Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет233/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   267


ТАҢБА – өзге заттың орнын толтырушы, әйгілеуші, белгілі бір хабарды сақтау, қайта өңдеу және жеткізу үшін қолданылатын зат. Егер таңбаның өзі денотат қызметін атқарса, оны қоршайтын мағыналық кеңістігі коннотат деп аталады. Т. ұғымының пайымдалуы философия, логика, лингвистика, психологияда маңызды орын алады. Т. ұғымының танымдық қасиетін таразылауға антикалық философтар көп зейін бөлген (Платон, Аристотель, стоиктер), бұл мәселемен ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. философтары да айналысқан. ХІХ-ХХ ғ. Т. туралы арнайы ғылым – семиотика пайда болды (Пирс, Моррис, Соссюр, қазіргі структуралистер). Т. табиғатын зерделеу барысында Т. пайдаланатын ерекше әлеуметтік жағдайларды анықтау өте маңызды. Ондай жағдайлар тіл мен ойдың даму барысына тығыз байланысты. Стоиктердің ілімі бойынша, таңбалардың мағынасы олардың құрылымының екіжақтылығынан көрінеді, яғни, тура қабылданатын, мағынаға ие құбылыстардың біртұтастығынан байқалады. Осы байланыстың түрлі нұсқасынан түрлі анықтамалар туындайды. 1867 ж. Ч. Пирс Т-ны үш түрге бөлген – индекстік, иконикалық, символикалық. Бұл анықтама екі қарсы бөлінуге негізделеді – нұсқаулық пен ұқсастықтың және дәйектілік пен шарттылықтың қарама қайшылығына. Индекстік (нұсқаулық) қатынаста Т-лаушы мен Т-ланушының арасында нұсқалау байланысы болуға тиіс. Иконикалық қатынаста белгілі қажетке байланысты қарапайым ұқсастық басым. Символикалық Т-да таңбалаушы мен таңбаланушы ешбір нақты байланыссыз бір біріне теліне береді. Қоғамдағы байланыс құралы ретіндегі тілдер құрамына кіретін Т-ларды қатынас Т-лары деп атайды. Соңғылар жасанды және табиғи Т-лар жүйелеріне бөлінеді. Т-лар ілімінің жасалуы үшін математикалық логика мен метаматематика аясында жүргізілетін Т-лар жүйелерінің зерттелуі өте маңызды. Осының бәріне қарамастан Т-ның қордалы концепциясын жасау мәселесі әлі шешілген жоқ.


ТАРИХТАНУ, т а р и х ф и л о с о ф и я с ы – адамзат тарихын пайымдау ілімі. Тарихи сананың шынайылығы, бағыты, даму нұсқалары жөнінде пікір қалыптастырып, тарихи дамудың әмбебап, жалпыға бірдей заңын табуға, абсолюттік мағынасын зерделеуге тырысады. Тарих мән-мағынасын түсіну үшін оның белгілі метафизикалық тұрғыдан қарастыралатын кезеңдерін табу керек. Дәстүр бойынша мұндай кезеңдер үшке бөлінеді – тарихи дамудың мағына құрастырушы мезгілін негіздейтін тарихтың басы, бүкіл ішкі заңдылығын ашатын тарихтың ақыры және осы екеуінің арасында тірлік ететін мұрагерлік нұсқалары. Т. тәсілі антикалық мәдениетте қалыптасып, еуропалық және исламдық ортағасырлық мәдениетте дамып, шарықтау шағын еуропа философиясының классикалық метафизикалық жүйелерінде, ХХ ғ-дың христиан дәстүріне жақын ағымдарда табады. Дәстүрлі шығыс мәдениеті (қытай және үнді-буддалық) адам мен дүниенің қарым-қатынасын өзгеше пайымдайды, сондықтан мол тарихи мұраға иелік еткенмен, арнайы Т. ілімін тудырмайды. Егер түркі тарихына келсек, түркі халықтарының тарихи санасы көшпенді және отырықшы тіршіліктің арақатынасына байланысты. Көшпенді түркі-моңғол халықтарының тарихына үңілсек басты мақсаты көшпенділікті сақтау болды. Егер Атилла мен Шыңғысханды еуропа халықтары Тәңірінің қамшысы десе, расында да көшпенділер араласқан тұста отырықшылардың тарихы қарқынды түрде дамыған. Көшпенділер еуропалықтардың ықпалына көнбеуімен қымбат. Азия Еуропаның өзгесі, осы өзгешелікті сақтағанда ғана түркі-монғол халықтарының мағынасы сақталады. Орталық Азия Еуропа мен Азия арасындағы көпір емес, дербес ел, өзгеше өркениет. Егер «Ой сәулесі Шығыстан» дейтін тұжырымды мойындасақ, Орталық Азия Шығыстың темірқазығы, ежелгі бастауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет