Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(грек. theos – Құдай және logos – ілім, cөз



бет236/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   267
ТЕОЛОГИЯ (грек. theos – Құдай және logos – ілім, cөз) – Құдай жайлы дін ілімі. Т. ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Т. ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен Т. термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель Т. терминімен «Бірінші философияны» атап, оны құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теор. ілім деп таниды. Стоиктер Т-ның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифол. Т., философиямен байланысты физ. Т., ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси Т. Христиандықтың әр түрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен Т. арасында қарама-қайшылық жоқ. Т. жайлы аристотельдік түсінікті және нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді. Ал қайсыбір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. ХІІІ ғ-да Т. – Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Т-нің негізінде метафиз. күшке, құдіретке сенім жатқандықтан ол априорилы, яғни, тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни қағидалармен сәйкестігіне орай Т. терминін қазіргі исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Т. аянға, яғни, Құдай сөзіне (қалам) негізделіп, Жаратушы болмысын материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физ. Т., құдайлық бұйрық және ерік тұрғысынан адамгершілік моральдық принциптерді талдап, Алланың болмысын дәлелдейтін догмат. Т., Алланың барлығы мен сипаттарын тануда адам мүмкіндігінің шектеулілігін, қолданатын ұғымдарының шарттылығын дәлелдеу арқылы құдайдың барлығы мен шексіз құдіретін дәлелдеуге тырысатын негативтік Т. болып методол. тұрғыда жіктеледі.

ТЕОРИЯ (грек. theorіa – пайымдау, анықтау) – белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Т. өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логик. байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Т-ның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логик.-методол. принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Т. көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Т-ның кең көлемді теор. материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталған сипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логик. көзқарас тұрғысынан Т. өзара байланыстағы гипотетик.-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теор. қорытынды негізгі тұжырымнан (аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логик. қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемол. мәнде Т. үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылым методологиясы Т-ның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды: Т-ның теор. тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратын эмпирик. негізі; әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теор. негізі; белгілі бір логик. және методол. реттегіштер; дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теор. жүйе. Т. практик. іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығарм. тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғыл.-тех. төңкеріс заманында Т-ның практикаға қатысты ғыл.-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан, практика Т-ның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі.


ТЕОСОФИЯ (грек. theos – Құдай, sophіa – даналық, білім – құдайтану) – Құдайды сиқыр, сыр арқылы, басқа әлеммен байланысу арқылы тануға болады деп сенетін ағым. Т. шіркеу догматтарын мойындамайтын, тікелей ішкі тәжірибе, мистик. интуиция арқылы Құдайды тануға болады деп білетін көзқарас. Т. өкілдері анимизм, космология, астрологияның қағидалары мен білімдерін пайдаланып, адам санасының тылсым сырларын зерттеп, билеуге тырысады. Т. өкілдері қатарында Е.Блаватскаяны (1831 – 1891) атауға болады. Ол амер. Г.Олкотпен бірігіп, 1875 ж. Нью-Йоркте «Теософиялық қоғам» құрып, «Құпиялы доктрина» (1888), «Теософия кілті» (1889) атты кітаптар жариялады. Т-ны адамның жаны мен тәніне, табиғатқа астарлы формулаларды, буддизм, брахманизм, т.б. ағымдардағы тәсілдерді пайдалану арқылы үстемдік ету деп тануымен оккултизмнің бір түрі деуге болады. Т. схоластик. негізден ажырап, сиқыр, сыр арқылы діни сенімнің дәмін татуға бейім діндарлықтың жаңа түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет