108
Осыдан кейін екі қолмен бірдей
өкше тарамысынан бастап
тақымға дейін бір қолмен сипап, екінші қолмен бұлшық етті қыса
ұстап, жұмсартып жоғары-төмен жылжытады. Осылай бірнеше
рет қайталайды.
Мұнда бір қолмен, қос қолмен қос шеңберлі
жұмсарту әдістерін қолданады.
Өкше тарамысынан екі саусақпен шымши ұстап ысқылайды.
Жіліншіктің алдыңғы
еттеріне массаж жасағанда, алғашқы
қалыпта тізені бүге ұстап, алақанмен аяқтың ұшынан тізеге дейін
екі қолмен алма кезек сипап шығады. Жұдырық пен саусақтың
ұшы алақанның білезік тірегімен ысқылайды. Массаждың ақы-
рында алды-артымен толығымен сипап шығады.
Аяқтың ұшына массажды отырып жасайды. Үстін
бір не
екі қолмен массаждайды. Мұнда сипау,
ысқылау тәсілдері ғана
қолданады. Ал табанды қолдың сыртымен,
жұмылған жұды-
рықпен тырма секілді ысқылайды. Екі қырын қысқаш секіл-
дендіріп ұстап сипайды. Сыдыра ысқылауды да қолданады. Ең
соңында үздікіз және үзіліспен дірілдету, қозғау, шапалақтау, тә-
сілдерін қолданады. Аяқ саусақтарына масссаж жасау үшін бір
қолмен аяқтың басын тіреп отырады, ал екінші қолмен саусақты
жеке-жеке сипап, ысқылап шығады.
Кеудеге массаж жасау. Оны түрегеп тұрып, отырып не жатқан
бойда орындауға болады. Орындыққа
отырып аяқты айқастырып
бірінің үстіне бірін қояды, ал қолды үстелге созып жібереді.
Екінші қолдың алақанымен төстен
қолтық астына дейін сипап
алып, артынан қапсыра ұстап жұмсартады. Ал қабырға аралық
бұлшық еттерді саусақтардың ұшымен ысқылайды.
Осылай оң
жақ кеудені сол қолмен, сол жақ
кеудені оң қолмен массаждап
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: