарай сөз тіркесін құраңыз. Жазыңыз. 
 
         Ақылды                                        адам 
         Төңіректегі                                   жарамды 
         Ақылдың                                      іс 
         Дүниеге                                        нәрсе 
         Орынды                                        қараушылар 
         Есті                                               көзі 
          Бағасыз                                        кісі 
 
 3-тапсырма.   Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын 
жалғаңыз. 
       Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы 
туындылары  дүние  жүзі  поэзиясы...  озық  үлгілері...  деңгейлес  тұрғаны- 
білген  адам...  айқын  шындық.  Ұлы  ақын...  заман  туғызады  дейміз.  Бір 
дәуір...,  тіпті  бір  орта...  өмір  сүрген  ақындар...  да  суреткерлік  деңгейі, 
ақыл-парасаты...  көтерілген  биігі  әркелкі  болады.  Ақын...  өз  заманы..., 
қоғам өмірі... қатынас-байланысы, жалпы дүние-болмыс... алатын әсерлері 
сан  алуан.  О...  бірнеше  жағдайларға  меншіктеу...,  бір  жақты,  тар  көлем... 
түсіну... болмайды. Басты мәселе-  Абай халық... түбегейлі мүддесі, арман-
тілектерін  қаншалықты  терең  ұғып-түсініп,  қандай  ойшылдық  деңгей..., 
қандай көркемдік қуаттылық... айтып жеткізе алғандығында. 
 
Айтылым.  
4-тапсырма. Берілген жоспарға сүйеніп, мәтін құрастырыңыз. 
          Жоспар: 
1.
 
Ақылды және ақылсыз кісі. 
2.
 
Есті адамның қылығы. 
3.
 
Мастық қылықтың азабы. 
4.
 
Өзіңе есеп беріп үйренудің пайдасы 

 
68 
 
Тыңдалым.  
Абай айтқан даналық сөздерін оқыңыз. Түсініңіз. Жаттап алыңыз.  
 
          Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екінші 
ұстазынан,     үшіншісі құрбысынан. 
          Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік. 
          Наданға қадірсіз қайран тіл, қайран сөз. 
          Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды, амалдың тілін 
алса, жүрек   ұмыт қалады. 
  
  Айтылым.  Абай  Құнанбайұлы  туралы  тақырыптар  төңірегінде  мәлімет 
жинақтап,  «Ана  тілі»  газетіне  жіберетін  мақала  үлгісін  дайындаңыз. 
Дайындаған  жұмысыңызды  мәнерлеп  оқыңыз,  көпшілік  алдына  шығуға 
дағдыланыңыз.  
 
 
Жазылым.  
5-  тапсырма.  Берілген  сөйлемдерді  оқып,  жақшаның  ішіндегі 
синонимдерді  мәтіннің  мазмұнына  лайықтысын  алып,  көшіріп 
жазыңыз. Неге сол синонимді алғаныңызды дәлелдеңіз.  
        Абай  Құнанбаев-  ұлы  ақын,  философ,  ағартушы,  композитор.  Оның 
әкесі  Құнанбай  Абайдың  (өзге  балаларынан,  сәбилерінен,  перзенттерінен) 
ерекше  (зеректігін,  оқымыстылығын,  білімпаздығын)  ерте  сезіп,  оны  әрі 
қарай  оқытпай  қайтарып  алып,  ел  ісіне  араласуға  баулиды.  Сөйтіп,  13 
жастағы  Абай  әке  ықпалымен  (әкімшілік-билік,  бұйрықтық,  мемлекеттік) 
жұмыстарына  араласады.  Ол  әке  (қасында,  маңында,  жанында)  болған 
жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты 
тани  түседі.  Патша  үкіметінің  отаршылдық  саясаты  мен  парақор  орыс 
әкімдерінің,  жергілікті  жарамсақ  болыс  әрекеттерінің  халық  тағдырына 
кеселді,  зияндылығын  айқын  түсініп,  соған  қарсы  батыл  қимылдар 
жасаған.  Алайда  оның  (діңгегі,  тамыры,  бұтағы,  жапырағы)  тереңде 
жатқанын,  отарлау  жүйесінің  бел  алып,  елдің  құрсауда  қалғанын  сезіп 
күйзелген. 
 
 6-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз. 
          Балаға  мінез  үш  адамнан  жұғады,  біріншісі  ата-анасынан,  екінші 
ұстазынан,  үшіншісі  құрбысынан.      Егерде  есті  кісілердің  қатарында 
болғың  келсе,  күніне  бір  мәрте,  болмаса  жұмасында  бір,  ең  болмаса, 
айында, өзіңнен есеп ал! 
7-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.  
1.  Абай  -  қазақ  халқының  (великий  поэт,  композитор,  основоположник 
казахской  письменной  литературы).  2.  Абай  1845  жылы  (в 

 
69 
Семипалатинской  области)  туған.  3.  Абайдың  әкесі  (очень  строгий 
человек)  болса,  шешесі  (добрый,  с  мягким  характером,  красноречивый 
человек) болды. 4. Әжесі Зере мен шешесі Ұлжан (сказки, легенды) айтып, 
Абайды (воспитывали). 5. Абай 9 жасынан (в религиозной школе) оқыды. 
6.  Абай  орыс  тілін  үйреніп,  (произведения  Пушкина,  Лермонтова, 
Крылова) оқып, (перевел на казахский язык). 7. Абай өз шығармаларында 
болыс-билерді  (сильно  критиковал).  8.  Абай  1904  жылы  (умер).  9.  Абай 
өлгеннен  кейін  оның  өлеңдері  1909  жылы  Петербургте  (стихи  казахского 
поэта  Ибрагима  Кунанбаева)  деген  атпен  кітап  болып  шықты.  10.  Абай 
шығармалары (в советскую эпоху) көп данамен әлденеше рет (выходили в 
свет).  11.  Қазақтың  ұлы  жазушысы  М.  Әуезов  (свой роман-эпопею  «Путь 
Абая») осы ақын өміріне (посвятил).  
8  -тапсырма.  Кестенің  сол  жағындағы  сұрақтарды  аударып 
жолдасыңызға  қойыңыз.  Жолдасыңыз  оң  жақ  бағандағы  сөздерді 
пайдаланып жауап берсін.  
1. Когда и где родился Абай?  
1. 1845 жылы, Семей облысы, Абай 
ауданы;  
2. Каким человеком был отец Абая?   2. өте қатал адам;  
З. Каким человеком была его мать?   3. қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге 
бай;  
4. Кто воспитывал Абая?  
4. әжесі Зере, шешесі Ұлжан;  
5. Где учился Абай?  
5. діни мектепте;  
6. Что старался изучать Абай?  
6. орыс тілін;  
7. Чьи произведения он читал и 
переводил на казахский язык?  
7. Пушкиннің, Лермонтовтың, 
Крыловтың шығармаларын;  
8. В каких произведениях Абай 
критикует волостных и 
правителей? 
8. «Болыс болдым мінекей» , «Сегіз 
аяқ», «Интернатта оқып жүр» 
деген өлеңдерінде;  
9. Когда были изданы его 
произведения?  
9. Абай қайтыс болғаннан кейін -
1909 жылы Петербургте;  
10. Кому посвятил М. Ауэзов свой 
роман-эпопею «Путь Абая»?  
10. Абайдың өміріне;  
11. Чьим именем названы школы, 
улицы, город и район?  
11. Абайдың есімімен;  
12. Кем является Абай?  
12. Қазақ халқының ұлы ақыны
композиторы және жазба 
әдебиетінің негізін қалаушы.  
 
 
 
 

 
70 
Тақырыпқа байланысты басым сөздер 
Менің Отаным - Қазақстан 
қоғам – общество 
адамзат өркениеті – процветающее человечество 
үміт артары – надеяться (быть в надежде) 
күтілетін үміт – ожидаемая надежда  
үкілі үміт күту – ожидать светлую  надежду  
ұлттық әлеуеті – национальный потенциал 
жарқын болашақ – светлое будущее 
жұмыспен қамту – обеспечить работой 
аса құнды идея – очень ценная идея 
баға жетпес байлық – неоценимое богатство 
егеменді ел- независимая страна 
дамыған ел- развитая страна 
біртұтас-целый 
құқықтық-правовой 
зайырлы-светский 
ұлтжандылық-патриотизм 
ұлтаралық қарым-қатынас тілі- язык межнационального общения 
мемлекет басшысы-глава государства 
мызғымастық-неприкосновенность 
бостандық нышаны-символ свободы 
жаһандық-мировой 
байтақ дала-широкая степь 
жаңару –обновляться 
табиғат-природа 
орман-лес 
тоғай-роща 
пайдалы қазбалар-полезные ископаемые 
астық-зерно 
жер қойнауы-недра 
бидай- пшеница 
сұлы-овес 
тары-просо 
қалайы-олово 
қорғасын-свинец 
мыс-медь 
 
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
атқарушы билік –исполнительная власть 
жүзеге асырады- осуществляет 
басшылық жасайды - руководствуется 
мақұлдау - одобрить 
қорғаныс – защита, оборона 
қабілеті- способность 

 
71 
қауіпсіздік-безопасность 
негізгі бағыттарын әзірлейді- готовит основные направления 
бюджеттің  атқарылуын  қамтамасыз  етеді  –  обеспечивает  исполнения 
бюджета 
Үкіметке  сенім  туралы  мәселе  қояды  –ставит  вопрос  о  доверии 
Правительству 
мәлімдейді – докладывает 
өкілеттігі  тоқтатылғанын  білдіреді-  означает  о  приостановлении 
полномочия 
       
Қазақстан Республикасының Президенті 
мемлекеттің басшысы – глава государства 
бағыттарын айқындайтын – определяющий направления 
жоғары лауазымды тұлға –  высшее должностное лицо 
халық пен мемлекеттік билік бірлігі -  единство народа и государственной 
власти 
адал қызмет ету – служить честно 
азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  кепілдік  беру  –  дать 
гарантию         на свободу и права граждан  
оның  құзіреттілігі  арнайы  тараумен  анықталады-  его  полномочия 
определяются специальным разделом 
оның  құзіреттілігі  конституциямен  ғана  емес,  бөлек    конституциялық 
заңмен  анықталады-
  его  статус  и  полномочия  определяются  не  только 
конституцией, но и отдельным конституционным законом.
 
Парламент 
заң  шығару  қызметін  жүзеге  асыру  –  обеспечивать  законодательную 
службу   
жоғары өкілді орган- высший у
полномоченный орган
 
Парламенттің өкілеттілігі -
 полномочия
  Парламента 
жаңадан сайланған – вновь избранный 
Конституцияда  көзделген  реттер  мен  тәртіп  бойынша  –  по 
предусмотренным порядкам  в   Конституции 
мерзімінен  бұрын  тоқталуы  мүмкін  –  может  быть  приостановлен  раньше 
срока 
құқықтық жағдайы – правовое состояние 
заңмен белгіленеді – устанавливается законом 
өкілдік  ететін  депутаттардан  құралады  –состоит  из  у
полномоченных 
депутатов
 
елеулі мүдделер – важные интересы 
өкілеттік мерзімі-
 срок полномочия 
мемлекет тағдыры- судьба государства
 
 
Қазақстанның экономикасы, сыртқы және ішкі саудасы. 
әлемдік кеңістік –  мировое пространство 

 
72 
мықты енген ел – вошедшая сильная держава (страна) 
оның егемендігін  – его независимость 
танып отыр – знают (знакомы) 
жүйе құрушы ретінде – в качестве основателя   системы  
ұйымдарға мүше болды- стал членом организаций 
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы – ООН 
НАТО Ынтымақтастық Кеңесі – Совет Содружества НАТО. 
Дүниежүзілік Банк – Мировой банк 
Халықаралық валюта қоры – Фонд международной валюты. 
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – Организация экономического 
содружества 
дипломатиялық қатынастар – дипломатические отношения 
елшіліктер мен дипломатиялық миссиялар – посольства и дипломатические 
миссии 
ядролық қарусыздандыру – ядерное разоружение. 
қырып жоятын қаруларды таратпай – не распространять уничтожающее 
оружие 
бастамашы болып табылады – является начинающим  
сыртқы саясаты – внешняя политика 
жан - жақты байланыстарды дамыту – развивать всестороннее 
сотрудничество 
интеграциялық процестерді  тереңдетуге бағытталған – направлен на 
углубление  интеграционных процессов 
Еуразиялық мемлекет болғандықтан – из-за того что является Евразийским 
государством 
байланыстырушы рөлін атқарады – выполняет связывающую роль  
барлық  көрші  мемлекеттермен  тұрақты  –  стабилен  со  всеми  соседними 
государствами 
достық  қарым-қатынастар  жүйесін  орнатты  –  установил  систему 
дружеских взаимоотношений 
сыртқы саясатын ұстай отырып – сохраняя внешнюю политику 
бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті  бекіте  білді  –  сумел  утвердить  мир  и 
безопасность 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет