Р. Б. Лесбекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Қарынға ( ішке ) массаж жасау



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата22.12.2022
өлшемі4,81 Mb.
#58970
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Қарынға ( ішке ) массаж жасау. Шалқая орындыққа оты-
рып не тізені бүгіп жатқанда ішке массаж жасау қолайлы. Оң 
қолды іштің төменгі жағына қойып, оның саусақтарының үстіне 
сол қолды қояды. Осындай сәл салмақ түсіріп кіндіктің айнала-
сына шеңбер жасап, оны біртіндеп тарылта отырып сипайды. 
Одан соң саусақтарды батырып жұмсақ еттерді сағат тілінің 
бағытымен жұмсартады. Екі қолмен бірдей салмақты арттырып, 
уқалай отырып жұмсарту да өте пайдалы. Одан кейін екі қолмен 
бұлшық етті көлденең және ұзынынан жұмсартады және қолдың 


қырымен соққылап «шапқылайды». Өз-өзіне жасалған массаж 
алақанмен бір-екі сипап алып, диафрагма бойынша терең деп 
алумен аяқталады.
Қолға массаж жасау. Массаж жасайтын қолды үстелге қойып, 
алдымен бір жағын, содан кейін екінші жағын, содан кейін екінші 
жағын, қолдың ұшын шынтаққа дейін, одан иыққа дейін сипау, 
ысқылау, жұмсарту, дірілдету тәсілдерін қолдана отырып массаж-
дайды.
Әр саусақты жеке ысқылайды (түзу, шеңбер жасай, штопор 
тәрізді).
Буындарға баса назар аударылады. Олар төр саусақтың ұшы-
мен не бас бармақпен, алақанмен сипап артынан қыздыра ыс-
қылайды. Осыдан соң бәрін бір-ақ сипап шығады. Мұнда бас бар-
мақ қолдың іш жағынан, ал төрт саусақ сырт жағынан жылжиды.
Адам өз-өзіне массаж жасағанда жалпы жағдайын ескеру ке-
рек. Ыстығы көтерілсе, не теріде бөрткен байқалса, қан қысым 
шамадан тыс жоғарылап кетсе, көк тамырлары кеңігенде массаж 
жасауға болмайды.
Өзіне массаж жасау кейбір ауруларда өте пайдалы. Мәселен, 
ішкі массаж жасау бұлшық еттерді шынықтырып, жетілдіріп қана 
қоймай іштің қызметін арттырады. Іш қатып қалғанда қолды 
терең батырып, екпінді түрде жасайды, ал керісінше іш қатты 
бұрап ауырса, онда сол ауырғанын басу үшін жайлап сипайды. 
Созылмалы ауруға асқынбаған кезінде ғана массаж жасала ды. 
Массаж дене тәрбиесінің алдында жасалғаны дұрыс. 
Массаждың қандай түрлеріне де дәрігердің нұсқауы, бақы-
лауы керек. Оның ұзақтығын, мөлшерін анықтайды.


110


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет