|
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Атырауский инженерно-гуманитарный институт
Atyrau engineering-humanitarian institute
| ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ |
Құрастырылды
«_____» ________2017 ж.
|
Құжат №___________
|
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
«ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлімі)» пәнінен
Атырау 2019ж
1-тақырып. Азаматтық құқықтың түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі. Азаматтық құқықтың қайнар көздері
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буынының бірі болып есептеледі.
Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буынының бірі болып есептеледі.
Азаматтық құқықтың әдістері:
1-ден: азаматтық құқық диспозитивтік нормаларды кеңінен пайдаланады;
2-ден: жалпыға рқұсат етілетін реттеу әдісі;
3-ден: азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңды
мүдделері бұзылған жағдайда қалпына келтіру, келтірілген зиянды, залалды
өтемақы төлеу арқылы қорғауды қамтамассыз ету әдісі;
4-ден: азаматтық құқық жария мүддені емес, жеке мүддені қорғауды қамтамассыз ете
отырып оның мүлкін қорғау;
5-ден: тараптар сот арқылы қорғалады, осы аталғандар азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің элементтері ретінде белгіленеді;
Азаматтық құқық қайнар көздеріне:
- ҚР Конституциясы (1995ж, 30-тамыз);
ҚР Азаматтық Кодексі (жалпы және ерекшк бөлім);
Басқада нормативтік құқықтық актілер;
Азаматтық құқықтың қағидалары:
- Шарт еркіндігі қағидасы;
- Меншікке қол сұқпаушылық қағидасы;
- Тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидасы:
- Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың
құқықтарын қорғау қағидасы;
Несие берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидасы;
Азаматтық құқықтың жүйесі өзге пәдер сияқты екіге бөлінеді. Яғни жалпы және арнайы.
Жалпы жүйесіне: азаматтық-құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтың субьектілері мен обьектілері, мәмілелер, өкілдік пен сенімхат, мерзімді есептеу, талап мерзімі, меншік құқығы және өзгеде заттық құқықтар, міндеттемелік құқықтар және шарт туралы жалпы ережелер жатады;
Ерекше жүйесіне: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқық, халықаралық жеке құқық.
Достарыңызбен бөлісу: |