Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(лат. additives – қосылатын



бет13/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267
АДДИТИВТІЛІК (лат. additives – қосылатын) – бүтін объектіні сипаттайтын шаманың мәні, осы объектіні кез келген әдіспен бөлшектеген кездегі жеке бөліктерді сипаттайтын шамалар мәндерінің қосындысына тең болатын қасиетті білдіретін ұғым. Мысалы, бүтін дененің көлемі оны құрайтын жеке бөліктер көлемдерінің қосындысына тең болса, ондай шама А. көлем болады. Сондай-ақ мұндай шамаларға сызықтың ұзындығы, беттің ауданы, физикалық дененің массасы т.б. жатады.
Әдебиет: Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.
АДОРНО, Теодор (Людвиг Визенгрунд) – 1903 жылы 11 қыркүйекте германияның майндағы Франкфурт қаласында дүниеге келіп, 1969 жылы 6 тамызда Швейцарияның Виспасында өмірден өткен еврей текті неміс философы әрі психологы, франкфурттық мектеп өкілі, мәдениеттанушы, өнер (солшыл) социологы. Жастайынан музыкатанумен айналысып, И.Г. Гете атындағы Франкфурт университетінде оқып, 1931 жылдан осында дәріс берді. 1934 жылы Ұлыбританияға, 1938 жылы АҚШ-на эмиграция жасап, 1949 жылы Майндағы Франкфуртқа қайта оралды.
А-ның философиялық ұстанымы өткен заман мен қазіргі заманның маңызды ілімдерімен пікірталас барысында қалыптасты: мысалы, Гуссерльмен (А-ның диссертациясы соған арналды), Къеркегормен (1933 жылы ол туралы кітабы шықты), Гегельмен (оның диадектикасын Адорно мейлінше кең, эстетикалық, эклектикалық түрде қабылдады) және т.б. XIX-XX ғасырлар аралығындағы философиялық ілімдермен пікір таластырды. А-ға Ницшенің, Зиммельдің, Бергсонның, С. Георг мектебінің және басқаларының ықпалы болды, бірақ қандай типтегі болмасын философиялық ойды немесе көркем шығармашылықты Адорно мәдени сын тұрғысынан қарап, оларды белгілі бір тарихи сәтті бейнелейтін бейсаналы әлеуметтік импульске теңгерді. Сол себепті де ол ойлаудың, соның ішінде «жалған идеология» түріндегі көркем ойлаудың да логикалық түрде аяқталған, соңғы нәтижесін қабылдамады. А-ның шығармашылығында музыка үлкен рөл ойнайды. 1940-шы жылдары ол Г.Эйслердің «Фильмге арналған музыка туындысы» атты кітабының жалпы мәдени-сыни бөлімін жазды, «Доктор Фаустус» романын жазу барысында Томас Маннға философия мен музыка тарихы жөнінен кеңес берді, 1949 жылы ойлаудың диалектикалық және әлеуметтанулық барысы көрініс тапқан «Жаңа музыканың философиясы» атты еңбегін жазды.

АЖАЛ (араб. әджал – белгіленген уақыт, мөлшерлі мерзім) – адамға фәни дүниедегі белгіленіп берілген мөлшерлі уақыты аяқталғасын, бұл дүниеден өту мерзімін білдіретін діни-теологиялық ұғым. А. ұғымының түпнегізі Құран Кәрімде (3:145), Алла Тағаланың құдіретімен белгіленіп қойылған деген түсінікті береді. А. – Шәкәрім шығарм-ндағы кездесетін тірек ұғымдардың бірі. «Мұсылмандық шарты» еңбегінің «Ажал туралы» бөлімінде А. ұғымын таратып айтады. Осы еңбегінде, Құран Кәрімнен және Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтіріп, кеңінен түсіндіріп келеді де, өз ойын: «шайх Сағди айтқан: «Кісі ажалсыз өлмейді, Өйтсе де ажалсыз өлмеймін деп айдаһардың аузына кірме деген» деп түйіндейді. Шәкәрім өзінің көркем философиясында А. ұғымына кең өріс береді. Поэзиялық шығармаларының шарықтау шегінде, шешімді сәттерінде А. ұғымын Алла Тағала, асық (ғашық), тағдыр, сөз құдіреті т.б. ұғымдармен астастыра береді. «Қалқаман-Мамыр» поэмасында «Қош, Баба бата бер! – деп түрегелді, – А, құдай, сақтай көр! – деп бата берді. Жөнелді күрең атпен сырылдатып, А-ға көпе-көрнеу байлап белді» және «Ат қойды құдайлап көп бозбала, А-дан қақты ғой деп хақ тағала» деген жолдарда А-ды екі рет атап, оның алғашқысында Көкенай шешімінің әділетсіздігіне тәуекелмен қарсы тұрудан хабар берсе, екінші сәтте Алла Тағаланың А-дан қорғаған құдірет күшін суреттейді. Алла Тағаланың әділеттілігі мен Көкенайдың әділетсіздігін бейнелеу арқылы, А-ды әділетті және әділетсіз ұғымдарымен астастыра теол.-философиялық контекс аясында береді. Өзінің ой-танымын, сөз құдіретінің мәңгілігін А. және өлім ұғымдарымен астастыра беретін сәттері де қуатты: «Алмаймын патшалықты берсең де, Қайтейін, өлім тартып алады, Мендағы, А. жетіп өлсем де, Ғаскерім ақ қағазда қалады», немесе «Дәл кесімді А. келіп жеткенше, Ойдан, Сөз теремін жемістей». Сөз өнерінің орнын осылай анықтау, сондай-ақ, ойдан сөз теру, оның мәңгілік ажалсыз әскер екенін айту Шәкәрімнің жаңалығы. Филос. лирикада ұғымдар суреттеліп, не бейнеленіп қана берілмейді, сол ұғымның түп мәні жайында ой толғау тән. Осы бағдарда, әділеттіні А-дан Алла Тағаланың қаққанындай, Шәкәрімнің асыққа (ғашыққа) да А-дың келмейтінін бейнелеуінде символдық мән бар: «Асыққа А. келмейді, Қандай қаза көрсе де, Көңілі жанды өлмейді, Тәні жанды өлсе де». Көңілі жанды, тәні жанды ұғымдары арқылы өмірдің, тіршіліктің субстанциялды бастауларына бойлайды. Сондай-ақ, «Дүние мен өмір», «Қош, жұртым», «Жастарға», «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» сияқты шығармаларында көтерілген ой-таным аясында А. ұғымы көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет