Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет21/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АЛЕКСАНДРИЯ МЕКТЕБІ (б.д.д. I ғ. – б.д. VI ғ.). Антика философиясындағы А. м. ғылыми әдебиеттерде екі түрлі түсіндіріледі. Бұл бір жағынан – б.д.д. І ғасырда Мысырдағы Александрия қаласында өмір сүрген Филон Александрийскийдің философиясы. Филон Александрийский стоиктік платонизмнің әдістерімен Інжілге түсіндіріме жазған ойшыл. Бұл бағыт платондық идеяларды болмыстың негізі деп санайды, дегенмен, осы мектеп идеяларды барлық әлемге жайылған және барлық жанды және жансыз заттарды жарататын шығармашылық от бейнесінде пайымдайды. Әлі де таза монотеистік әдістерді қолдануды меңгермеген сол кездегі барлық ерте христиандық діни ілімдер стоиктік платонизмнің зор ықпалында болды. Александрия қаласынан шыққан Климент пен оның шәкірті Ориген де осы ойлау салтының өкілдері саналады. Екінші жағынан кең мағынасында – А. м-не бірінші ғасырлардағы пұтқа табынатын жаңа пифагоршылдық пен эклектикалық мектептерді және жаңа платондық дәстүрдегі барлық бағыттарды жатқызады. Егерде жаңа платоншылдық ілімдердің Римде, Сирияда, Пергамда, Александрияның өзінде де кеңінен таралғанын есерсек, онда А. м-н Филонның және 2-3 ғасырларда өмір сүрген александриялық христиан ойшылдарының философиялық мектебі деп санау қисынға келеді.

АЛЛА Ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты, барлық тіршілік иелерін жаратушы, бүкіл болмыстың түп-тірегі, барлығы оның әмірімен болады. Қасиетті Құран Кәрім А-ның адамдарға сыйлаған сөзі. Оны А. Жәбірейіл періште арқылы соңғы пайғамбар Мұхаммедке 23 жыл бойы аян-аяттар түрінде жолдап отырған. Мұсылмандық сенімде А. туралы ілім (ат-таухид) басты имандылық қағидалары болып есептеледі. Құранда, хадистерде, тәфсірлерде А. туралы арнаулы әдебиетте (кәләм) жаратушының құдіреттілігі, шексіздігі, жалғыздығы, шынайылығы, қасиеттілігі, мейірімділігі, әділдігі, рахымдылығы т.б. жөнінде көптеген сипаттамалар беріледі. Нағыз мұсылман А-ны бірден-бір жаратушы күш ретінде мойындап, өз өмірінде оның талаптарын бұлжытпай орындап отыруға міндетті. Әлемдегі рас ол болмыс. Болмыс рас болса, онда А. да рас. Абай айтқандай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет