ПЛАТОН (б.з.б. 428/427 – 348\347) – еж. гр. филос., Сократтың шәкірті, 30-дан астам филос. диалогтардың авторы («Софист «Парменид», «Теэтет», «Мемлекет» және т.б.). Сократтың, пифагоршылардың, Парменидтің және Гераклиттің ілімдерін кеңінен пайдаланды. Болмысты түсіндіру үшін заттардың денесіз формаларының өмір сүруі туралы теорияны дамытты, оларды «түрлер» немесе «идеялар» деп атап, болмысқа теңестірді. «Идеяларға» П. материя мен кеңістікке барабар етілген болмыс еместі қарама-қарсы қойды. Сезімдік дүние, П-ша «идеялар мен «материяның» туындысы, олардың арасында, екі ортада тұрады. «Идеялар мәңгілік», «аспаннан да биік» және олар пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Сезімдік заттар өзгермелі, салыстырмалы, кеңістік пен уақытқа тәуелді келеді. П. космологиясында «дүние жүзілік» туралы, психологиясында – жанның біздің денеміздің қараңғы қапасында екендігі туралы және жаңаша оның түрленуі туралы өлімге баса ден қойылды. П. таным түрлерін танылатын заттардың айырмашыылықтарына тәуелді түрде ажыратты. Шын ақиқат «түрлерді» ғана анық тануға болады. Адамның өлмес жанының идеялар дүниесі туралы есіне түсірді. Осындай танымның көзі болып табылады, бұл дүниені ол ажалды тәнге қонғанға дейін аңдиды. Сезімдік заттар мен құбылыстар туралы білім емес ықтимал «пікір» ғана болуы мүмкін. «Идеялар» мен сезімдік заттардың арасына П. пайымдық танымға түсінікті матем. обьектілерді қояды. Таным әдісі – «диалектика», П. «диалектика» деп екі жолды көрсетті, олар; ұғымдарды қортындылау сатысымен жоғары тектеріне дейін өрлеу және ең жалпы ұғымдардан барған сайын жалпылығы кеми түсетін ұғымдарға қарай құлдырау. Бұл орайда құлдырау процесі сезімдік жалқы заттарға емес, тек «түрлерге» («идеяларға») ғана қатысты. Өзінің саяси көзқарастары жөнінен П. Афины ақсүйектерінің өкілі болды. Қоғам туралы ілімде мінсіз ақсүйектік мемлекетті бейнеледі, құл еңбегі осындай мемлекеттің алғы шарты болып табылды. («Заңдар»); мемлекетті «философтар» басқарады. Оны «сақшылар» яғни «жауынгерлер» қорғайды; ерікті азаматтардың осы екі деңгейінен төмен тұрғандар – «қолөнершілер». Маркстің сөздеріне қарағанда, П-ның утопиясы Египеттің касталық құрылысын Афиныда әспеттеушілер болды. Маркс сондай-ақ П-ның грек «полисінің» («мемлекет. қалалардың») құрылуындағы еңбек бөлінісінің рөлін кемеңгерлікпен түсінгенін де атап өтті. П. ілімі философияның кейінгі эволюциясында көрнекті рөл атқарды.
ПОЛИТЕИЗМ(poly – көп, theos – құдай) – көп құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну. П. архаикалық қоғамдарда рухтарға, пір-перілерге табыну негізінде пайда болды. П-де тылысым дүние құдайлардың иерархиясы ретінде көрініс табады. Әрбір құдайдың жеке билігі, өз атауы, кескін-келбеті бар. Олар қоғам мен табиғаттың белгілі бір саласына үстемдік етеді. Пантеонның басында жоғарғы құдай, немесе бірнеше құдайлар тұрады. П. басқа халықтардың құдайларын танудан бас тартпайды. П. ритуалында храмдар маңына топтасқан абыздар басты рөл атқарады. Ежелгі түркілерде, мысырлықтардың, гректердің, римдіктердің т.б. сол сияқты қазіргі Үнді мен Жапонияның діндері осындай сипатта.
ПОППЕР Карл Раймунд– ағылшын философы және социологы. Оның іліміне сай білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір – бірімен тығыз байланыста болады. Кез-келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ол ғылымда кез-келген тұжырымды теріске шығаруды білдіретін «фальсификация» (жалған деп тану) ұғымын енгізеді. Ғылыми білімнің дамуы батыл гипотезаларды ұсынып және оларды жоққа шығаруды жүзеге асырудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында П. марксизмді сынға алады, ол қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарады. П-дің идеалы «Ашық қоғам». «Ашық қоғам және оның жаулары» (1945) атты еңбегінде ол ашық және жабық қоғамдарды қарастырады. Алғашқы қоғам типіне батыс демократиясын, ал екіншісіне социалистік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапкерсіздік, идеялық догматизм тән. Оның пікірінше, бұл «трайбалисттік», яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстық тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. «Ашық қоғам» мүшелеріне рационалисттік бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатқа сай, саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Алайда батыс демократиясында оларды «ашық қоғам» деп санауға кедергі келтіретін кемшіліктері бар. Оның пікірінше «қоғамның өз еркі мен даму идеясы – қоғам физикалық зат сияқты белгілі бағытта, белгіленген жолмен дамиды деу таза холистік адасушылық».