№1 Оқылым
Мамандық – қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы.
Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-
үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек
машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық
міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл
шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді. Мамандық - адамнан
арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-
әрекетінің түрі.
Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық көзі
болып табылатын сүйікті іс. Кез келген адам өз мамандығына құрметпен
қарайды емес пе. Мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Әлемде 40 мыңжуық әртүрлі мамандық бар, статистердің зерттеуі
бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның
12 пайызы қайтадан өз орынына қайтып оралатын көрінеді.
Сонымен
қатар, әр мамандықтың ерекшеліктері бар. Ізгі
мамандықтардың бірі мұғалімдік дер едік. Ұстаз баланы оқытып,
тәрбиелеп, елін көркитер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын
ақ халатты абзал жандар- дәрігер мамандығының ерекшелігі, олар ауырған
жанның тәнін ғана емес, ішкі жан-дүниесін де емдейді.
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Қазіргі таңда тәуелсіз
мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде, соған орай, жаңа
43
маман иелері пайда болуда. Мысалы, мұғалім, экономист, есепші, заңгер,
инженер, агроном, қаржыгер, дәрігер тағы басқа... Соңғы жылдары
экономика саласында: менеджер, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті
басқару, кеденші; ауыл шаруашылық саласында: кәсіпкер, ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіруші, биотехнолог; сонымен қатар іс
жүргізуші, саудагер, бағдарламашы, аудармашы, бизнесмен тағы басқа...
Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті,
тәжірибелі маман болу – ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі.
Маман — ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және
басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары
немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер,
геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші,
экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б. Мамандардың негізгі міндеті –
өздеріндегі арнаулы кәсіби даярлық негізінде жекелеген өндірістік,
әлеуметтік немесе басқарушылық мәселелер бойынша шешімдердің
нұсқаларын, ұсыныстар әзірлеу, қорытынды жасау және орындау.
Қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді де, белгілі бір
мамандықтың өкілін де маман деп атайды. Жақсы, білікті маман дегеніміз
– білімді, білімділік жағынан жан-жақты қаруланған, өз ісін жақсы білетін
және әрқашан ізденетін, жаңашыл, сонымен қатар мемлекеттік тілді жетік
білетін адам болуы тиіс. әрине, осы аталған қасиеттермен бірге әр
маманның, (студенттің) бойында инабаттылық, сыпайылық, мәдениеттілік,
тыңғылықтылық, тиянақтылық, жауаптылық, зиялылық болуы тиіс.
Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін, алдымен
жоғары оқу орнына түсу керек. Мысалы, мұғалім, болу үшін,
пединститутта оқу керек, дәрігер болу үшін, мединститутта оқу керек, ал,
заңгер, инженер, биолог, қаржыгер, агроном болу үшін университетте оқу
керек. Сатушы, бақташы, сауыншы, үй жинаушы, еден жуушы, аула
сыпырушы, күтуші сияқты мамандық иелеріне оқудың қажеті жоқ. Қазіргі
кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетші, экономист,
кеденші, ұщқыш, мұнайшы, бағдарламашы мамандықтары жоғары сатылы
және оларға сұраныс көп. Жақсы маман болу үшін, біріншіден жақсы оқу
керек және өз мамандығыңды терең меңгеріп, тәжірибе жинақтау керек.
Сөйлесім. Мәтін бойынша ой алмасу.
Өмірде қандай мамандық түрлері бар? Соңғы жылдары қандай
мамандық түрлері пайда болды? Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі
болу үшін не істеу керек? Қандай мамандық иелері оқуды қажет етпейді?
Қазіргі кезде қандай мамандық иелері жоғары сатылы және қандай
мамандыққа сұраныс көп? Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?
44
Жазылым.
2 - тапсырма Мамандық атауларын қолданып, Сіз кімсіз? сұрағына
жауап беріңіз.
Үлгіі: Сіз кімсіз? Мен заңгермін.
Үлгі Сіз заңгерсіз бе? -Жоқ, мен заңгер емеспін, мен эконмиспін.
3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктік жалғау жалғап , сөздерге
көңіл бөліңіз.
Мен саясаткер... . Мен бағдарламашы... . Сіз дипломат... . Сіз
бастык..... . Сіздер тыңдаушылар.... . Олар - хатшылар... . Ол - әкім... .
Сендер қызметкерлер.... . Біз инженерлер..... . Сендер есепшілер.... .
4-тапсырма. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.
а) ой еңбегі саласы – (сфера умственного труда):
ә) өндіріс саласы – (сфера производства):
б) ауыл шаруашылық саласы – (сфера сельского хозяйства):
в) тұрмыстық қызмет көрсету саласы-(сфера обслуживания):
г) өнер саласы-(сфера искусства):
Керекті сөздер: жазушы, жұмысшы, құрылысшы, балташы, іскер, малшы,
қойшы, есепші, кенші, даяшы, тоқымашы, тілші, жүргізуші, әртіс, ғалым,
бағбан, суретші, аспаз, сауыншы, ақын, тігінші, мақташы, ұшқыш, егінші,
бояушы, теңізші, сәулетші, пошташы, жауынгер, жорналшы, әнші, зергер,
тракторшы, мүсінші, биші, орманшы, аудармашы, хатшы, филолог, сағат
шебері, экономист, металлург, инженер, геолог, телефоншы, сатушы, мал
дәрігері, агроном, дәрігер, агроном, дәрігер, балықшы, шопан, шаштараз,
қобызшы, заңгер, мұғалім, суретке түсіруші, аяқ киім жөндеуші,
домбырашы, композитор, менеджер, сырнайшы.
5-тапсырма. Жіктік жалғауын қосып жазыңыз.
1.
Мен сәулетші... . 2. Біз ауылда сауыншы... . 3. Менің нағашыларым –
малшы... . 4. Сіздер жұмысшы... . 5. Біз суретші..., олар тоқымашы... . 6.
Біздің қарындасымыз мектепте мұғалім... . 7. Менің әкем-жүргізуші... . 8.
Сен кім...? 9. Біздің достарымыз – құрылысшы... . 10. Сіз оқытушы...ба? 11.
Біз инститтута студент.. . 12. Мен сағат шебері... .
6-тапсырма. «... не істеп жүр?» деген сұраққа жауабын тауып,
айтыңыз. Сөйлемдерді дәптеріңізге жазыңыз.
Үлгі: Әнші не істеп жүр?- Әнші ән айтып жүр.
Әнші қой бағу
Есепші хаттарды, газеттерді тасу
45
Жазушы заттарды сату
Дәрігер газетке мақала жазу
Сатушы ұшақтарды ұшыру
Суретші адамдарды емдеу
Құрылысшы кітап жазу
Пошташы балаларды оқыту
Аспаз киім тігу
Аудармашы ақша санау
Ұшқыш жаңа үйлерді салу
Мұғалім материалдарды аудару
Тілші сурет айту
Қойшы ән айту
Тігінші тамақ пісіру
№2 Оқылым. Сөйлесеміз.
Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер
Ең бірінші қандай да бір мамандықты таңдауға итермелейтін
себептерді ішкі және сыртқы деп бөліп қарастырайық.
Сыртқы себептері қоршаған орта әсерлерімен: ата – аналардың,
достардың, қатарластардың пікірі, сәттілікке қол жеткізуге деген
құштарлықпен, сынаудан қорқумен байланысты.
Ішкі себептерге сен өзің жауап бересің – оларды сенің қабілеттерің,
икемдерің, әдеттерің мен мінезің, тек солар анықтайды.
1.Мотивтер тізімінің көшбасшысы – мамандықтың беделі. Бұл ойлап
қарағанда жаман мотив емес, алайда онда тығулы қақпан жатыр. Біздің
уақытымызда экономикалық және заңгер мамандықтары мәртебеге ие.
Алайда, нарықты қазір бухгалтерлердің, әсіресе жоғары білімі жоқ
бухгалтерлердің тым көп болып кеткені сезілуде. Болашақта заңгерлер мен
экономистерге сұраныс қалай болатынын тек болжауға болады. Бұдан
шығатын қорытынды – мамандық таңдау кезінде оның беделі басты фактор
болмауы тиіс; оны ескеру керек, бірақ тек қана сол факторға тірелген
дұрыс емес.
2. Мамандық таңдау кезінде мәртебелі екінші орынды жоғары жалақы
алады: кім болып жұмыс істесең де, жақсы ақша алу. Мұнда үлкен қақпан
жатыр, тек бұл мотивті басшылыққа алған кезде адамдар риясыз, кейде
заңсыз қызметтер атқарады.
3.Қалыпты жағдайда жалақының өсуі квалификацияның жоғарылауына
тікелей тәуелді. Жалақысы әуел бастан жоғары мамандықтар, әдетте,
квалификацияның жоғарылауын қарастырмайды. Бес жылдан кейін
даяшы мен бастапқы банк қызметкерінің табысы теңеседі, ал бірнеше жыл
өткен соң – банк қызметкерінің табысы да даяшының табысын әлдеқайда
артқа тастайды.
46
4. Мамандықтың өзіне деген қызығушылық, яғни оны таңдаудың ішкі
себебі өкінішке орай төртінші орынды қанағат тұтты. Кімнің жұмысы өзіне
қуаныш сыйласа, ол іс оның сүйіктісіне айналады және жұмыс істеу де
нәтижелі, әрқашан жетілу үстінде болады. Сәтті жұмыстың ажырамас
бөлігі ретінде оның қызмет бабы бойынша жылжуы және әріптестерінің
сыйласымды қатынастары жүреді. Осылайша, бағдарламалаудың фанатына
айналған жігіт түптің түбінде жаңа бағдарламалау тілін құрастырушыға
және бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы кәсіпорынның исеіне
айналады. Оның басқарушы міндеттің сүйікті іске толығымен берілуге
уақыт қалдырмайтынына ғана өкініші болады.
5. Еңбек шарттары да қандай да бір мамандық таңдауда өзінің рөлін
атқарады. Кейде жұмыс орнын ауыстырып, еңбек шарттарын да
айтарлықтай өзгертуге болады, – кейбір мамандықтар бұған мүмкіндік
береді. Мысалы, далалық партиядағы геолог (палаткалар, тайга, тұрақты
іссапарлар) және мұнай өндіруші кәсіпорындағы инженер – геолог
лауазымындағы геолог (қала, кеңсе, ешқандай іссапар жоқ)- екеуі де бір
геологиялық факультеттің түлектері.
6.Тағы бір себеп – оқудың қолжетімділігі. Өзің тұратын қалада жоғары
білім алу – бір іс, ал жердің түбіне барып оқу – екінші мәселе. Ал егер
барлық оқу орындары жоқ кішірек қалада тұрсаң ше? Оңда Сен оқудың
қолжетімділігін
басшылыққа
алып
мамандықтар
тізімін
қысқартасың. Өкінішке орай, ЖОО – на грантқа түспей қалғандағы
оқудың қолжетімділігі жайлы айтар болсақ, онда оқудың төлемақысы
үлкен рөл атқарады. Әрине бұл мәселенің де шешімін табуға болады:
банктан несие алу, кешке жұмыс істеп, сырттай оқу бөліміне тапсыру,
бірақ қайткен күнде де қалаған мамандықтың иесі болу.
Қандай да бір мамандықты таңдаудың көптеген мотивтері түптің түбінде
қателіктерге апаратынын байқау қиынға соқпайды.
Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер
1. Мамандық таңдауға өзгермейтіндей қарау.
Кез келген қызмет саласында адамның квалификациясының өсу шамасы
бойынша жұмыстың, қызметтің ауысуы болып тұрады. Сонымен қатар ең
үлкен жетістіктерге бастапқы баспалдақтардан жақсы өткендер жетеді.
2. Мамандықтың беделі туралы пікірлер .
Мамандыққа қатысты қателіктердің бірі кейбір қоғамға пайдалы
мамандықтар ұятты, төмен саналады (мысалы, қоқыс тазалаушы).
Экономист немесе психологтың қоғамға пайдасы химик пен темір
ұстасының пайдасынан артық емес. Мамандықтың беделі Сіздің
қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізден кейін барып қана ескерілуі
тиіс. Әйтпесе “сәнді”, бірақ сізге ләззат сыйламайтын маман иесі боласыз
немесе негізгі жұмыс функцияларыңызды атқаруға жарамсыз боласыз…
3. Достарыңыздың әсер етуімен мамандық таңдау (солармен бірге болу
үшін, қалып калмас үшін) .
Біз мамандықтың киім немесе аяқ киім сияқты “ұнағанын” “мөлшері
сәйкес келетінін” таңдаймыз. Топ, қатарластарға бейімделу – сенің
47
жасындағы балалардың өте жағымды ерекшеліктері. Олар қоғамда өзіңді
ұстау нормаларын меңгеруге, “МЕН” образының және өзіндік бағаңның
қалыптасуына қажет. Сондақтан басқаларға өзіңді олармен салыстыра
отырып қара, көз жұмып олардың істерін қайталай берме. Өзіңнің олардан
айырмашылықтарың мен ортақ ұқсастықтарыңды көруге тырыс. Бұл,
мысалы Болат өрт сөндіруші (ол – тәуекелге баратын адам) мамандығына
барса, ол мамандықтың саған жарамайтынын (сен өте сақ және парасатты
адамсың) көрсетеді.
4. Қандай да бір маман иесі – адамға қатынастың мамандыққа
қатынасқа ауысуында .
Мамандықты таңдау кезінде сол қызметпен айналысатын адамның саған
ұнамайтынына емес, берілген қызметтің ерекшеліктеріне назар аудару
қажет. Әсіресе мұғалімді ұнату қауіпті (егер саған физика ұнаса, ол саған
“комплектсіз” тек физика пәні ұнайды деген сөз емес). Сондай-ақ, балалар
өздерінің кумирлерінің мамандығын аламыз деп шатасып қалады –
спортшы, саясат, журналист, әртіс. Спортшылар – бәрі ондай емес.
5. Мамандықтың сыртқы немесе басқа бір бөлігін ғана ұнату.
Актердің сахнадағы оп – оңай образының артында ауыр, күнделікті еңбек
жатыр. Ал журналисттер әрдайым телехабарларға шықпайды, олар
көбінесе басқалар хабарлайтын (телевидениедегі диктор) 10 минуттық
хабарды дайындар алдында көптеген ақпараттарды, мұрағаттарды
ақтарады, ондаған адамдармен сөйлеседі.
6. Оқу пәнін мамандықпен теңестіру немесе бұл ұғымдарды нашар
ажырату.
Ағылшын тілі деген пән бар және тілге деген қабілет керек мамандықтар
көп – аудармашы, экскурсия жетекшісі, халықаралық байланыс телефонисі
және т.б.. Сондықтан мамандық таңдау кезінде бұл пәннің әрі жағында
қандай істер мен мамандықтар жатқанын ескеру қажет. Ол үшін ең
жақсысы мамандықтар сөздігі мен профессиограммаларды ғана жаттап
алмау керек. Еңбек биржасындағы вакансиялар бар газеттерді талдау
қажет (әдетте, оларда нақты бір вакансия үшін қандай білім талап етілетіні
көрсетіледі). Мысалы, лингвистикалық білімі (мектептегі “орыс тілі мен
әдебиеті”, “шет тілі” пәндері) бар адам мұғалім болып, аудармашы болып,
редактор болып және хатшы болып жұмыс істей алады. Мамандықтың
мектеп пәндеріне қарағанда көп екенін ұмытпа. Заңгер, маркетолог,
аппаратшы болуға болады. Мамандықтар көбінесе бірнеше мектеп
пәндерімен байланысты болады (әдетте, осы мамандық бойынша ЖОО – ға
түсер кездегі емтихан пәндеріне сәйкес келеді). Мысалға, болашақ
экономистке мектепте математика да, география да ұнауы мүмкін.
7. Материалдық өндіріс саласындағы еңбек сипаты туралы ескірген
ойлар: барлық мамандықтарға, соның ішінде бірінші кезекте жұмысшы
мамандықтарға күрделі және қызықты техника енгізіледі, еңбек мәдениеті
көтеріледі (ал компьютер барлық салаларға – тіпті мал шаруашылығына да
енгізіледі).
8. Өзінің жеке қасиеттерін ажырата алмау (оған ықылассыз болу) .
48
Өз – өзіңді тануға профкеңескерлер, ата – аналар, мұғалімдер,
әріптестер көмектеседі. Психологиялық тестілер, сондай – ақ, мақалалар
және танымал психология тақырыбындағы публикациялар да пайдалы
болуы мүмкін.
9.
Мамандық таңдауда өзінің физикалық ерекшеліктерін,
кемшіліктерін, білмеу (дұрыс бағаламау) .
Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар
болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да
бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар
жатады. Компьютер мамандары көздеріне ауыртпалық түсіреді, ал
ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді…
10. Мамандық таңдау кезіндегі мәселені шешу, ойластыру кезінде
негізгі әрекеттерді, операцияларды білмеу .
Сен математикадан есеп шығарған кезде сен белгілі бір кезектілікпен
амалдарды орындайсың. Мамандықты таңдау кезінде де дәл солай ету
керек.
Таңдалған шешімге жеті қадам
1. Сәйкес мамандықтар тізімін жасау
Өзіңізге ұнайтын, жұмыс істегіңіз келетін, сәйкес келетін мамандықтар
тізімін жасаңыз.
2.
Таңдалған
мамандықтар
талаптарының
тізімін
жасау
Өзіңіздің талаптарыңыздың тізімін жасаңыз:
- таңдалатын мамандық және болашақ қызмет аясы;
- таңдалатын мамандық және өмірлік құндылықтар;
- таңдалатын мамандық және өмірлік мақсаттар;
- таңдалатын мамандық және бүгінгі өзекті мәселелер;
- таңдалатын мамандық және мамандық бойынша жұмысқа тұру;
- кәсіптік даярлықтың қажетті деңгейі;
- таңдалатын мамандық және менің қабілеттерім мен икемдерім;
- ойымдағы жұмыс сипаты мен шарттары.
3. Әрбір талаптың маңыздылығын анықтау
Барлық талаптардың қаншалықты маңызды екенін анықтаңыз. мүмкін,
ескермеуге болатын, маңызы аздау талаптар да бар шығар.
4. Әрбір сәйкес келетін мамандықтың талаптарына өзіңіздің сәйкестігіңізді
бағалау
Сіздегі мамандыққа қойылған талаптардан басқа, мамандықтың өзінің де
талаптары бар. Сіздің кәсіби сапаларыңыз дамыған ба, сіздің зияткерлік
қабілеттеріңіз,
психологиялық
ерекшеліктеріңіз,
денсаулық
жағдайларыңыз мамандықтың талаптарына сәйкес келе ме, соны талдаңыз.
5. Нәтижелерді есептеу және талдау
Барлық пункттер бойынша Саған тізімдегі қай мамандық сай келетінін
анықтау.
6. Нәтижелерді тексеру
49
Сенің ойларыңның дұрыстығына көз жеткізу үшін өз шешіміңді
достарыңмен,
ата
–
анаңмен,
мұғалімдермен,
психологпен,
профкеңесшімен талқыла.
7. Сәттілікке бастайтын негізгі тәжірибелік қадамдарды анықтау
Сонымен, Сіз шешім қабылдадыңыз, енді: Саған қай оқу орнында кәсіптік
білім ала алатыныңды, кәсіби маңызды қасиеттерді қалай дамытуға
болатынын, еңбек нарығында өзіңнің бәсекеге қабілеттілігіңді қалай ар
ттыруға болатынын анықтау маңызды.
Оқылым бойынша тапсырмалар:
1.
Мәтінге сұрақ қойыңыз.
2.
Сіз өз болашақ мамандығыңызды қалай таңдадыңыз? Осы
мамандықты таңдауға не себепші болды?
3.
Сіз мамандығыңызды таңдағанда қоршаған ортаның пікірлері
(ата-анаңыздың,
достарыңыздың,
қатарластарыңыздың
пікірі)
маңызды болды ма?
4.
Мәтінге қатысты тірек сөздерді атаңыз. Ең көп аталған
сөздерді түртіп алыңыз.
5.
Мамандықты таңдау болашаққа маңызды ма? Мағыналарын
ашып, түсіндіріңіз.
Рөлдік ойын.
Мен болашақ экономист, эколог, агроном, бағдарламашы ретінде .....
Қазақстанның дамуына қандай септігімді тигізер едім.....
Экономикалық дағдарыс (қиыншылық).
10-тақырып. Ғылым және инновациялық технология. Әлемдік білім
беру кеңістігі.
Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз:
Сөйлесім: талқылау
Сын тұрғысынан ойлау:
Тыңдалым:
Жазылым:
Оқылым: негізгі идеяларды анықтау
Грамматика:
Өз бетінше оқу дағдылары:
Талқылау
Жұптық жұмыс.
Мына сұрақтарды талқылаңыздар.
Ғылым мен технологияның адам үшін маңызы
қандай?
50
Ғылымды меңгеру міндетті ме? Не үшін қажет?
Адамдар техникалық құралдардың көмегісіз
тұра ала ма?
1-тапсырма. Мына ойды жалғастырыңыз.
Бүгінгі интернет – іскерліктің қуатты
үдеткіші, ақпараттың негізгі құралы, білім
мен ғылымның негізгі аспабына айналды.
Интернет арқылы ..........
2-тапсырма. Мына сұрақтарға
Иә
не
Жоқ
деп жауап беріңіз. Нақты
дәлелдер келтіріңіз.
Интернет адам организміне зиянды ма?
Интернет табыстың көзі ме?
Ұялы телефон мен компьютерсіз қарым-қатынас жасау мүмкін емес пе?
Оқылым.
Қазіргі таңда жаңа технологиялардың, компьютердің, оның ішінде
ғаламтордың қызметтеріне жүгінбейтін адам кемде кем. Әсіресе, түрлі
компьютерлік ойындарсыз балалар мен жасөспірімдердің күндері өтпейтін
болды. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсе
де, егізінің сыңарындай айырылар емес. Статистикалық мәліметтер
бойынша күніне интернет клубтарға 200 адамға жуық кіреді екен. Оның
дерлік көпшілігі он-он алты жас аралығындағы балалар, ең кіші
келушілердің жас шамасы бес-алты жастағы бүлдіршіндеріміз екен.
Көпшілігі үш сағат шамасына үзіліс жасамай тапжылмай отыратын
көрінеді. Әрине, адам өмірінде өте пайдалы, керекті құрал екеніне
ешкімнің дауы жоқ. Дегенмен, сол компьютердің пайдасынан гөрі зияны
көп екенін бірі білсе, бірі білмес. Мысалы, 2002 жылдың, наурыз айында 21
жасар американдық Шон Вили виртуалды EverQuest он-лайн ойынында
жеңіліске ұшырап, жүйке жүйесіне әсер еткені соншалық, өз-өзіне қол
жұмсаған. Көптеген психологтардың зерттеуіне қарағанда, компьютерлік
ойын үстінде адамның ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру
қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз
байланғандардың көпшілігі күнделікті өмірде көптеген қателіктерге бой
алдырады екен. Себебі, компьютердегі бейнелер шынайы өмірге мүлдем
ұқсамайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, аталмыш ойындардың
әсерінен қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде
дертке ұшырайтынын және әлемде компьютермен жұмыс жасайтын әрбір
екінші адам осы аурумен ауыратынын айтып отыр. Соның салдарынан
51
көптеген балалардың саусақтары пернетақта басып отырғандай қалтырап,
бас ауруы жиілеп, көздері ашып, ұйқы барысында көретін түстерінің
мазмұны өзгеріп, бір сөзбен айтқанда бала психологиясы түрлі ауруларға
шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: |