Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет216/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

СЕНІМ білімге негізделмесе де белгілі бір құбылыстың ақиқаттығына илану. Мәдениет тарихында С. деп әртүрлі құбылыстар, теориялар мен ойдан шығарылған таңғажайып жағдайларды ешбір дәлелдеусіз, шындық деп қабыл алуды атайды. Табиғаттан тыс күштерге көзсіз С. кез келген діннің құрамдас бөлігі болып табылады. Күнделікті қарым-қатнаста С. деп әлі теориялық жағынан да, тәжірибе жүзінде де дәлелденбеген ғылыми болжамдарға күдіксіз қарауды айтады.


Әдебиет: Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.

СЕКУЛЯРИЗАЦИЯ (лат. saecularіs – діни емес, кәдімгі өмір тіршілігі; зайырлы) – бастапқыда діни ұйымдардың жеке меншігінің, яғни шіркеулік жерлердің және мүліктердің мемлекет тарапына өту процессін білдіретін ұғым ретінде пайдаланылып келді. Осы аталған мағынасында С. көне уақыттан бастап орын алған болатын, өйткені дін иелері мен діни ұйымдардың шектен тыс пайда тауып, баюы көптеген зайырлы билік иелеріне жағымсыз болып көрінетін. Мыс., Көне Мысырда Аменхотеп ІV перғауын (фараон) тұсында осындай процесстер орын алған. XІX ғ-дың соңынан бастап батыс әлеуметтануында С. жалпы қоғамның діни және шіркеулік институттардың құрсауынан босануы деп түсіндіріледі. Яғни С.-діни институттардың әлеуметтік функцияларын шектеу, шіркеудің мемлекеттен шеттетілуі, білім беру жүйесін шіркеуден ажырату, ақыр аяғында осы шаралардың нәтижесінде діни көзқарастарды қоғамдық санадан ығыстырып, оның орнын ғылыми дүниетаныммен толықтыруды айтады. С.-ның мағыналық синонимі десакрализация (сөзбе сөз аударсақ – қасиеттен айыру, қасиетсіздендіру).

Әдебиет: Религия и церковь в современную эпоху. М., 1976.


СЕМАНТИКА (грек. белгілеуші, білдіруші) – семиотиканың түрлі белгілік формалардың мәні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі. С-ны семиотиканың өзіндік дербес бөлігі деп қарастыру Ч.У. Морристің ізденістерімен тікелей байланысты жүзеге асты. С. мағына теориясы мен референция теориясына бөліп қарастырылады. Мағына теориясында белгінің тілдегі ұғыммен байланысы (сигнификация – белгілену) қарастырылса, референция теориясында белгінің тілден тысқары шындыққа қатынасы (десигнация, немесе референция) тұжырымдалады. Лингвистикаға С. терминін ХІХ ғ-дың соңында М. Бреаль енгізді. Ол тілдік белгілердің мағынасының тарихи даму барысындағы өзгерістерге ұшырауын зерттей келе С. ұғымын енгізуді жөн деп тапты. С-ны логиканың бір саласы деп те қарастырады. Логикалық С. ХІХ ғ-дың соңы – ХХ ғ-дың басында меңгеріле бастады. С-ның логика саласында қарастыратын басты мәселесі – жалпылогикалық ортақ ұғымдардың мағынасы қандай, ол ұғым нені түсіндіреді деген сұрақтар С. мәселелерімен Дж. С. Милль, Г. Фреге, Б.Рассел көп айналысты. Осылардың ішінде әсіресе Г. Фрегенің шығарм. ізденістері С-лық зерттеулердің биік белесі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет