ҚР банкаралық есеп айырысудың ерекшеліктері



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі364,97 Kb.
#48221
1   2   3   4
Байланысты:
5 апта төлем жүйесі срс

Қазіргі уақытта ҚБЕО-ның ең алдыңғы қатарлы коммуникациялық құрал-жабдықтары бар, төлем жүйелерін пайдаланушыларға байланыс арналарының барлық түрлерін: коммутацияланған, бөлек, Интернет, Х.25, DialNet желілерін ұсынады және арналарды пайдаланушылардың өздері таңдайды. БТЖ-де МТ100 және МТ102 электрондық хабарламалар форматтары (SWIFT сияқты форматтар) ғана пайдаланылады. БТЖ пайдаланушылары БААЖ-ға арналған бірыңғай терминалды пайдаланады.

1995-1996 жылдары ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруда Алматы клиринг палатасы және Ұлттық Банктің облыстық филиалдарының жанында құрылған аймақтық клиринг палаталары маңызды рөл атқарды. Бұл клиринг палаталары жан-жақты өзара есепке алу әдісі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың әр түрлі әдістерін, атап айтқанда, дебеттік және кредиттік шектеулерді, кезектер жүйесін қолдана отырып жұмыс істеді. Сонымен бірге бұл жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің сол күннің аяғында қағаз тасымалдаушыларда төлем тапсырмаларын алмасу қажеттігі болды. Бұл жағдай тәжірибенің және «электронды төлем тапсырмасы» деген нормативтік бекітілген ұғымның болмауына байланысты еді.

  • 1995-1996 жылдары ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыруда Алматы клиринг палатасы және Ұлттық Банктің облыстық филиалдарының жанында құрылған аймақтық клиринг палаталары маңызды рөл атқарды. Бұл клиринг палаталары жан-жақты өзара есепке алу әдісі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқарудың әр түрлі әдістерін, атап айтқанда, дебеттік және кредиттік шектеулерді, кезектер жүйесін қолдана отырып жұмыс істеді. Сонымен бірге бұл жүйенің кемшілігі қатысушы банктердің сол күннің аяғында қағаз тасымалдаушыларда төлем тапсырмаларын алмасу қажеттігі болды. Бұл жағдай тәжірибенің және «электронды төлем тапсырмасы» деген нормативтік бекітілген ұғымның болмауына байланысты еді.
  • 1996 жылдан бастап Алматы клиринг палатасы Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) – шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік кәсіпорын болып қайта құрылды, оның құрылтайшысы және уәкілетті органы Ұлттық Банк болып табылады. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, қазіргі заманғы жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қағаз тасымалдаушылармен растауды қажет етпейтін электрондық төлем тапсырмаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • Алматы клиринг палатасы (бұдан әрі - ҚБЕО) БТЖ қызметін 1996 жылдан бері жүзеге асырып келеді, бұдан кейін ҚБЕО 1999 жылы жаңа клиринг жүйесін іске қосты. Жаңа жүйеде қатысушылар валюталау күнімен жұмыс істеуге, түпкілікті есеп айырысу уақытына дейін төлемдерді қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет