7-тақырып. Өкілдік. Сенімхат
Өкілдік пен сенімхат.
Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығында Бір адамның екінші адамның атынан жасаған мәмілелері немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мәселен сотқа арыз беру немесе талап арыз беру) тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады. Ал, басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адамды өкіл деп, оның мүддесіне мәміле жасайтын адамды – сенім білдіруші немесе өкілдік беруші деп, ал сенім білдірушінің мүдделері үшін өкіл мәміле жасайтын адамдар – үшінші жақ деп аталады.
Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасауда не оларды өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік қолданылмайды.
Өкілдік қатынастарының субьектілері: өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлғалар. Өкілдікте және өкілдің көмегімен жасалған мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі болуы қажет.
Құқық қабілеттілігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына байланысты заңды тұлға өз бетінше және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке қатысты мәмілелер жасауға құқығы жоқ сонымен қоса заңды тұлға мәміле жасау үшін өз жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау кеңесінің) рұқсатын алуға міндетті.
Сенімхат дегеніміз бұл – бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші (сенім білдірілген) адамға берген жазбаша уәкілдігі (АК-+ның 167-бабының, 1-тармағы).
Жеке жазбаша құжат – сенімхат бір жақты мәміле болып табылады. Сондықтан сенімхатқа мәміле жөніндегі заңдардың барлық ережелері қолданылады.
Сенімхат жазбаша құжат ретінде өкілдік қатынастардың қажетті элементі болып табылады. Сенімхат беру бір жақты мәміле болсада, оны біреудің және өкілдікті жүзеге асырудың негізіндегі шарт - өкілдік беруші мен өкілдің арасындағы өкілдік орнатуға келісім жатқанын мойындау қажет.
Сенімхаттың өзіне тән мынанай түрлері бар:
міндетті жазбаша;
жай жазбаша;
Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолдану мерзімі бар мәміле болып саналады. Сенімхаттың қолдану мерзімі, әдетте, сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң сенімхат берілетін ең ұзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты көрсеткен. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе, ол тұтас алғанда, сенімхаттың жарамдылығына ықпал етпегенімен, оның қолданылуын сенімхат берілген кезден бастап үш жыл мерзіммен шектейді.
Достарыңызбен бөлісу: |